Адамзаттың тарихындағы барлық халықтарда сырт жағынан нәзік болып көрінген әйелдерден мықты мен дарынды патшайымдар,сондай-ақ, атақты ақын әйелдер мен ержүрек батыр әйелдер шыққан еді. Елімізде-де осындай әйелдер қат емес. Ұлы даланың тарихнамасында аты аңызға айналған есімдер көп болды. Әрине, кейінгі ұрпаққа тамаша үлгі-өнеге көрсеткен барлық батыр әйелдер туралы жазуға қиын болады, сондықтан да үлкен ерлікті танытқан, Ұлы жеңістерге жеткен осындай әйелдер жайлы айтып бермекпіз.
Көрнекті тарихи тұлғалардың жұбайлары
Кейбір зерттеушілердің болжамы бойынша, егер Әбілқайырдың әйелі Бопай ханша болмаса, Ұлы даланың тарихындағы ханның рөлі басқа болуы мүмкін... Бопай ханша көз тартарлық келбеті бар сұлу әрі ақылды болып көрінген, жігерлі мінезді, дербес тұлға болған. Өзгелердің пікірі мен әрекеттеріне тәуелсіз болып, саяси әдеп (такт) — оның бойындағы туа біткен қасиеттердің бірі болған. Бопай ханшаның Әбілқайыр хан және қолбасшы қасындағы адамдарға жасаған ықпалының арқасында, таришхылар оны орта ғасырлар дәуірі мен жаңа заманның аса көрнекті қазақ әйелдерінің біріне жатқызады.
Өз заманының ең әйгілі әйелдерінің бірі Жәңгір ханның екінші әйелі — Фатима ханша болған. Тарихтан білетініміздей, ол өте сұлу, білімді, дана әйел болған. Хан Жәңгір өзінің жұбайы Фатима ханшамен орыс патшасы Николай I-нің таққа отырғызу рәсіміне шақырылады. Өткен салтанатта Фатиманың білімділігі мен мәдениеттілігіне, тілдерді білуіне жиналғандар тәнті болады. Фатима ханша Жәңгір ханға көмектесе отырып, қиын жағдайдан қалай шығу жолдарын талай рет көрсеткен еді.
Ұлы әйелдер туралы сөз қозғай отырып, өз халқының бостандығы үшін соғысқа ер-батырлармен бірге қатысқан әйелдер туралы да сөз қозғалса өте дұрыс болар еді.
Еліміздің батыр қыздары
Жұбайларымен, әкелері мен ағаларымен бірге жоңғарларға қарсы күреске Айтолқын — Абылай ханның қызы, Есенбике — Қарасай батырдың қызы, Айбике — атақты Бұланбай батырдың қызы сияқты ержүрек қыздар қатысқан еді. Гауһар — Қаракерей Қабанбайдың жан жары барлаушылар жасағын басқарған. Кейін өзі ана болып, үлкен қызы Назымды соғысқа жібереді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында әйелдер үлкен ерлігін көрсетіп, олардың көптегендері Жеңіс үшін күресіп, ұрыс даласында ерлікпен қаза тапты. Ұлы Жеңістің тарихында Отан соғысына қатысқан батыр қыздың үш есімі өшпес батырлығымен мәңгілікке жазылып қалған. Осы кезде тым жас болған үш қыз майданға өз еркімен аттанып, ерлермен бірге қолдарына қару алып, соғысады. Хиуаз Доспанова тұңғыш қазақ ұшқыш қызы болып, мерген Әлия Молдағұлова, пулеметші Мәншүк Мәметова Кеңес Одағының Батырлары болып атанған еді.
Өкінішке орай, көптен бері күткен Жеңісті тек қана Хиуаз Доспанова өз көзімен көрді. Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова фашисттерге қарсы соғысып, ауыр жарақаттанып, қаза тапты. Бір кезде, бейбіт өмірде, Хиуаз Доспанова Мәскеу қаласына сапарға барады. Бірақ та әуежайдағы бақылау-өткізу пунктінде оны тоқтатады. «Шабаданыңызда металл бұйымы бар ма?» — әуежай қызметтері оны сұрады. Ал шабадандағы жакетке Хиуаз Доспанованың ордендері мен медальдері тағылған екен. Ерлігі мен батырлығы үшін Отан соғысының ІІ дәрежелі ордендерімен, Қызыл жұлдыз ордендерімен, «Қызыл ту» орденімен және көптеген медальдермен марапатталған еді.
Бұлбұл сияқты ән салатын әйелдер
Әнші әйелдің дауысын есітіп, сарбаз жанына жылылық ұяла берген еді. Репродукторлар арқылы әнші әйелдердің өлеңдері республиканың түкпір-түкпіріне тарайтын болды. Әншілердің концерттері болғанда қара-ақ жәшікке телміріп, достарымен, көршілерімен бірге бүкіл отбасылар жиналып отырғандарымыз жасырын емес.
Роза Бағланова — Қазақстанның және бұрынғы КСРО халық әртісі. Оны майдангер деп атай аламыз, өйткені соғысқа тікелей қатыспаса да, өз даусымен Отан қорғаушыларына күш беруге тырысқан. Роза Тәжібайқызының естеліктеріне қарағанда, бір кезде 20 минуттың ішінде ән салып тұрғанда, оған бір офицер жүгіріп келді: «Айналайын, қарындас, әніңізді қатты айтпай-ақ қойыңыз. Фашисттер оқ ата бастады. Олардың ойынша, әніңізбен бірге шабуыл жасаймыз».
Күләш Бәйсейітова — қазақ операсының тұңғыш әншісі, КСРО халық әртісі атағын 24 жасында алды. Ол үшін алғашқы қазақ операсы жазылған, авторы — Евгений Брусиловский. Опера тыңдаушылары шаттана қол соғып, әншіні қолдарына көтеріп жүрген еді. Ол Елбасы қатысқан шараларға-да атсалысқан.
Күләш Бәйсейітова мен Бибігүл Төлегенованың дауыстары сондай әдемі мен соншама күшті болған, тіпті осының арқасында оларды «қазақ бұлбұлдары» деп атап кеткен. Бибігүл Ахметқызы үлкен залдар мен атақты сахналарға ешқашан ұмтылған емес, көпшілік жиналған жерлерде өз өнерін көрсеткен. Көптегендер біле бірмейді, бірақ ЮНЕСКО Бибігүл Төлегенованы ХХ ғасырдың көрнекті әйелдерінің тізіміне қосты.
Сахнаның көркі болған әйелдер
Актриса Хадиша Бөкеева өмірінің соңына дейін Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының сахнасынан түспеді. Ол театр сахнасына өмірінің 69 жыл арнады! Қазақ сахнасында сомдап соғылған жүзден астам рөлі сахналық өнердің шедевріне айналды. Өзі актриса болғанымен, шәкірттердің бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. Замандастарының айтуынша, актерлерді тамаша іріктей алатын болды, одан асқан іріктеуші жоқ шығар. Ол былай деп айтқан: «Тоңазатқыш сияқты түсінікті актерлер бар: өз пайдасын тигізеді, бірақ жылулық жоқтай. Осындай актерлердің құпиясы-да жоқ: оларға жол бересің — жұмыс істейді. Ал басқалар-да бар, күн не түн сияқты анық болмайды. Бірақ кенет түсінесің: оларды бақылап тұрған жоқсың. Олардың жасаған әлемінде сен-де өмір сүре бастадың».
Шара Жиенқұлова өз дарындылығыменаңғалдыра береді. Ол белгілі қазақ бишісі, ұстаз, Қазақ КСР халық әртісі болған еді. Қазіргі кезде сахналарда биленетін қазақ билерінің көптеген түрлерін осы әйел ойлап құрастырған еді. Ұлттық би өнерін дамыту үшін ел аралап, халықтың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, халық билерін зерттеді. Соның нәтижесінде «Тәттімбет», «Айжан қыз», «Қара жорға», «Қырық қыз» билері дүниеге келді.
Спорт жұлдыздары
«Тезірек, мықтырақ, жоғарырақ» ұраны... Осы ұранмен Олимпиадалық ойындар өтеді, әйел спортшыларымыз ең мықты мен жүйрік спортшылардың қатарына енді.
Ольга Шишигина — Азиядағы «ең жүйрік» әйел, кедергілермен 100 метрге жүрігуден 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының чемпионы.
Әлия Юсупова — Қазақстан көркем гимнастикасының аңызы, көркем гимнастикадан ҚР құрама командасының аға жаттықтырушысы. 2000-2009 жж. Қазақстанның абсолютті чемпионы, 12 дүркін Азия чемпионы, 2006 жылы Азия ойындарының жеңімпазы, әлемнің ең үздік он гимнастшының қатарына кірді.