Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Археологтың бір күні

2114
Археологтың бір күні - e-history.kz
е-history.kz Порталының тілшілері халқымыздың ежелгі тарихы және мәдениетімен танысу үшін, Ботай тұрағын ашқан археолог Виктор Зайбертпен сұхбаттасып, бір күн археологтар жұмысымен танысып қайтты.

Көктемгі алуан шөпке толы далада, жанға жағымды жел тұруда. Көрініске көзің тояр емес, қасымыздағы аты әйгілі профессор Ұлы Далада қаншама тарих тұнғанын бізге аса бір ынтамен баяндауда.

Виктор Федорович Зайберт, археологияға өмірінің 40 жылын арнаған атақты ғалым. Оның пікірінше ғылымды — жақсы көріп, өміріңді арнамасаң ол өткен күннің құпияларын аша алмайсың.

Ботай мәдениетін ашқан және Қазақ жерінде алғаш рет жылқының қолға үйретілгенін дәлелдеген археологпен бір күнді өткізген біздің көзіміз осыған анық жетті.

Ал осының барлығы ол кісіге сұхбат берсеңіз деген өтінішпен басталды. Виктор Федоровчи Көкшетауда екен және келесі күні археологиялық қазбалардың ашылу қарсаңындағы лагерьлерді тексеру мақсатында Ботайға сапар шегуге дайындалып жатыр екен. «Келіңіз, сіздерге қызықты болады», — деп бізді профессор арнайы шақырды. Біз көп ойланбай, ежелгі ботайлықтардың тарихы мен мәдениетімен жақын танысуға аттандық.

Сағат таңғы 7-де біз Көкшетаудан Ботайға аттандық. Жол-жөнекей бізге жас археолог, керамика маманы Мария Качановская қосылды. Ол бірнеше жыл Виктор Федоровичпен бірге жұмыс істейді, ол енді үш ай бойы ежелгі мекендердің қазбаларына қатысады.

4094dfd28740045525d7b2989d3e6d37.jpg

Ботай мекені Никольское селосының қасында, Көкшетау қаласынан 135 шақырым қашықтықта орналасқан. Ботай мекеніне дейінге бірінші тоқтайтын жеріміз Шалқар көлі болды. Оның жағалауында археолог Зайберттің қатысумен қайта қалпына келтірілген ботайлықтардың тұрғын үйі 12 жыл бойы тұр.

Жол бойы біз алда не көретінімізді ойлап, тағатсыздана отырдық. Көлік шынысының арғы жағында табиғат көрінісі әр түске құбылып, өзгере берді. Қайыңдар мен шоқылар көз ұшында қала берді. Археолог Мариямен Ботайлықтар жасаған керамика туралы әңгімелесіп отырғанда, Виктор Федорович кенеттен салт атты жылқышының алдында көлікті қаңтартты. Жылқышы жақын жердегі жайылымдағы жылқыларға бара жатыр екен.

682e3f8abb46fe59421719bd4c36824b.jpg

«Бұл жабы, көп тұқымдық жылқы, осыдан барып әлемдегі жылқылардың барлық түрлері таралған», — деп түсіндірді профессор.

VI мың жыл бұрын ботайлықтар алғашқы рет жылқыны қолға үйретті және қымыздың дәмін татты. Бірнеше жыл ішінде қазба орындарында жылқылардың мыңдаған сүйектері табылды. Жылқымен барам деген жерлеріне барып, жылқыны қадір тұтқан. Сонымен қатар оның етін тамаққа пайдаланса оның сүйектерін еңбек құралы ретінде қолданды. «Біздің есебіміз бойынша осы жерде тұрған адамдар 360 мың жылқыны пайдаланды», — деді Виктор Федорович.

Машина орманға бет бұрды. Көп кешікпей біз Шалқар көлінің жағалауына келдік. Алдымызда көкжиекпен астасқан, көгілдір судың кең айдыны ашылды, оның артында шырша мен, аққайыңдардың қалың шағын орманы тұтасқан. Ал орман аяқталар жерден көл басталады, содан кейін үлкен араның ұясына ұқсас ботайлықтардың тұрғын үйлері орналасқан.

4ade5f92f0543c759ba7dd7f12fc1ada.jpg

«Бұл бірегей макет, Қазақстандағы ежелгі тұрғын үй құрылысының жалғыз үлгісі», — деді айтты Виктор Федорович. 12 жыл бойы осы тұрғын үйге адамдар келіп отырады. Оны көру үшін шетелдік ғалымдар да келіп кетті. Бір кездері Виктор Федорович өзінің ғылыми гипотезаларын дәлелдеу үшін осы үйде тұрды да.

963c8b6b14ea35d71e757b6f9b49c570.JPG

Құрылыстың соңғы нұсқасына келу үшін үлкен эксперименттік жұмыс өткізілді. Құрылыстың дұрыстығын уақыттың өзі дәлелдеді. Құрылыс бір шегесіз жасалды, үлкен бөренелер бір-бірімен өрілген. Мысалы орыс, ағаш үйімен салыстырғанда, жүк бір ортаға түспей, біркелкі барлық құрылысқа түседі деп Виктор Федорович ынталана түсіндірді.

Тұрғын үйдің үстіндегі жырық киіз үй шаңырағын еске түсіреді.

ad23fcc2651121680ac4e60316936f0b.JPG

Тұрғын үйдің ортасында әрине ошақ. Ботайлықтар VI мың жыл бұрын таңдырды ойлап тауып, жылуды сақтауды үйренді. Түнге қарай олар отты түбі жоқ балшықтан жасалған қақпақпен жауып отырды, осылай олар өздерін өрттен қорғады. Тұрғын үй қабырғаларында жырықтар көп, сол жерлерде олар ет пен сүтті сақтады. Құрылыстың температуралық балансы соншалықты жақсы болғаны сондай олардың азық-түліктері ұзақ уақыт бойы сақталған.

Жас отбасы құрылғанда орталық ошақтың қасынан оларға жеке орын берілген. «Біз бір тұрғын үйде төрт ошақты таптық», -деп айтты Виктор Федорович. Яғни ара ұясы принципі бойынша құрылған үлкен тұрғын үйде бірнеше отбасы өмір сүрген, біртіндеп оларға бүйірден орын беріліп отырған.

8b180277dbea0bc36d34c85b6ebf5424.JPG

Виктор Федорович «Осы біз тұрған орында неолиттен қазіргі уақытқа дейінгі этнографиялық картаның құру жоспарда тұр. Біз сонымен қатар қолөнер кәсібі мен сол замандағы тұрмысты өз қалпында қалдырсақ дейміз. Туристер бір үйден екінші тұрғын үйге бара жүріп, адамдардың неолит уақытында қалай өмір сүргенін, жылқы өсіруші ботайлықтар мен көшпенділердің өмір салтын көзімен көре алар еді. Олар қолдан қыш құмыра жасап, садақ атып өздері жебе жасай алар еді»- деп алдағы жоспарларымен бөлісті.

4b9ea9c481930d2d3b721d3affb7643c.JPG

Фотосуретте археологтар Виктор Зайберт және Мария Качановская (оң жақта)

Осылайша танымдық демалыс болар еді. «Біз бірнеше рет осы жобаны басшылық пен шенеуніктерге көрсеттік. Бізде басқа да тарихи-саяхаттық жобалар бар, бірақ осының барлығы әлі қолдау тапқан жоқ. Біз тілшілермен мәселелеріміз туралы әлі бір-де бір рет сөйлескен жоқпыз: мемлекет тарапынан қолдау мен қызығушылық жоқ», — деп танымал археолог, ағынан жарылды.

afbc88847cb6fb74c392883ee39d7c12.JPG

Демалыс үшін жанға жайлы жермен қоштасып, жолға шықтық. Әне-міне дегенше Ботайға да жақындап келеміз. Алайда жол-жөнекей профессор тағы бірнеше рет аялдады.

97a5140994e7b0414b9eaeb4bd941081.JPG

Бұл белестің біз тұрған жерден көрінісі. Ботайлықтардың өмір сүру үшін осындай тамаша орынды тауып, алдынала қам болжап отырған. Бұл жерде, аңшылық пен терімшілікке орман, жылқы өсіруге жайылым, балық аулау және қолөнер кәсібіне таптырмас көл бар.

Біз табиғат көрінісіне көзіміз тоймай, даланың саф ауасын кеуде кере сіміріп тұрғанымзда дәл аяғымыздың астынан тарих сөйлеп қоя берді. Қырат үстінде бес мазар бар екен. Ғалымның түсіндіруінше, бұл көне түрік жерлеулері. Тастармен көмкерілген мазарлардың пішіні сопақша келген және шөп арасынан олар анық көрінеді.

6f72cc38187cb69804868fb6e5e536cb.JPG

Археолог Виктор Федорович 30 жыл бойы әр жазда қазба жұмыстарын өткізіп жүрген орманға келгенде біз өз мақсатымызға жеттік.

«Сәлеметсің бе, ежелгі Ботай!».

8e566ead049e17d67da7bb4ef50cdea2.JPG

b96de034e8fc27254d9f2926fde948cc.jpg

Бірнеше жыл бұрын Ботай осындай болған

«Сонымен ботайлықтар кім?» деп Виктор Федоровичке көкейдегі сауалымызды қойдық. 

«Будандастыру процесі өте ерте басталды. Ботайда Жерорта теңізі, моңғолоид, экваторлық нәсіл түрлері араласып кетті. Жергілікті адамдар мал шаруашылығы мен көшпенділік өмір салтын ұстанды.

Бірақ олардың негізгі мәдениеті отырықшылық еді. Дәл осы ботайлықтар бірінші болып жаз жайлауға шықты: су тасқыны болған кезде олар құмайт топырақты жерлерге кетіп отырды. Тұрғындардың бір бөлігі көшсе, қалғандары қыстауларында қалып қойды. Жастар жайлауда бүкіл жаз маусымы бойы мал бағып, қор жинады, ал күзде әйелдерімен бірге қыстауға қайта оралды».

728a68fa95f1d3b48584e2d7fef19d51.JPG

Мұнда күректің көмегінсіз-де өзіңді археолог ретінде сезінуге болады. Жылқы сүйегі, гранит, шақпақ тас — археологиялық жәдігерлердің басым бөлігі жер бетіне шығып жатыр.

e8e261cbe706fd3ab3a5f4f0ed8b8a4a.JPG

«Нөлдік нүктесі». Әрбір қазба салыстырудан басталады. «Осы жерден ботай мәдениеті басталады», — деген профессор көмекшісі Валерий Шульга бізге археологиялық асхана жайлы да түсіндіре кетуді ұмытпады.

15fbd51cadf8e85dc8d71018ce763c81.JPG

Археологтар мұндай пирамиданы бақылау мен қазбаларды жоғарыдан фотосуретке түсіру үшін пайдаланады.

Көкшетау жанында орналасқан Ботай жалғыз археологиялық мекен емес. Мұндай мәдени ескерткіштер Атбасар, Тобыл маңында да табылған, яғни бұл 600 жыл ішінде ботай мәдениетінің кең таралғанының белгісі.

Көкшетаулық далаларындағы ең ірі тұрақ — 168-ге жуық тұрғын үйлерден құралған. Ұлыбритания ғалымдары барлық аумақты электромагниттік түсірілімінен өткізді. Алынған түсірілімдерде барлық аумақ арнайы құрылыстарға бейімделгенін көрсетті. Біз қымызхана, шеберхана, жылқы қора таптық — құрылыстардың барлығы суға жақын жерде орналасқан. Шаруашылық құрылыстардан адамдардың тұрғын үйлері бөлек орналасқан.

Біздің бір күн едел-жедел өте шықты. Біз үшін көп мәлімет сырын ашпаған күйі, ал Виктор Федорович бәрібір жұмбақ тұлға болып қала берді. Алда археологтар маусымы, бәлкім сол кезде ботайлықтардың бізге беймәлім қырлары табылып қалар. Профессор бізге жаңа бір беймәлім мәлімет табылса хабарласатынын ал біз болсақ қайта оралатынымыз жайлы уәделесіп кешқұрым Елордаға бет түзедік.

Людмила Выходченко, Алена Демченко

01.07.2014 ж.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?