Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның антиядролық саясаты

2587
Қазақстанның антиядролық саясаты - e-history.kz
Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады

Семей полигоны – ядролық сынақтар өткізілген Қазақстандағы аты әйгілі полигондардың бірі. Оның ядролық қаруды сынау аймағы болып құрылыпе, жабылғанға дейінгі кезеңі қырық жыл уақытты қамтиды. Осы уақыт ішінде әр түрлі ядролық қаруға 465 сынақ жүргізіліпті.

Полигон орналасатын аймақ елді-мекендерден алыста болуы арнайы таңдалып алуына қарамастан, радиация бірнеше шақырымға тарап, көп адам зардап шекті. Оның үстіне тұрғындары аз облыс қырық жылдың ішінде тұрғындары тығыз орналасқан облысқа айналды. Радиация салдарынан өлім көрсеткіші жоғарылап, ауру, түрлі патологиямен туған балалар саны артты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін полигон салу қажеттігі пісіп-жетілді. Индустриалдық дамумен қатар қорғаныс әлеуетін арттыруға да барынша күш салынды.

Семей полигонындағы жұмыс, құрылыстың басталуы, жұмысшылар персоналын ұйымдастырудың қиын жағдайда өткені соншалық, оны соғыс уақытымен салыстыруға болар еді. Жұмысшылар қатаң шарттарға қол қойып, келген хаттарда «Әскери цензурамен тексерілді» деген белгі тұрды. Қыстың қытымыр аязы да жұмыс жоспарына кедергі бола алмады. Сарбаздар мен офицерлер жиі үсікке шалынып жатты, тіпті аяқ-қолының саусақтарын кесіп алып тастаған жағдайлар да болған. Бірақ халықты халықаралық қауіп-қатерден қорғауға бағытталған КСРО-ның ядролық қалқанын тұрғызу Семей полигонының құрылысына тартылған жұмысшыларды ынталандыра түсті.

Полигон орналасатын аймақты таңдау бірнеше факторға тәуелді болды: адам тұрмайтын аймақ, аз болса да, көлік жолдарының болуы, сонымен қатар, көліктік ұшақтарға арналған ұшып-қону жолағын жасауға арналған жағдайдың болуы.  

Ядролық полигонның орналасуына арналған аймақ кем дегенде 200 шақырымды құрауы керек болды. Жоба бойынша полигон осы аймақтың түрлі нүктесінде орналасқан ғимараттардан, мықты ғылыми-техникалық базадан, өмір сүруге жағдай жасалған тұтастай инфрақұрылымды құрайтын күрделі тарамдалған жүйе болуы керек болатын.

1949 жылдың 29 тамызы тұңғыш ядролық сынақ жасалды. 1962 жылға дейін олар атмосферада өткізіліп келді. Ашық атмосферада 113 жарылыс жасалған. 1961 жылдан бастап 1989 жылға дейін жарылыстар жерастында өткізіліп келді.  

Семей полигонында тек қана ядролық сынақтар өткізіліп қана қойған жоқ, сонымен қатар жарылғыш химиялық заттарды қолданумен 175 жарылыс өткізілген. Полигонның жалпы аумағы 18 300 шақырымды құрайды.

1991 жылғы 29 тамызда Семей полигоны жабылды. Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялады. 

1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы Америка Құрама Штаттарымен және Ресей Федерациясымен бірлесіп Семей полигонын қауіпсіз күйге келтіру бойынша ғылыми-техникалық және инженерлік жұмыстарды жүргізумен айналысып келеді.

Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша  Қазақстан аумағында ядролық сынақтар жүргізу жүйесі жойылып, жаппай жою қаруын тарату мүмкіндігін азайтатын іс-шаралар өткізілді.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?