Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

АЛЖИР тұтқынан тірі қалған кейуана

2083
АЛЖИР тұтқынан тірі қалған кейуана  - e-history.kz
Енданова Анна Григорьевна – КСРО-дағы коммунистік террор жылдарында жазықсыз жазаланған миллондаған құрбандарының бірі.

Анна Григорьевна 1917 жылы Владивостокта дүниеге келген. Қазіргі уақытта ол Астана қаласында тұрады. Осы жылы 97 жасқа толып отыр. Ұлғайған жасына қарамастан, ойы айқын, есте сақтау жүйесі мығым және қаншама азап көрсе де мейірімділігін жоғалтпаған.

Ал оның өмір тарихы осындай. Жұбайы Енданов Лев, ІІХК тергеушісі болып, 1937 жылы ведомствода болған «тазалау» науқанында тұтқынға алынған. Нәтижесінде ол өлім жазасына кесіледі. 1938 жылы Анна Григорьевнаның өзін де тұтқынға алынады. 1938 жылы 31 шілдеде ІІХК жанындағы Ерекше кеңесі «Отанға опасыздық жасаған отбасы мүшесі» (ОЖОМ) ретінде оны ЕТЛ-не 8 жылға соттады, ал балалары, екі жастағы қызы және жеті айлық баласын балалар үйіне өткізіп жібереді.  1938 жылы 27 тамызда 21 жасында Анна Григорьевна Владивосток түрмесінен АЛЖИР-ға келеді. АЛЖИР-да өткізген 8 жыл бойы ол аспаз болып жұмыс істеді. Қазанның қасында болып, дайындаған тағамдарын жей отырып, өзінің бір паек нанын басқалармен бөлісіп отырды.

Өмір оған соққыдан соққы беріп отырды. Алдымен ол ұлының өлімі туралы естіді. Ал содан кейін 1946 жылы 18 наурызда босатылғаннан кейін Анна Григорьевна қызы жіберілген балалр үйінің директорына хатты жіберді. Директор қызының қайғылы өлімі туралы айтады. Оның өмірге деген үміті мен құлшынысы күйреді деп айтуға болар еді, бірақ ол берілген жоқ. Қиыншылықтар мұнымен аяқталған жоқ. Бұрынғы тұтқын есебінде оған Ақмоладан шығуға тыйым салынды, ұзақ уақыт бойы оның тұратын жері болған жоқ және ол еш жерге жұмысқа орналаса алмады. Бірақ оның қайсар мінезі барлық қиыншылықтардан өтуге көмектесті. Уақыт өтті, оның өмірі жөнге келді. Жақсы жұбайды кездестірді, ол – Низамутдинов Хаджымұрат, оған ол өзінің ауыр тағдыры туралы айтқан кезде, ол осы ерекше әйелді түсіне алды, нәтижесінде Хаджымұрат өмірдегі сенімді тірегі болды. Олар үйленіп, үш баланы тәрбиеледі. Анна Григорьевна оларды тек мейірімділік пен қайырымдылыққа үйретті. Осының арқасында балалар жақсы, мейірімді, жоғары білімді адам болып өсті.

Анна Григорьевнаның қысқаша ғана өмірі — бұл адам мінезінің төзімділігі мен беріктіктің мысалы.

Ақпаратты «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ұсынды.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?