Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

ҚР Ұлттық музейі жаңа жәдігерлермен толықты

3968
ҚР Ұлттық музейі жаңа жәдігерлермен толықты - e-history.kz
«Ұлттық музейге сый тарту» акциясы жыл бойы жүргізіліп, биылғы желтоқсан айында қорытындыланатын болады.

Ел арасында елеусіз жатқан тарихи маңызы зор құнды заттарды, ұлтымыздың ұлы тұлғаларының жәдігерлерін кәсіби тұрғыда сақтау және көпшілік назарына ұсыну үшін 18 наурыз күні «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы басталды. 

5d093bf33a108b576abb6c0855347917.jpg

Мемлекет қайраткері Ж.Тәшеновтың фотосуреттері, мемлекеттік марапаттары, құжаттары және киімдері 


Шара барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев сөз сөйлеп, ұлттық тарихи-мәдени мұрамызды сақтау мәселесіне қоғам назарын аударудың маңыздылығына тоқталды. Келесі сөз кезегін алған ҚР Ұлттық Музейдің директоры Дархан Мыңбай: 

— «Ұлттық музейге сый тарту» акциясына қатысушы өзінің коллекциясындағы құнды жәдігерді, ел тарихына қатысты елеулі мұраны немесе елге белгілі тұлғаның қолданған заттарын музейге сақтауға табыстайды, — деді. 

Барлық жаңа жәдігерлерге заңдық негізде қабылдап алу шарты жасалып, олар музейдің қорына өткізілетін болады. Акция жыл бойы жүргізіліп, биылғы желтоқсан айында қорытындыланады. 

c600b9939c0adbad5a67db61d7c9e15d.jpg

К.Әзірбаевтың жеке домбырасы

Акция Б.Әзірбаев К.Әзірбаевтың домбыраларын, сылдырмағы мен желпуішін, кемер белдігі мен таспихін, қаракөл бөрігі мен жайнамазын, құран кітабы мен шапанын және сүйеніш таяғын Ұлттық музейге берумен бастау алды. Олимпиада чемпиондары О.Шишигина жеңіл жеңсіз жейдесін, С.Сәпиев алтын медальдарын, жеңсіз майкасы мен қолтаңбасы қойылған бокс қолғабын, В.Смирнов спорттық бұйымдарын сыйға тартты. «Қадыр Мырза Әлі» қорының директоры Д.Қажымов Қ.Мырзалиевтың жеке заттары мен марапат құжаттарын тапсырды.

ece61d9d7151d8ba9544d2e6d7329ff3.jpg

Суретші Г. Исмаилованың қыл қаламдары мен автолитографиясы және жеке бұйымдары

Жазушы А.Нәжімеденовтың, спортшы Ж.Үшкемпіровтың, мемлекет қайраткері Ж.Тәшеновтың, композитор Ш.Қалдаяқовтың, Кеңес Одағының батыры Қ.Қайсеновтың жеке заттары да музейге сыйға берілді. Суретші Г. Исмаилованың ұлы В.Сидоркин анасының қыл қаламдары мен автолитографиясын және жеке бұйымдарын тапсырды. Суретші А.Қазығұловтың жұмыстары, Ұлы Отан соғысы ардагері, панфиловшы А.Меңдіғалиевтың мүсіні, Меккеге жаяу барған Иманқажының саяхат жасау барысында ұстаған ҚР Мемлекеттік туы, Х.Абаевтың орындауындағы Мұхтар Әуезовтың портреті, ҚР Әділет министрінің орынбасары Б.Әбдірайым ұсынған ақ металлдан жасалған бидің төс белгісі, мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым Е. Қариннің жеке жинағындағы жебе ұштары Ұлттық музей қорын толықтыра түсті. 

fdedc8874abddd57d452ff0c040d27ea.jpg

ҚР Әділет министрінің орынбасары Б.Әбдірайым ұсынған ақ металлдан жасалған бидің төс белгісі

Сый-тартулар негізінде Ұлттық музейде арнайы көрме ұйымдастырылды.

cd8da95ce4caa4b0e03ad57e9e70db29.jpg

Орыс халқының ұлттық киімдері 

Сондай-ақ, этно-мәдени орталықтары мен елшіліктерден ұсынылған шешен, орыс, күрд, беларусь халықтарының ұлттық киімдері де акция көрмесіне қойылды. 

Гүлжанат ӘБДІМОМЫНОВА

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?