Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әлихан Бөкейхан және орман шаруашылығы

874
Әлихан Бөкейхан және орман шаруашылығы - e-history.kz

Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның өмірбаянынан хабары бар көзі қарақты, көкірегі ояу жанның оның 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтында оқып, институтты ғалым-орманшы мамандығы бойынша ойдағыдай аяқтағанын білетіні анық.

Әлихан Бөкейханның саяси  істерге араласуы осы институт қабырғасынан басталған еді, оның студент кезіндегі белсенділігі   туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда экономикалық материализм қағидаларын дем бермей қорғайтын» деп жазылған.

Санкт-Петербургтегі Орман институтын бітірген 1894 жылдың тамыз айында Ақмола облысының орталығы Омбы қаласындағы орманшылыққа  жұмысқа орналасады, әрі орман шаруашылығы училищесінде математика пәнінен сабақ береді (Ақмола облысы Александр II-нің 1868 жылғы 19 мамырдағы жарлығы бойынша 1868 жылдың 21 қазанында орталығы Омбы қаласы болып құрылған.  \Полное собрание законов Российской империи. Собрание Второе. Том XLIII. Отделение 2, стр.366\ ). 

1894 жылы Әлихан Бөкейханның  Омбы қаласындағы орыстың императорлық география қоғамының Батыс Сібір бөліміне мүше болып қабылданады да, ғылыми зерттеу жұмыстарын бастайды. Ғылыми-публистикалық мақалаларын жазып, баспасөз беттерінде үнемі жариялауы ғылыми ортаның ғана емес көпшіліктің назарын аударып география қоғамының Батыс Сібір бөлімінің Семей бөлімшесінің ашылуына ықпал етеді. Әлихан Бөкейхан ғалым Григорий Потаниннің қазақ халқының ұлттық тарихын жазғанына қызығушылық танытып соған еліктейді.

Әлихан Бөкейхан  1896 жылы Ф.А.Щербинаның Далалық өлкені зерттеу экспедициясы қатарына қабылданып 1903 жыл аралығында Семей  өңірінің жер жағдайын, халықтың тұрмыс тіршілігін зерттеп, халық пен мал санақтарын жүргізіп жинақталған деректер негізінде ғылыми сипаттамалармен мақалалар жазған. Ол тек экспедициядағы негізгі міндеттерінен бөлек халықтың қоныстану тарихы, ру тарихымен ру басылары жайлы мәліметтер жинақтап,  әр қыстау, жайлау, күзеу, жайылымдық, тебіндік, шабындық,егіндік, көш жолдары аттарын яғни жер-су атауларын толық жазады. 

Щербин экспедициясының қорытынды есептерімен сипаттамалары Әлихан Бөкейханның  2018 жылы Астана қаласында басылып шыққан 15 томдық шығармалар жинағының VI,VII,VIII томдарында жарияланған. VIII томның 251-бетінде:  « На Жақсықараөзек мы видели печь, сложенную за аулом в 100 шагах,в которой бабы аула пекли поочередно хлеб. Хотя зимовка этих киргиз  (қазақтар С.Б.)  была недалеко и они могли летом пользоваться кухонною печью на зимовке, но во избежение пожара этого не делают, а пользуются печью временно сложенною в открытой степи».

Бұл жолдар арқылы біз орманға жақын орналасқан қазақ ауылдарында бағзы заманнан орман өрті қауіпсіздігінің шарттары қатаң сақталып отырғанын байқаймыз.

 Жақсықараөзек қазіргі Бородулиха (Белағаш) бөлімшесінің Ауыл орманшылығы    аумағындағы жер атауы. 232 беттегі: 

«Қараөзек или Ремевская степь 100 лет тому назад лес Жалқарағай или Шульбинский бор и Қараөзек или Ремевская степь были совершенно свободны. Сюда зимою ходили қосы (отгонные табуны) киргиз, занимавших по ту (левую) сторону реки Ертіс»,

деп жазылған деректен бүгінде Шүлбі атанып жүрген жердің тарихи атауы Жалқарағай екенін білуге болады. Осы Жалқарағай сөзін талдап көрсек, қазақша түсіндірме сөздікте: Жал – жер бедерінің бір түрі. Ұзындығы бірнеше шақырымнан жүздеген шақырымға жетеді, деген анықтама беріліпті. Біздің  «ленточный бор» деп жүргеніміз осы  жалқарағай ғой.

Әлихан Бөкейхан қазақ даласына қоныс аударылған «қарашекпенділердің» өздері тұрақтанған жерге қожайындық қылып орман ағаштарын бейберекет отап жатқандарын, сауда көзіне айналдырғандарын Щербина экспедициясының қорытынды есептерімен сипаттамаларында жазады. 

«Лес покупают у хозяев участка. За сотню кольев для плетня платят 1р. За мелький тал для того же плетня (чаща)- по 30 коп. с воза.за жердь 5 коп., за столб для хлевов 10 коп., и бревно для матицы 25 коп.» (191 б.)

 «Арендаторы Старков и Каменский-поставщики дров на пароходнную пристань Долонь. В уплату за покос киргизы (қазақтар. С.Б.) обязаны по билету на имя упомянутых арендаторов срубить и свезти дрова на пристань за каждый рубль одну сажень дров. Вольные киргизы продают дрова тем же арендаторам по 1 руб.20 коп. и 1 руб.50 коп., а они сдают на пароход по 2 руб.50 коп. сажень» (255 б.)

Осындай көптеген мысалдарды келтіре отырып, кейіннен орман төңірегіндегі бейбастықтарды тоқтату үшін кей жерлерде түрлі шаралар қолданылғанында атап өтеді. 

«Арендаторы обязаны охранять лес участка, и в случае порубки обязаны отыскать виновника или  уплатить стоимость ея сами». (190 б.)

«Не разрешается рубить лес на арендованных участках и, наборот, вменяется в обязанность арендаторам хранить его от порубки и порчи.» (203 б.)

«За порубку сырого леса виновный должен уплатить 7 рублей. Несмотря на количество испорченного леса.» (212 б.)

    Щербина экспедициясының   есептік сипаттамасында Әлихан Бөкейхан Ертіс өзенінің сол жағалауының (XII аудан) табиғи ерекшелері туралы былай жазады:

«Лесная флора бедна. Только кое-где встречаются редкими зарослями и в одиночку береза, осина и ракитник. Кустарник более распространен; растут обычные таволга и караган,образуя местами заросли, жимолость, чилига и проч. Травяная растительность в степных местностях состоит из господствующих злаков- ковыля, кипца, жауылши и тарлау (низкорослый вид Elyinusа), отчасти разной полыни.»

/Материалы по киргизскому землепользованию. Семипалатинский уезд. 67б.\

Әлихан Бөкейханның Щербина экспедициясы құрамында болған кезіндегі жазбаларынан Бесқарағай, Белағаш (Бородулиха), Жалқарағай (Ново-Шүлбі) орман алқаптарындағы жер-су атауларының тарихи аттарын оқуға болады. 

Бесмая, Жантаймақұдық, Қосқұдық, Шегенді, Ақкөл,Көктерек, Отауқонған, Түйежарық, Уақбайалаң, Шегендіқұдық, Шой-апан, Қанымкүйген, Миялы, Өгізөлген,Кеңсуаткөл, Тұмақұдық, Күсеміс, Сымтас, Сарықамыс, Мақпал-алаң, Ұзынмия, Шоққамыс, Тайбағар, Айдаршы, Шолаққараған, Биікдөң, Жолжақсы, Қаратұмсық, Топқарағай, Ұзынжарық, Айдынқұдық, Жолбике, Ақши, Атшапқан, Байғанакөл, Байбұлақ, Балапан, Бозшы, Жалтырсор, Қарақызыл, Көгалы, Қосқарағай, Қуқамыс, Құланшы, Құрқопа, Мамырқарағай, Самай, Тайсары, Терекші, Үшқарағай, Шарықтас, Қималы, Қоқайкөл, Көктерек, Қотанқарағай, Құмдыкөл,Маралдытұмсық,Сексенкөл, Сөрелі, Шығылы, Қараоба, Сабындыкөл, Барқы, Қадыркөл,Ұялы, Ақкүшік, Қаратал, Көктас, Құртолғақ, Тобылғылы, Көктөбе, Масалыкөл, Бөрлі, Сұлама, Сарыөзек, Топансор, Жыра, Шоққайың, Мойылды, Майкөпе, Түменбай, Қаракемер, Сәукеле, Шұға т.б.

Әлихан Бөкейхан еңбектерін және ерте заманнан келе жатқан деректерге сүйене отырып жазылған жергілікті зертеуші,журналистердің мақаларын негізге ала отырып «Семей орманы» МОТР РМ мекемесіне қарасты орманшаруашылықтарына тарихи жер атаулары берілсе ата-баба аруағына жасалған құрмет, келер ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені болар еді. Морозов бөлімшесін\филиалын Бозтал, Семенов орманшылығын Қарабас, Сосновка орманшылығын Атшапқан, Долон бөлімшесін\филиалын Мамырқарағай, Грачи орманшылығын Сарқамыс, Восточный орманшылығын Көктерек, Канонер орманшылығын Қызылағаш, Глуховка орманшылығын Қаракемер, Дальний орманшылығын Байтанат, Подгородный орманшылығын Таным, Бородулиха бөлімшесін\филиалын Белағаш, Ново-Шүлбі бөлімшесін\филиалын Жалқарағай деп атаса жөн болар еді. Жалпы жер-су атауларының тарихи аттарын қайтарғанда аса мұқияттылықпен терең талдау қажет. Әйтпесе Ново-Николаевкаға өзінің тарихи атауы Балапан  емес «красиво звучить» деп Қарағай аты берілгендей, Иіржар деген атын XIX ғасырда қоныс аударушылар Пьянояр деп аударып, оны кеңес үкіметі Краснояр деп өзгертіп, егемендік алған соң Қызылжар деп «түзеткеніміздей» болып жүрер. 

Әлихан Бөкейхан өз еңбектерінде жер-су атауларына аса үлкен мән беріп, жер-су атауларының геосаяси жағдайға, ұрпақ тәрбиесіне ықпалының зор екендігін сол замандағы газеттерде жарияланған мақалаларында, Думадағы баяндамаларында айқындап отырған.

Әлихан Бөкейхан есімі Шучинск (Шортанды) қаласындағы Қазақ орман шаруашылығы ғылыми-зерттеу инстиутына берілген. Ресей Федерациясы Санкт-Петербург қаласындағы Мемлекеттік орман техникалық институтының бас ғимаратында «Мұнда 1890-1894 ж.ж. Әлихан Бөкейханов  оқыған» деген естелік тақта орнатылған.

Серікбек Болатбекұлы, өлкетанушы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?