Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Туған жерім – тың жер»

2177
«Туған жерім – тың жер» - e-history.kz
13 маусымда Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка селосы әкімшілік орталығының мәдениет Үйінде «Туған жерім – тың жер» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына арналған конференцияны Қарағанды облысы мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы, облыстық мұрағат және Нұра аудандық мұрағаты ұйымдастырды.

Конференцияға дейін Нұра аудандық мұрағатының қызметкерлері мұрағат бойынша таныстыру саяхатын өткізді, бұл конференция қонақтары мен қатысушыларға аудан, мекеме қызметі, құжаттар құрамы туралы жалпы ұғым берді.

Конференцияның ашылуына дейін Киевка селосы мәдениет Үйінің қызметкерлері аудан қызметіне қатысты әр түрлі құжаттар, кітаптар, фотосуреттер қойылған көрменің тұсаукесерін өткізді.Бұдан басқа жергілікті шикізаттан жасалған нан-тоқаш өнімдері ұсынылды.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама Басқармасының басшысы Ағымбаев Еркебұлан Мүлікұлы, Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әбеуова Салтанат Мірәсілқызы, Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі Бексұлтанов Құдайберген Бексұлтанұлы жиылыста құттықтау сөзін сөйледі.

Қарағанды облысы мемлекеттік мұрағатының директоры, п.ғ.к., Тұрсынова Жаңагүл Жарекқызы («Освоение целины – история народа»), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, т.ғ.к., Құсайынұлы Қайсар («Надо уважать собственную историю»), Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының Құжаттарды ғылыми пайдалану бөлімінің басшысы Қадырова Лаура Қабдылғазықызы («Семейліктер егіс алқабында»), Шербақты тарихи-өлкетану мұражайының директоры Сидоренко Людмила Ильинична («Целинная эпопея в нашем крае»), Шафер мұражай-үйінің директоры Корешкова Татьяна Сергеевна («Песни целины – музыкальный памятник героической эпохе»), Қостанай облысы мемлекеттік мұрағатының Құжаттарды жариялау мен пайдалану бөлімінің басшысы Говорова Юлия Николаевна («Изменения в составе населения Кустанайской области в связи с освоением целинных и залежных земель в 50-е – 60-е гг. ХХ в.») тақырыбындағы баяндамаларымен сөз сөйледі.Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының сарапшысы Әбдуәли Раушан Маратқызы ҚР ПМ жеке тектік қорлар құжаттары негізінде жазылған «… Мы были полны боевого духа и молодого задора» баяндамасымен қатысушылар алдында сөз сөйледі.

Ауданның алғашқы тың игерушілерімен кездесу өтіп, оларға конференция ұйымдастырушылары сыйлықтар берді.

 Тың және тыңайған жерлерді игерудің арқасында 1954–1960 жж. ары қарай экономикалық дамудың базасы жасалды, ауыл шаруашылығын материалды-техникалық жабдықтаудың негізі құрылды, халықтың қоғамдық және әлеуметтік өмірінің барлық салаларында даму байқалды.

«Тың игерушілер, барша қазақстандықтар сонау алыста қалған жылдарда Қазақстанның тек зор индустриялық, аграрлық және ғылыми әлеуетін жасап қана қойған жоқ. Сіздер бүгінгі таңда негізіне егемен мемлекет құрылып жатқан іргетасты қаладыңыздар. Нақ сол кезде ұлттар мен ұлыстар арасындағы нағыз достықтың негізі салынды. Қазіргі буынның парызы – достық пен туыстықтың осынау киелі сезімін сақтап, ұрпақтарға ұластыру» – Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев саяси науқанға баға берді.

Конференция аяқталғаннан кейін қонақтар Нұра ауданының Тарихи-өлкетанулық мұражайын, сонымен қатар К.С. Станиславский атындағы Қарағанды мемлекеттік халықтар достығы орыс драма театрына барды.

Тыңды игеру тарихы кеңес халқы мен қазақстандықтардың еңбек жанқиярлығының әйгілі шежіресіне мәңгілікке жазылған болып қалатынына ешқандай күмән жоқ. Алайда экономикалық дамудың терең иррационалдық кеңес моделінде тың өзінің үлкен мүмкіндігін соңына дейіне аша алмағанын мойындау керек. Бүгін оны нарық жасайды, оның парадигмасына республика жақындап келе жатыр. Қазіргі уақытта шексіз кеңейіп отырған табиғатты пайдаланудың идеологиясын ығыстырған астық өнімінің қарқындауы қазақстандық тыңның жағымды болашағына сенуге болатын нәтижелерді беріп отыр. Сонымен бірге тарихымыздың батырлық парақшасын жасағандарға құрмет көрсету белгісі болып табылады.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?