Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Мырзатай Жолдасбеков туралы деректі фильм көрерменге жол тартты

1619
Мырзатай Жолдасбеков туралы деректі фильм көрерменге жол тартты - e-history.kz
Кеше Астана қаласындағы «Думан» қонақүйінің кинозалында мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің өміріне арналған «Дүние, шіркін» атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті.

Бұл туралы «Әдебиет» порталы хабарлады. Деректі фильмнің режиссері Ілияс Ысқақов: – Мырзатай ағамыз туралы осыған дейін түсірілген деректі фильмдердің барлығында ол кісінің мемлекет үшін істеген істері, қайраткерлігі әрі дипломатиялық жұмыстары толық қамтылған. Сондықтан біз осы деректі фильмді түсіру барысында таптаурын болған дүниелерден гөрі, түрколог ғалымның балалық шағы, студенттік жылдары, ғылымға қалай келгені туралы көбірек дерек беруге тырыстық. Деректі фильмді түсіру барысындағы тағы бір басты мәселе – ешбір тұлғаға Мырзатай ағамызға баға бергізуді, пікір айтқызуды жөн көрмедік, – дейді. Деректі фильмді көруге зиялы қауым мен БАҚ өкілдері, ақын-жазушылар келді. Фильм бүгінгі қоғам қайраткерінің кешегі бала Мырзатай жайлы сағынышқа толы шақтарын баяндаумен басталады. Ғалым онда жастық шағы соғыс жылдарымен тұспа-тұс келгендіктен жоқшылықтың тауқыметін қалай тартқаны, сол тұстағы қазақ әйелдерінің төзімділігі, өз анасы туралы жылы естеліктерімен бөліскен. Жалпы деректі фильмге «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланып келе жатқан «Күндерімнің куәсі» атты күнделіктері негізгі өзек болып отыр. Деректі фильмнің шарықтау шегі Елбасының қоғам қайреткерін қабылдап: «Сіз тәуелсіздіктің алғашқы таңынан бастап әрдайым жанымда болдыңыз. Маған қолдау білдіріп, кеңесшім, Премьер-Министрдің орынбасары қызметін атқардыңыз. Мен Сізді жауапты лауазымдарға тағайындадым. Елші, университет ректоры болып, дипломаттарды тәрбиелеуге атсалыстыңыз. Белгілі ғалым, қаламгер ретінде кең танылдыңыз. Сізді 80 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтап, зор денсаулық тілеймін. Әлі де елге қызмет ете беріңіз», – деп І дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған сәтімен жалғасқан екен. Деректі фильм бүгінде ел құлағына Мейрамбек Бесбаевтың орындауында сіңіп қалған Мырзатай ағамыздың туындысы «Дүние, шікін» әнімен қортындыланыпты. Фильм аяқтаған тұста Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сұлтан Оразалин сөз алып, фильмнің бүгінгі ұрпаққа берері мол екенін, бұл істің артында қанша еңбек жатқанын айтып, түсіруші топқа ризашылығын білдірді. Әзірлеген 

Айжан ТАБАРАК

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?