Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақтың қайсар қыздары

7400
Қазақтың қайсар қыздары - e-history.kz

«Әйел деген әдемі ғой, әдемі, Әдемілік бізге көптік етпейді» деп Мұқағали атамыз жырлағандай, әлемнің бар асылына тең нәзік жанды қазақ арулары сол әдемілікпен қоса батырлығы мен батылдығымен атағы алысқа тараған. Тарихқа көз жүгіртсек, Томирис  патшайымның ерлігі, бертіндегі Әлия мен Мәншүк, одан да бері Ляззат пен Сәбираға дейінгі де талай батыр қыздардың ерлігі ұрпаққа аңыз.  

Гаухар батыр

Шығыс Қазақстан, Үржар жерінде туған, атақты Қаракерей Қабанбай батырдың әйелі, шамамен 1700-1756 жылдары өмір сүрген, орта жүздің батыры әрі биі болған Бәсентиін Малайсары батырдың туған қарындасы. Қазақ пен қалмақ арасындағы соғыс кезінде ерлігімен ел есінде қалған әйелдердің бірі. Қабанбай мен Гаухардың тұңғыштары Назым да өзінің ерлік істерімен тарихта аты қалған.

1724 жылы жоңғарлардың әскерлері Түркістан қаласын тұтқиылдап тоқтаусыз шабуыл жасай бастайды. Қабанбайдың бас сардарлығымен жоңғарға қарсы шабуылға шықпақ болып жатқанда, Гаухар жоңғарларлардың қоршауын ерлікпен бұзып шығып, Қабанбайға жаудың жағдайы жөнінде толық мәліметтер береді. 1725 ж. әйгілі «Бұланты» жеңісі осының нәтижесі еді. Кейін Гаухар Қабанбайға өмірлік жолдас болып, уақыт өте келе «Гауһар батыр» атанады. Гаухар батырдың азан шақырып қойған аты Майсара болса керек.

Гаухар батыр жырынан үзінді

Төр жайлау арналы өзен жағасында,

Үй тігіліп үш ауыл шамасында.

Ағылып игі жақсы келіп жатты,

Елдінің бетке шығары бәрі осында.

Бақталас басталды да кетті қызып,

Жамбасы палуандардың жерді Сызып.

Жамбыны атып еш мерген түсіре алмай,

Масқара жұрт алдында болды қызық.

Тұрғанда садақшылар жерге қарап,

Ортаға шыға келді бір жас талап,

Гауһардың таңғажайып мергендігі,

Осылай ел ішіне кетті тарап.

Назым батыр

Назым батыр Қаракерей Қабанбай мен оның жары Гаухардан туған. Әкесімен бірге XVIII ғасырда қазақ-жоңғар соғысына қатысып, Отан қорғаған. Назым батырдың есімі қазірге кезеңге аңыз ретінде тараған.

Оқи отырыңыздар: Қазақ тарихындағы қалмақ қыздары 

1745 жылы жоңғар ішінде ішкі кикілжіңдер болып, осы сәтті ұтымды пайдаланған Абылай хан Түркістан мен Сыр бойындағы қалаларды азат етуді мақсат етеді. Абылай хан Жаңақорғанды алу үші Қаракерей Қабанбай батырға тапсырады. Соғыс барысында жауған оқтан көптеген қазақ сарбаздары қырылып, Абылайдың қолы еріксіз кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы кезде қазақ қолбасшылары не істерін білмей тұрғанда Назым батыр қазақ жасақтарының арасынан жау тұрған төбеге қарай  «Қабанбай! Қабанбай!» деп ұран тастап, суырылып шығады. Жауынгерге керекті не найза, не сойылы жоқ бар болғаны қамшы ұстаған қызды көрген қалың қол шыдай алмай «Абылай! Ақ жол! Қабанбай! Абылай!» деп айқайлап, зеңбірекшілерді таптап өтеді. Жоңғарларды жеңгеннен кейін, Абылай қыздың осыншама ерлігіне риза болып, оған беліндегі сом алтыннан соғылған белбеуін сыйға тартыпты. Абылайдың жоңғарларды толық талқандауына жол салған сол жеңісі Назымның атымен байланысты аталады.

Айбике ару

Ержүрек қыз Айбике қалмақ тілін өте жетік меңгерген екен. Ол Абылай ханның жау тылындағы барлаушылардың басшысы болған. Тыңшылықтың қыр-сырын жақсы меңгерген Айбике ару жаудың күші мен шапқыншылық ниеті туралы Абылай ханға, Қаракерей Қабанбай мен Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек пен Қыпшақ Тілеулі батырларға астыртын құпия хабарлар мен мәліметтерді жеткізіп отырады. Айбике арудың қол астында бірнеше тыңшы, барлаушылар болған. Оның үстіне Тарбағатай мен Алтайдың таулы өңірлерінде, Зайсан мен Марқакөл маңында кез келген уақытта атпен адаспай жол тауып жүре беретін  «жер шолғыш» қасиеті де бар екен.

Зайыбы – белгілі Бұланбай палуан. Жоңғар мемлекеті құлағаннан кейін 1757-1758 жылдар шамасында ата мекеніне оралған. 

Бопай Қасымқызы

1838-1847 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысының көсемі болған, қазақтың соңғы ханы Кенесары Қасымұлының қарындасы Бопай батырдың есімі көпшілікке мәлім. Кенесары хан құрған хандықтың ішкі-сыртқы саясатына араласып, Кенесары ханның барлық кеңестеріне қатысып отырған. Кенесары хан болса Бопайдың ақыл-кеңестерімен келісіп отырған.

Бопай өзінің күйеуі Сәмеке мен оның туыстары сұлтан Сартеке және Досан Әбілқайыровтарды да көтеріліске қатысуға шақырған екен.  1837 жылы көтеріліске шығуға қарсылық білдірген отбасын тастап, өз тағдырын көтерілісшілер тағыдырмен біржола қосады. Бопай зекет жинайтын және көтеріліске қосылмаған сұлтандардың мүлкі мен азық-түлігін тартып алатын 600 адамдық ерекше топты басқарды. Сондай-ақ ол Кенесарының ірі шайқастарына қатысқан және партизандық жорықтар жасайтын болған.

Оқи отырыңыздар: Қанатты қыз туралы 11 дерек

Ботакөз батыр 

Бөтакөз жас кезінде апасы Жапалақпен бірге жүріп, соғыс өнерін үйренеді. Тама Есет батырдың қызы. 1742 жылы Есет батыр мен Тілеулі батыр Әбілқайыр хан шақыртып, екеуі Орынборға жол тартып кетеді. Соны біліп алған жоңғарлар ауылдың жылқысын алып кету үшін шабуыл жасайды. Осы кезде Ботакөз бірден қолына қару алып, 150 сарбазбен шапқыншыларға қарсы  шығады. Осы шайқаста Ботакөз қалмақтардың қолбасшысы Қонды тайшыны атының үстінен жұлып алып, сүйретіп әкетеді. Мұны көрген қалмақтар бытырай қашып, көбі садақ оғына ұшады. Қалмақ қонтайшысы қазақ қызынан жеңіліп, керемет қорланады.

Ботакөз Есетқызының осы ерлігін растайтын құнды тарихи құжаттар Ақтөбенің облыстық мұражайында бар екен.

Бақты (Бақтықыз)

Бақты ­– Алаш Орда үкімет мүшелерінің бірі, азаттық күрескері Мұстафа Шоқайдың әжесі, Торғай датқаның бәйбішесі. Ол ХІХ ғасырдың ортасында әкесімен бірге Түркістанды жаулаушы орыс отаршыларына қарсы күресіп, жау торабын барлаушылық қызметін атқарған. Оның тапқырлықтары мен жүрек жұтқан батырлығы туралы аңыз-әңгімелер ел арасындакөп сақталған.

                                                                             Сапура батыр

Сапура батыр (Көктемір) – Ресей патшалығында шаруалар қолын басуға шыққан орыс әскерлеріне қарсы күрестің аты аңызға айналған қолбасшысы. Әйел басымен қол бастауға қымсынғандай, бір құпия тұлға «Көктемір» туралы аңызды таратады. Орыс әскерлері оның әйел екенін білмеген, тек «Көктемір» деп таныған. Олардың дереккөздерінде Пугачев көтерілісі кезінде қазақ даласында «ұстатпайтын ұстын», «көрінбейтін жан» деп аталған Сапура Мәтенқызы жұмбақ жағдайда өмірден өтеді. Көктемір Сапура қыз туралы ғалым Е. Бекмаханов «Көрінбейтін адам туралы аңыз» атты зерттеу еңбегін жазған.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?