Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мәдени серуен: Оралдағы Е.Пугачев музей-үйі

3903
Мәдени серуен: Оралдағы Е.Пугачев музей-үйі  - e-history.kz
Орал қаласындағы Е.Пугачевтің музей-үйі XVIII ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы және құнды тарихи ескерткіш болып саналады.

Музейдің Орал қаласында орналасу себебі, 1773-1775 жылдардағы шаруалар соғысы кезінде Е.Пугачев Оралдағы жергілікті қазақтар мен шекаралас аймақтардағы башқұрттардың көмегіне сүйенген болатын.                                                                                                                                   

Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына Кіші жүз қазақтары қатысып, патша езгісінен құтылуды көздеген еді. Бұл соғыс 3 кезеңнен тұрып, 1775 жылы жеңілді. Е.Пугачевтің өзі Мәскеуге жеткізіліп өлім жазасына кесілді. Орта жүз бен Кіші жүз қазақтары қатысқан бұл көтеріліс қазақ халқының Ресей отаршыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарының басталуына ықпал етті.

Тарихи мәліметтерге сүйенсек бұл музей-үйі Е.Пугачевтің әйелі У.Кузнецованың әкесінің үйі болған. Кеңес үкіметі тұсында 1967 жылға дейін бұл үйде кітапхана болса, 1991 жылдан бастап тарихи ескерткіш ретінде облыстық тарихи - өлкетану музейінің қарамағына берілді. Назарларыңызға музейден арнайы фоторепортаж ұсынамыз.

3620cc00483858c493b177837f8c066c.jpg

Белгісіз суретшінің салған картинасы. Суретте Е.Пугачев пен II Екатеринаның қосарланған суреті бейнеленген. Суретші картинаны не себептен осылай салғаны тарихшыларға белгісіз.

74c31ef482df7b100fd02216d41cda1c.jpg

Е.Пугачевтің тағы. Ол 1773 жылы өзін халыққа «III Петрмін» деп таныстырып, осы таққа отыру салтанатын жасаған болатын.

f1f69e98250431599ab5ae974eda03b9.jpg

II Екатеринаның Е.Пугачев көтерілісін басуға қатысқан казактарға беретін қолғабы. Бұл қолғаптар арнайы түрде сыйлық ретінде тапсырылатын болған.

9f7c68e0e9f114f1bd1ab935de3dcc59.jpg

Қоладан құйылған қоңырау. Е.Пугачевтің қолданған бұйымдарының бірі ретінде музейге қойылған.

521eae20b5346c608af965578f739c4f.jpg

Е.Пугачевтің қарулары.

4a9627cd270589b62bd4087cb4ff5295.jpg

Е.Пугачевті тұтқындап, қамап әкелінген тор. Осы тормен 1775 жылы Мәскеуге жеткізіліп, өлім жазасына кесілген болатын.

a940d7f20adba95e5195dec5504a9658.jpg

Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысушылардың туы.

2b8de6cd2ea0828fd971b7d15dedbd7c.jpg

Музей-үй ішіндегі орыс пеші.

39205994b8d36ca985cd75eb426c7138.jpg

Е.Пугачевтің әйелі Устинья Кузнецованың көйлегі. Екеуінің некесін 1774 жылы 1 ақпанда  шіркеудің жас священнигі Сергей Михайлов қиды. Ал, С.Михайловтың алдында некені қиюдан бас тартқаны үшін дін қызметшісі Дмитрийді шіркеу мұнарасынан лақтырып жіберген болатын. 

1f72dea0ff98c73564828255a3e4a281.jpg

Жатын бөлмесі.

ee569e937940e02bca9bcb55a2f38894.jpg

Е.Пугачевтің әйелі Устинья Кузнецованың көйлегі. Кезінде У.Кузнецова туралы әрбір сыбысты орыс патшайымы ІІ Екатерина қалт жібермеген екен. Ол туралы әрбір әңгімені патшайым қызғанышпен тыңдайтын болған.

a4415025648bc02aaef8c0bfbebba88e.jpg

Ас үй.

7b1156074dea6e5e6db48c3d3c00503a.jpg

Музей-үйінің кіреберіс бөлмесі.

1e1da2fe49551913bb907bc5a6d3502f.jpg

Балық аулау құралдары.

МУЗЕЙ-ҮЙІНІҢ АУЛАСЫ:

4f2b064454a66071cbb4130b6e4267ea.jpg

Орал жеріне келген орыс ақыны А.Пушкиннің тарантасының көшірмесі. 1833 жылы А.Пушкин Оралға арнайы келіп Устинья Кузнецовамен кездескен болатын. Ақын осы сапарында өзінің «Капитан қызы» атты танымал еңбегін жазды. Бұл еңбек Е.Пугачев көтерілісі жайында жазылған алғашқы әдеби шығарма еді.

a9cb85232182304d819c181b3afa7e94.jpg

bebcef7556c228b20041cd24dde62124.jpg

Жазғы үй.

60845293385c6f99c3ddef240b6b0004.jpg

6139c2e713f853ec5360dae5c6bc3304.jpg

Шолан ішіндегі құдық.

0d2036cd8644400a6cd77db8ce0fcd9d.jpg

70df663c6177a5927e04d74a3c1c9f19.jpg

Музей ауласындағы шаруашылыққа қажетті құралдар мен түрлі бұйымдар.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Астана – Орал – Астана.

Суреттер автордікі.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?