Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі 2005 жылы 7 қыркүйекте анықтағандай, Қазақстан Республикасы Президентін сайлау 2005 жылы 4 желтоқсанда өтті. Қазақстан Президентінің кандидаттығына: еліміздің қазіргі президенті Нұрсұлтан Назарбаев, «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының жетекшісі Жармахан Тұяқбай, «Ақ жол» Қазақстан Демократиялық партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов, Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов және «Табиғат» экологиялық ұйымының жетекшісі Мэлс Елеусізов қатысты. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 6 желтоқсандағы №54/109 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына, сайлаушылардың 91,15 % дауысын жинап, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сайлау тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенттігіне тікелей эфирде теледебаттар жүргізілді, оған Нұрсұлтан Назарбаевтан басқа барлық кандидаттар қатысты.
Бүгін тарихта
Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті жалпыхалықтық сайлауы өтті
52 жыл бұрын Павлодар педагогикалық институты ашылды