Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Еуразиялық Мемлекеттер Одағы – Н. Назарбаев идеясы

3191
Еуразиялық Мемлекеттер Одағы – Н. Назарбаев идеясы - e-history.kz
Осыдан 23 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев постсоветтік мемлекеттердің жаңа бірлестігін құруды және оны Еуразиялық мемлекеттер одағы деп атауды ұсынды

Жылдам өзгеріп жатқан әлемдегі Қазақстан позициясының нығаюына септігін тигізетін халықаралық қатынастардағы заманауи тенденциялар ең өзекті мәселелерді шешуде жаңа тәсілдер табуға итермелейді. Осы ретте Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық экономикалық одақ құруға бағытталған идеясының сәтті жүзеге асырылуы дәлел бола алады.  Мемлекет Басшысы «Қазақстан – 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «біз Кедендік одақты және бірыңғай экономикалық кеңістікті нығайта береміз. Біздің жақын арадағы мақсатымыз Еуразиялық экономикалық одақ құру» деп көрсетті.

1994 жылғы наурызда Ресейге жасаған алғашқы ресми сапарында Президент Н.Ә. Назарбаев посткеңестік мемлекеттердің жаңа бірлестігін құруды және оны Еуразиялық мемлекеттер одағы деп атауды ұсынды. Алғаш рет бұл жоба 1994 жылғы 24 наурызда М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің профессор-оқытушылар құрамының жиналысында, бұдан соң Ресей астанасының іскер топтары мен шығармашылық интелегенциясы өкілдерімен Мәскеу мэриясында өткен кездесуде, сонымен қатар жетекші ресейлік газеттердің бас редакторлары мен телекомпаниялар басшыларымен өткізілген отырыста тереңірек әңгімелеген еді.

Тарихи тағдыры бір, геосаяси және экономикалық мүдделері жақын немесе ұқсас елдер мен халықтардың жаңа өміршең қоғамдастығын құру үшін қажетті құрылым ретінде Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Еуразиялық одақ құру туралы бастамасы интеграциялық үдерістерді оңтайландырудың бір нұсқасы болып табылды. Н.Ә.Назарбаев ұсынған және бүгінгі күн шындығына бейімделген идеясының түп-тамыры ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы ойшылдардың еңбектерінде ұсынылған.

Ішіндегі ең танымалдары - географ П.Н. Савицкий, филолог және мәдениеттанушы Н.С. Трубецкой, тарихшы Г.В. Вернадский, философтар мен публицисттер - Г.В. Флоровский, В.Н. Ильин, Б.Н. Ширяев, Л.П. Карсавин, сыншылар мен әдебиеттанушылар А.В. Кожевников, Д.Д. Святополк -Мирсхий, құқықтанушы Н.Н. Алексеев, шығыстанушы В.П. Никитин, жазушы В.Н. Иванов, экономист Я.Д. Садовский және басқа да көптеген ойшылдар мен зерттеушілер. ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының басындаресейлік ғалым Л.Н.Гумилев өзінің этнос, сәйкестік, еуразиялық суперэтносты құру,  еуразиялық халықтардың дамуының ерекше жағдайы туралы өз ілімінде бірқатар еуразиялық идеясына теориялық дәлел береді. Ол Ұлы Даланы мекен еткен түркі-моңғолдар мен православиелік Русьтің арасындағы сәйкестікті дәлелдеген. Бұл идея онжылдықтар өткен соң, ірі посткеңестік мемлекеттердің бірінің басшысы өз жұмысына негіз етіп алғаннан кейін, қайта жанданды. Шынайы ойлайтын саясаткер ретінде Н.Ә.Назарбаев бір ғасыр бұрын жазылған теориялық ілімнен өзінің ойынша КСРО жойылғаннан кейін елдер мен халықтардың өміршең жаңа қоғамдастығының негізі бола алады деген рационалды құрамдауыштарды бөліп ала алды.  Н.Ә.Назарбаев Лондонда сөйлеген сөзінде: «Қазақстан – еуропалық және азиаттық тамырлар тоғысып жатқан Азиядағы бірегей мемлекет. Түрлі халықтардың өкілдері сан алуандықтағы бірлікті құрап тұр. Түрлі мәдениет пен дәстүрдің үйлесімділігі бізге еуропалық және азиаттық мәдениеттің үздік жетістіктерін сіңіруге мүмкіндік береді», - деп атап өткен болатын. Бұл сұрақ бойынша даму бағытын таңдау мәселесі «Қазақстан - 2050» стратегиясында да айтылады: «Қазақстан – аз да болса, Еуропаның бөлішегі, тарихи тұрғыдан да біз батыс өркениетіне ұмтыламыз – дейді біреулер. Біз көбіне-көп азиаттық елміз, сондықтан да «жолбарыстар»: Жапония, Кореяның тәжірибесін ұстанғанымыз жөн-дейді басқалары. Біз ресейлік менталитет пен ұжымшылдық қағидаттарын терең сіңірдік, және біздің таңдауымыз Ресей таңдауымен сәйкес келуі керек дейді – үшіншілері. Бізде көбіне мұсылман дініндегі халықтар мекендейтіндіктен, жаңа түркі моделін негізге алуымыз керек дейді – төртіншілері. Қаншалықты бір-біріне қайшы болғанымен, бұлардың бәрі бір мезетте дұрыс та, бұрыс та. » Біз – өзіндік тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық елміз. Сондықтан да біздің моделіміз ешкімдікіне де ұқсамайтын болады. Ол түрлі өркениеттердің жетістіктерін бойына сіңіреді».1994 жылдың 19-21 қыркүйегі аралығында Мемлекет басшысы Алматыда өткен «Еуразиялық кеңістік: интеграциялық әлеует және оның іске асырылуы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда еуразиялық интеграция туралы баяндама жасап, бірнеше кездесулер өткізді, солардың барысында қатысушылар жобаның жағдайлары туралы түсінік алып, түрлі ұсыныстар айтып, авторға сәттілік тіледі. Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар Экономикалық интеграцияны құқықтық қамтамасыз ету институтын және Еуразиялық университет, еуразиялық экономикалық мәселелер бойынша халықтық үкіметтік емес қор құру туралы шешім қабылдады.  Конференцияда сөйлеген сөзінде Н.Назарбаев былай деді: «Елдер арасында нарықтық экономика дамуының, саяси үдерістерді демократияландыру деңгейінің айырмашылығын ескере отырып, біз ТМД қызметімен үйлесетін қосымша интеграциялық құрылым – Еуразиялық Одақ құруды ұсынамыз. Бұл ретте ТМД мемлекеттері дамуындағы интеграцияның көпнұсқалылығы, түрлі қарқындары, әртектілігі мен түрлі векторлылығы назарға алынады. Бұл ТМД-да жаңа экономикалық тәртіпті құру қажеттілігі туралы айтуға негіз болады. Мақсаты – экономикалық саясатты келісу және қатысушы мемлекеттер міндетті түрде орындауы үшін экономикалық реформаларды жүргізудің бірлескен бағдарламаларын қабылдау».

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?