Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Астана Опера» сахна жылнамасын ұсынады

3141
«Астана Опера» сахна жылнамасын ұсынады - e-history.kz

Бұл жолы e-history.kz Порталы мәдени серуен аясында Астананың жаңа опера және балет театрына барып қайтты. «Астана Операсы» өзінің сәулет сұлулығымен және акустика мүмкіндіктері тұрғысынан Еуропадағы ең таңдаулы театрлардың бірі болып табылады.

5 маусымнан бастап театрда Қазақстандағы опера және балет театрының көрнекті әртістерінің тарихи театрлық костюмдері мен фотосуреттерінің көрмесі өтуде. Көз алдымызға Құрманбек Жандарбеков, Роза Бағланова, Рахима Жұбатырова, Еркеғали Рахмадиев, Әзірбайжан Мәмбетов, Дәурен Әбіров, Ермек Серкебаев, Бақыт Әшімова, Сұлтан Байсұлтанов, Ғарифолла Құрманғалиев және тағы басқалардың бейнелері көз алдымызға елестегендей болды.

0cfa2725e77360ad84a4a38b98c2b53f.jpg

5ba9c44af8a545c8e203cb18fc7a9235.jpg

fa894b27a7a49066199327ae1e6758ad.jpg

Көрмеде Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық опера және балет театрынан бастау алатын еліміздегі опера және балет өнерінің тарихы тұнып тұр. Театр 1934 жылы 13 қаңтарда Мұхтар Әуезов либреттосында «Айман-Шолпан» музыкалық спектаклімен ашылды. Әрине, опера театры — бұл өзінің барлық өмірін тамаша өнерге арнаған жақсы даусы бар ынтагерлер, әдебиет қайраткерлері, композиторлар, жазушылар, суретшілер, актерлердің сүйікті жұмысы. Бұл адамдар ұлттық мәдениеттің тарихына кірді. Олардың есімдерін классикалық музыканы сүйетін адамдардың бәрі білуі тиіс және мәңгі есте сақтауымыз қажет. Олар тарихта Қазақстандағы музыкалық мәдениеттің кемеңгерлері болып қалары сөзсіз.

a7e5d6012890c401cb21b9d3d0f914dd.jpg

Құрманбек Жандарбековтың жеке күлсалғышы мен сандықшасы

ff066b9fe9e3f3745ffd9ad5d52a1788.jpg

Сахна әртістерінің костюмдері мен тұрмыс заттары, жұмыс құралдары естелік болып бүгінге жетіп отыр. Олар өткен уақыттын энергетикасын бізге жеткізуші. Сол кезде осы әртістер болмаса, қазір бізде осындай бай мәдениет болмас еді. Барлық Қазақстанның опера және балет театрының әртістеріне қатысы бар экспонаттардан тұратын театр қорын құруға шешім қабылдадық. Тарихи театрлық костюмдар, мұрағатттық құжаттар, фотоматериалдардың жиналуы осы жылдың ақпан айында басталды. Абай атындағы опера және балет театры бізге сыйлыққа Қазақстандағы опера және балет театрының әйгілі қайраткерлері бейнеленген 11 құнды суретті және көрнекті әртістердің сахналық костюмдерінің бір бөлігін берді. Біз опера және балет өнерін құруға қатысқан жеке орындаушылар ғана емес, барлық қайраткерлер туралы материалдарды жинауды мақсат етіп қойдық. Бүгінгі күні біздің қорымызда 21 театр костюмі және мыңдаған фото мұрағаттық материалдар бар. Алдымызда үлкен жұмыс күтіп тұр, — деді «Астана Опера» мұражайының меңгерушісі Хусаинова Априза.

7f81298511717ef2bde68b06e199b4d0.jpg

fa740177dda03fb7731634b330d6642d.jpg

165adc5455c81f9e643d6b36df1b93a0.jpg

«Астана Опера» жаңа театрының сахнасында Қазақстанның халық әртістері мен еңбек сіңірген қайраткер, опера және балет жұлдыздары өнер көрсетеді, олардың есімдері сахна Шежіресіне жазылып отырары анық, болашақта оны ұрпақтарымыз оқи болатын.

«Астана Опера» театрындағы «Сахна Шежіресі» көрмесі қыркүйек айына дейін жалғасады.

Фотогалерея

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?