Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Дарқан дала тарихы АҚШ жұртшылығының ерекше қызығушылығын тудырды

2477
Дарқан дала тарихы АҚШ жұртшылығының ерекше қызығушылығын тудырды - e-history.kz
Нью-Йоркте қазақ жазушысының кітабының тұсаукесері өтті

Ұлы даланың әлем мәдениетіне қосқан үлесі.

Алыс шетел жұртшылығы Еуразия тарихының бұған дейін белгісіз болып келген парақтарымен танысу мүмкіндігіне ие болды. Нью-Йоркте қазақ жазушысы Қоғабай Сәрсекеевтің кітаптарының тұсаукесері өтті. Бұл шара екі ел мәдениетін бір-біріне жақындату, америкалық оқырмандарды қазақ елінің әдебиеті және мәдениетімен таныстыру жолындағы маңызды оқиға болды.

Қоғабай Сәрсекеев, жазушы:

— Былтыр Нью-Йоркте Әбдіжаміл Нұрпейісовтің кітаптары аударылып шықты. Соған баланысты өте көп кездесу өткізілді. Бұл Қазақстан үшін өте үлкен оқиға болды. Ұлт болып қуандық. Бұл біз үшін жеңіс. Әдебиет — ел-елді жақындастыратын рухани энциклопедиялық ұғым.

АҚШ-та ұлы дала мәдениетін бойына терең сіңірген қыпшақтардың әлеуметтік-этникалық тарихы мазмұнда өткен шығармашылық кездесу келген жұртшылықтың ерекше қызығушылығын тудырды. Қоғабай Сәрсекеевтің «Дешті қыпшақ" атты роман-шежіресі оның «Қазақия» кітабының жалғасы саналады. Оқырманға елдің өткені мен бүгіні туралы әңгімелейді. Қаламгер әрбір адам секілді әр кітаптың да өз тағыдыры болады деп санайды.

Қоғабай Сәрсекеев, жазушы:

— Қазақстандағы жаузшылардың көптеген кітабы әлемдік әдебиетке келіп қосылды. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы», Ғабит Мүсіреповтің, Олжас Сүлейменовтің, Әбіш Кекілбаевтың, Мұхтар Мағауинның, Дулат Исабековтің шығармашығы әлемдік әдебиетпен иық тірестіріп тұр.

Жазушы және журналист Қоғабай Сәрсекеев тарихи тақырыптағы туынды тек шындыққа, нақты деректерге ғана негізделуге тиіс деп санайды. Себебі автордың қиялынан туындаған кейіпкерлер арқылы оқырманды қызықтыру үшін шындықты бұрмалау өте қауіпті екендігін айтады. Оқырманына үлкен құрметпен қарайтын жазушы өз шығармаларында осы қағиданы берік ұстанады.

Авторлар: Майра Кабиева, Майк Джоел

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?