Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Еуразиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

1635
«Еуразиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті - e-history.kz
Үстіміздегі жылдың 22 мамыр күні Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Еуразиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

49d4e555bda6ffc7ecb1ee665237da4c.JPG

Дөңгелек үстел басындағы келелі тақырыпты з.ғ.д, профессор Еркін Оңғарбаев жүргізіп отырды. Тарих факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, экономика факультетінің жетекші ғалымдары қатысқандықтан дөңгелек үстел басындағы әңгіме салмақты сұрақ-жауап түрінде өрбіді.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың сәуір айында Еуразия кеңістігіндегі  өзекті мәселелерді талқылауды алдарына мақсат етіп қойған  Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйым мүшесі –  мемлекеттік университетер лигасы құрылған болатын.

Аталмыш құрылым содан бері қауіпсіздікке қатысты сан түрлі мәселелерге мән беріп келді. Алайда, заман талабына сай болу үшін, ұйымның жұмысын әлі де реформалау қажет. Бұл бағытта университеттер лигасының өз ұстанымы бар, яғни өткенді бағалап, кемшін тұсты саралайтын кез келді. Ең бастысы, ұйымға мүше университеттердің тың бастамалары аз емес секілді.

38bec71a4823e6277900f8f5991c9488.JPG

Дөңгелек үстел басында Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымының мемлекеттік университетер лигасы сараптама қауымдастығының  үйлестірушісі, университеттер лигасының атқарушы директоры Игорь Николаевич Панарин Ұжымдық қауіпсіздік келсімшарт ұйымына мүше Қазақстан, Тәжікстан, Беларуссия, Армения, Ресей және Қырғызстан сынды ТМД елдерінің 28 жоғары оқу орны еніп отырғанын жеткізді. – Барлық интеграциялық жобалардағы сияқты бұл ұйымда да Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің орны бөлек, - деді Игорь Николаевич.  – Бұл жерде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін ерекше айту қажет, -деді ол. – Себебі, Қазақстан Президенті экономикалық, саяси және әскери байланыстарға баса мән берді. Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымын реформалау туралы идеяның авторларының бірі де Нұрсұлтан Әбішұлы.Ол  өз сөзінде: «Экономикалық қуатты, тұрақты және барлығына тиімді Еуразиялық одақ құру үшін бірқатар ауқымды міндеттерді шешу керек. Біздің ортақ стратегиялық мақ­са­тымыз, міне, осында!» деген болатын. Біздің ұйымның ұстанған мақсаты да осыған саяды, - деді университеттер лигасының атқарушы директоры Игорь Панарин. 

Дөңгелек үстел басында Еуразиялық интеграция­ның геоэкономикалық, гео­саяси, эво­люциялық жолы, ақпараттық қауіпсіздік, есірткіге тосқауыл, сондай-ақ ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Кеден одағы  туралы да кеңінен сөз болды.Әсіресе, еуразиялық бір­лестіктердің әлеуетін өрістетіп, бірте-бірте олардың пішіндері мен мазмұн­дарын жақындастыруға ықпал ету маңыздылығы  ерекше атап өтілді.

Қысқарта айтсақ, Ұжымдық қауіпсіздік келісімшарт ұйымына мүше университеттер лигасы бүгінгі күн мен болашақтың күрделі сынақта­ры­мен өлшенетін мегажоба. Нәтижесі қандай болатындығына уақыт төреші.

Олжас БЕРКІНБАЕВ


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?