Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Юлия Лысенко: Нұрсұлтан Назарбаев құрмет кафедрасының ашылғаны екі ел арасындағы әріптестіктікті нығайтты

2009
Юлия Лысенко: Нұрсұлтан Назарбаев құрмет кафедрасының ашылғаны екі ел арасындағы әріптестіктікті нығайтты - e-history.kz

Ресейдің Алтай Мемлекеттік университетінде ашылған «Қазақстан жолы - Н.Назарбаев» құрмет кафедрасы екі ел арасындағы әріптестікке алтын көпір болып келеді. 

ҚР тұңғыш Президенті саясатын насихаттау, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері, тілі мен тарихын жаңа форматта үйрететін мәдени-зерттеу орталығы жұмысын биыл жазда «National digital history» интернет жобасының журналисі «Алтай мұрасы» автоэкспедициясы барысында көріп қайтты.

Ресейдің Барнауыл қаласындағы үздік оқу орындарының бірінде ашылған құрмет кафедрасының жоба авторы «ҚР тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі. ҚР Білім және ғылым министрлігі АлтМУ-мен бірге құрмет кафедрасын ашуға серіктес жоғары оқу орнын таңдауға ұсыныс білдірген. Ресейдің және ТМД-ның ең үздік 100 университетінің, Сібір федеративті округінің үздік 6 университетінің құрамына кіретін АлтМУ-мен бұл жобаны іске асыруға Қазақстанның барлық білім ордаларының ішінен М.Х. Дулати атындағы ТарМУ таңдалды.

 

66a05819057ba8e3b24f53cd5377c705.jpg

«Қазақстандық жол - Н.Назарбаев» құрмет кафедрасында  «Қазақ елі» ақпараттық қабырға тақтайшасы, «Назарбаевтың қазақстандық жолы» атты жарықдиодты стенді, «Менің Қазақстанға тілектерім» LED-тақтасы және де Елбасы кітаптарының көрмесі орналасқан. 

 

1099123e53ee7269529ce403865a1d70.jpg

«Қазақ елі» ақпараттық қабырға тақтайшасы стендында Қазақстанның мәдениеті, тілі мен дәстүрі, жетістіктері мен қысқаша тарихы қамтылған. Еліміз жайлы толық мағлұмат беретін көркем шығармалар, электронды кітаптар, зерттеу мен сараптама жұмыстары үшін аудио және бейнематериалдар контент-орталық секторында орын тепкен. Аудио-бейне тақтайшада бейнематериалдар мен кітаптардың электрондық нұсқаларымен, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың әр түрлі тілдерге аударылған аудиокітаптар қамтылған.

 

ffa207cb040734461040fe33d5bef02b.jpg

Ал «Назарбаевтың қазақстандық жолы» атты жарықдиодты стенді Елбасының әр түрлі кезеңде түскен суреттері арқылы мемлекеттің даму тарихын айшықтайды. Алған әсерлері мен жүрекжарды лебіздерін жеткізу үшін келушілерге арналған «Менің Қазақстанға тілектерім» LED-тақтасы да қарастырылған.

«Қазақстандық жол - Н.Назарбаев» құрмет кафедрасының меңгерішісі тарих ғылымдарының докторы, доцент Юлия Лысенко. Орайы келгенде Юлия Александқызынан Елбасы атындағы құрмет кафедрасы жайында бірнеше сауалымызды да қойып алдық. Қазақша азда болсын түсініп, Елбасы Н.Назарбаевтың саяси сахнадағы беделін жоғары бағалаған кафедра меңгерішісі екі ел арасындағы әріптестік байланыстың нығайғаны «Қазақстандық жол - Н.Назарбаев» құрмет кафедрасының ашылғаны деді.

 

d2a5bc0759ec7f974f55e89147cfb765.jpg

 

 

Құрметті Юлия Александрқызы «Қазақстан жолы - Н.Назарбаев» құрмет кафедрасы қашан ашылды және ол Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтықа тигізер пайдасы қандай?

«Қазақстандық жол - Н.Назарбаев» құрмет кафедрасы Алтай мемлекеттік университетінің қабырғасында 2014 жылдың қазан айында ашылды. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің «Шексіз білім» атты VIII білім беру аптасы және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Білім және ғылым министрлерінің V кеңесі аясында құрылды.  Жобаның ашылуына Қазақстандық ЖОО мен Алтай мемлекеттік университетінің ықпалдастығы үлкен әсер етті. Кафедраның басты мақсаты екі ел арасындағы (Қазақстан мен Алтай өлкесі) өзара ынтымақтастықты арттыру, оның ішінде білім және ғылым, мәдениет саласы бойынша. Сондай-ақ Алтай өлкесінде білім алып жатқан қазақ жастарына көмектесу, атап айтқанда әлеуметтік, экономикалық тұрғыдан. Тағыда айтып өтетін мәселе,  кафедра құрылғанына көп уақыт болмаса да қазіргі таңда келелі мәселелерді қолға алып отырған екі жақты тәжірибе алмасу алаңына айналғанын көрсетіп отыр. Соның арқасында өздеріңізде «Қазақстандық жол - Н.Назарбаев» құрмет кафедрасына келіп, кафедра жұмысын танып біліп, біздің университет туралы біліп отырсыздар. Болашақта Ресейдегі қазақ жастары да бұл кафедраның жұмысына бар күштерін салып, ат салысатын болады.

Кафедра жұмысына Қазақстанның қандай жоғарғы оқу орындары қол ұшын созып, әріптестік байланыс орнатып отыр?

Негізінен «Қазақстандық жол - Н.Назарбаев» құрмет кафедрасына Қазақстанның көптеген ЖОО  әріптестік қатынас орнатылған. Бір ғана Н.Назарбаев атындағы кафедраның ашылуы біздің университеттің Қазақстан ЖОО қарым-қатынасын күшейте түсті.  Қазірдің өзінде Әл-Фараби атындағы ҚазМУ, Абай атындағы АМУ, Ш.Құдайбердиев атындағы ШҚМУ, С.Торғайғыров атындағы ПМУ және т.б. Осы тұрғыда алдағы уақытта Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-мен қарым-қатынас орнатуды көздеп отырмыз, себебі Еуразия ұлттық университеті Қазақстандағы алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының бірі. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?