Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Wheel brothers»: Қазақстан несімен Кавказды есіңе салады?

1907
«Wheel brothers»: Қазақстан несімен Кавказды есіңе салады? - e-history.kz
Мотожарыс қатысушылары мәдени үзіліс жасады. Е.Пугачевтің әйгілі музей-үйіне және Хан шоқысын көріп қайтты

Орал – «Менің Елім – Моя страна» жобасы аясында экспедиция-мотокеруен ат басын тіреген екінші қала болды. Қонақтар өз мотожарысын облыс орталығы көшелерінен бастады. Бұл жерде олар қала қонақтарымен және жергілікті журналистермен танысты. Экспедиция құрамында тоғыз адам, негізінен «Wheel brothers» клубының қатысушылары, сонымен қатар Қазақстанның батыс өңірінің байкер-қызығушылары да бар. «Wheel brothers» мотоклубының жетекшісі Олег Шмальдың айтуы бойынша, мотожарысқа батыл түрде барлауға баруға болатын әмбебап мотошабандоздар жиналған. «Экспедицияның мақсатын орындай отырып, біз үшін қарапайым тұрмыстық деңгейде тіл табысу өте қымбат, қай елді мекенге келсек те, бізді жылы шыраймен қарсы алады. Әртүрлі адамдардың бізге соншалықты қызығушылық танытатыны», – деп ой бөліседі О. Шмаль.

Байкерлер Оралда Е. Пугачевтің әйгілі музей-үйіне барды. Бұл  XVII ғасырдың тарихи және ағаш сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады, қала музейлерінің ішінде ол ерекше танымалдыққа ие. Бұл үйде 1967 жылдан бастап кітапхана болған, ал 1991 жылы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ведомствосына берілген. Бұл музейде казактардың тұрмыс-тіршілігі заттарының, қару-жарағының түпнұсқалары, зеңбіректер, тулар, патшаның бағалы сыйлықтары сақталған. Осыдан соң мотокеруен қатысушылар қала халқының сүйікті демалыс орны, Орал қаласының сәні, табиғаттың таңғажайып бұрышы – Хан шоқысына барды. Экскурсия жетекшілерінің айтуы бойынша оның пайда болуының тарихы ғасырлар қойнауына кетіп, Жәңгір ханның атымен байланыстырылады. Ол өз қол астындағыларының мәдениеті мен білімі үшін көп еңбек сіңіргендіктен, халық оны оқымысты, ілгерішіл билеуші деп атаған. Жүз елу жыл бұрын, соның бастамасы бойынша, жақындап келе жатқан құмнан қорғану үшін хан ордасының айналасына көлеңкелі орман отырғызған.  Орман отырғызғаннан басқа, хан мал жаюды және құмды нығайтатын көпжылдық тал-шіліктерді шабуға тыйым салады.  Екі арнайы қорықшы орманның сақтығын күзететін. Бұл шоқыда Е. Пугачев әскері де, Ресей тағының мұрагері ханзада Николай Александрович те серуендегендері белгілі. Қазір бұл жер тарихи ескерткіш ретінде жергілікті маңыздағы мемлекеттік қорғауға алынған.

Экскурсиядан соң экспедиция мүшелері ерекше әсерде болды. Олардың айтуларынша, өткенге саяхаттап, әркім өзі үшін жаңалық ашқан. «Хан шоқысының ортасында тұрып, өзіңді сонау Кавказ тауларында тұрғандай елестетесің. Ерекше жер, таңғажайып иіс, мен осында тағы да қуана-қуана келемін», – деді Олег Шмаль.

«Менің Елім – Моя страна» жобасы аясындағы Қазақстан қалаларына экспедиция-мотожарыс «Қазақстан 2050» Жалпыхалықтық қозғалысының бастамасымен ұйымдастырылғандығын естеріңізге сала кетеміз. «NDH» порталы ақпараттық қолдау көрсетеді. Орал қаласынан соң мотокеруен ат басын Ақтөбеге тіреп, қазіргі уақытта Қостанай қаласына жол тартты.  

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?