Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Қазақстан армиясы туралы 5 жалған ақпарат

1993
Қазақстан армиясы туралы 5 жалған ақпарат - e-history.kz
e-history.kz веб-порталы Қазақстан армиясы туралы жалған ақпараттарды жоюға бел байлап отыр.

7 мамырда еліміз Отан қорғаушылар күнін атап өтеді. Күнтізбеде қызылмен белгіленген бұл күн еліміз үшін ерекше, өйткені 1992 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстан армиясының тарихы басталды. 

Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылуы бірқатар маңызды шешімдердің қабылдануын талап етті. Қазіргі кезде бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ете алатын әрі жауынгерлік қимылдарды жүргізуге қабілетті механизм. 

Бірақ шын мәнінде армиямыз туралы не білеміз? Әскери қызметкерлеріміздің өмірі мен тұрмысы туралы қоғамның өз пікірі қалыптақаны ешкімге құпия емес. Бүгінде e-history. kz веб-порталы Қазақстан армиясы туралы жалған ақпараттарды жоюға бел байлап отыр.

1. Армия материалдық жағынан аз қамтамасыз етілген

Бұл жалған.

fb8a016f172652b9f18d35f356d39ca5.jpg

Келісім-шарт бойынша әскери қызметін өтеп жүретін әскери қызметкерлердің жалақысы ешқандай сұрақ тудырмайды. Ал әскери борышын өтеуге шақырылғандардың жағдайлары қалай? 

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңыңа сәйкес жедел және келісім-шарт бойынша әскери қызметін өтеп жүретін әскери қызметкерлердің жалақысы мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Жас жауынгер әскери бөлімге келер алдында банктен карточка ашады. Бұл картаға жалақысы түседі. Тамақтануы, тұратын жері, киінуі қамтамасыз етілгендіктен (мемлекет осының бәріне жауап береді), сарбаздар демобизицациядан кейінгі уақытқа дейін біраз ақша жинау мүмкіндігіне ие болып отыр. 

Сарбазға арналған ас... Бұл сөз тіркесін естіген адамдарға дәмсіз арпа жармасы бар тәрелке елестейді... Бірақ! Жауынгерлеріміздің тамақтануы дәмді әрі үйлестірілген. 

Талғат Жанжұменов «Казахстанская правда» газетіне берген сұхбатында айтып кеткендей, сарбаздың ас мәзіріне жемістер, бал, көк, сарымсақ, көкөністерден дайындалған шырын, тәтті бұршақ, қаймақ және айран кіреді. Сонымен қоса, әуе-десанттың және арнайы мақсаттағы әскери бөлімшелерінің әскеріне кептірілген өрік, жүзім, жаңғақтар беріледі. 

Айтпақшы, жедел әскери қызметін өтіп жүретін әскери қызметкер демалысқа кеткенде, берілетін азық-түліктердің орнына өтемақы төленеді. Әрине, мемлекет жол жүру (теміржолы, су, автомобиль транспортымен жүру) ақысын толығымен төлейді. 

 Осыдан басқа, сарбаздарға қажетті жеке гигиена заттары беріліп, пошташығына төленеді.

2. Әскери қызметкерлердің жалақылары төмен

Салыстырмалы түрде.

d0e51a74b3052b7cdd2eeae6e775e43b.jpg

Біріншіден, жауынгер алатын жалақы лауазым санатына, мемлекеттік қызмет өтіліміне байланысты. Екіншіден, әскери қызметкерлер үстамақы құқығына ие болып, қызмет өтеудің ерекше шарттарына, біліктілігіне, мемлекеттік құпияға жататын мәліметтермен жұмыс істегені және экологиялық апаттың аймағында тұрып жатқандығы және т. б. үшін қосымша төлемдер (лауазымдық жалақының 50%-ы!) төленеді.

Айта кететін жайт, біздің әскери ведомствомыздың мәліметтері бойынша 2009 жылы әскери қызметкерлердің жалақысы 25%-ға өсті. 2010 жылдың 1 сәуірінен бері де 25%-ға өсті. Ал 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап тағы да 30%-ға өсті. Осылай, 2008 жылы келісім-шарт бойынша әскери қызметін өтеп жүретін кіші сержант 30-40 мың теңге алатын. Ал 2012 жылы жалақысы өсіп, 66-81 мың теңге құрады. 2008 жылы ротаны басқарған капитанның жалақысы 70 мың теңге болып, бір жылдан кейін 140 мың теңгеден астам соммаға жетті. 2008-2011 жылдар аралығында генерал-майордың жалақысы 185 мың теңгеден 377 мың теңгеге дейін өсті. 

 3. Әскери қызметін жедел өтеп жүрген сарбаздар өздерінің тұрмыс жағдайларын өздері жасайды. 

Бұл жалған.

80b3595812dde5fb91e88e8d0292bedc.jpg

Сарбаздар картопты ашып, казармаларды тазалап, шаруашылық бөлмелерді өздері салған замандар өтіп кеткен... Қазіргі кезде тиісті тендерді жеңген жеке фирмалар осының бәрін өздері жасап отырады.

4. Әскери қызмет өтеу — әйел қолынан келмейтін іс 

Бұл нағыз жалған әңгіме. 

1d8d83f9ee5a6a1dd74f0df9c7f3a15e.jpg

ҚР Қорғаныс Министрлігінің мәліметтері бойынша, 2014 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында 8 мыңнан астам әйел әскери қызметін өтеді. Олар ер адамдармен тең жағдайда жауынгерлік және сапта жүру дайындығынан өтеді. Айтпақшы, Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери шеруге армиямыздағы жалғыз мерген қыз — кіші лейтенант Рысбекова қатысады. 

5. Әскери қызметті келісім-шарт бойынша өтеу мүмкіндігі пайда болғандықтан, жауынгерлік міндетілік жойылды

Әзірге жалған.

04520b997e6c5d3e3704d44a9e09f837.jpg

Жедел армиядан келісім-шарт бойынша әскери қызметті өтеуге толық көшу үдерісі белгілі бір уақытты талап етеді. Қазақстан Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімет еткендей, 2016 жылы көшу үдерісі толық аяқталады деп күтуліде.

Осылай, армиямыз жайлы қазақстандықтардың түсінігі түзу болуы керек. Әрине, ұлттық Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызметті өтеу мәселесіне түрліше қарауға болады. Бірақ, өз Отанының қауіпсіздігін кез-келген сәтте қамтамасыз етуге дайын сарбаздаздарға құрметпен қарауымыз керек. Сондықтан да Отан қорғаушыларымызды айтулы мерекесімен құттықтауды ұмытпайық!

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?