Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ІІД ардагерлері жас полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтайды

1642
ІІД ардагерлері жас полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтайды - e-history.kz
Полицейлер күнін мерекелеу қарсаңында Астана қалалық ІІД ардагерлер Кеңесі дәстүрден тыс қалмай, жас полицейлерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

Астана қалалық ІІД ардагерлер Кеңесінің мүшесі отставкадағы милиция полковнигі Александр Дмитриевич Князев үшін бұл таңсық болған жоқ. Александр Дмитриевичтің құқық қорғау органдарындағы жұмыс өтілі 36 жылды құрайды. 1956 жылы Петропавл қалалық ішкі істер Басқармасы жанындағы қылмыстық жағдайды тұрақтандыру мақсатында қоғамдық көмек негізінде милицияға көмек көрсету бригадалары құрылған кезде, жас әрі талантты спортшы Петропавл қаласының грек-рим күресі бойынша чемпионы милицияға қала көшелері мен қалалық саябақтардың аумақтарын күзетуге көмектесе жүріп, болашақ мамандығын таңдады. Дәл осы уақыттан бастап оның жедел-тергеу қызметкерінің жарқын еңбек жолы басталды. 

«Александр Дмитриевич курсанттан милицияға дейінгі қызметтен өтті. Құқық қорғау органдарындағы еңбек қызметі КСРО ІІМ 8-ші Бас Басқармасының оперативтік уәкіл 26-шы бөлімінен басталды. Милициядағы ұзақ жұмысы жылдарында ол қызмет баспалдағында қатардағы қызметкерден Целиноград облысы Степногорск ІІҚБ, Астана қаласы Лениндік ІІАБ  бастығына дейін көтерілді. Ақмола облысының 5 бөлімін басқарды, Ақмола облысы ІІБ қылмыстық милиция Басқармасы бастығының орынбасары лауазымы  оның еңбек жолының соңғы пункті болды. 1993 жылы милиция полковнигі Князев осы қызметтен құрметті демалысқа шықты, бірақ жылдар бойы шыңдалған мінезі оған демалуға уақыт бермейді. 20 жыл бойы ол астаналық ІІД жанындағы ардагерлер Кеңесінің орынбасары болып жұмыс істейді, қоғамдық жұмыспен белсене айналысатын ол, полиция қатарындағы жас қызметкерлерге әрдайым көмекке келуге дайын. Кей уақыттарда бұрынғы жедел қызметкердің бір жағдайға деген көзқарасы жедел қызметтің қазіргі қызметкерлеріне көмектесіп отырады.

d1ea7e4279fc8f8864495affe8b16721.jpg

Милиция полковнигі А.Д. Князев

«Қазіргі полиция қызметкерлері – қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қиын қызметін атқарып жүрген жақсы мамандандырылған адамдар екеніне сенімдімін. Намыс пен адалдық олардың кредосы үшін», – деп бөліседі өз ойларымен  милиция полковнигіАлександр Дмитриевич Князев. Өкінішке орай, заң мен құқық тәртіпті сақтауы тиіс қызметкерлердің өздері де әртүрлі заңбұзушылықтарды жасап жатады. Қуанарлығы бұндай жағдайлар кең таралмаған. Полицейлердің көбі – өздерінің қызмет борышын адал атқарып жүрген ақ ниетті адамдар».

Ардагердің пікірі бойынша астаналық полицейлерге ерекше жауапкершілік жүктелген. Астана Қазақстанның жүрегі және мақтанышы болып табылады. Астанада бір полиция қызметкеріне артылар салмақ ел бойынша ең жауапкершілігі жоғары болып табылады. Қалада әрдайым қоғамдық-саяси және тағы да басқа ірі іс-шаралар жиі өткізіледі, әр түрлі дипломатиялық миссиялар өз қызметін іске асыруда, шет ел мемлекеттерінің басшылары мен үкіметтік делегациялар ресми сапарлармен келеді. Астанада көптеген шетел азаматтары тұрып жұмыс істейді. Астаналық ІІД қызметкерлері барлық факторларды ескере отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарады .

«Біздің кәсіби мереке, қазақстандық полиция күні қарсаңында құқық қорғау органдары қызметкерлеріне таңдаған мамандықтарына адал болуы үшін әскери-қызметте тәртіп бұзбай, қызметке орналасар алдында қабылданған анттарына берік болғанын тілегім келеді. Қызметті әділ жүрек, таза қолмен атқарса екен. Ал, біз ардагерлер көмектесуге және жылдар бойы жиналған өмірлік, кәсіби тәжірибемізді бөлісуге әрдайым дайынбыз», – деді, жылы шырайлы милиция полковнигі А.Д. Князев.

Сәуле Калиева

Астана қ. ІІД баспасөз қызметі

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?