2011 жылы белгілі коллекционер, өнертанушы Бахаргүл Төлегеннің күш-жігерімен ашылған. Қазіргі таңда жәдігерлер саны 1000-нан астам мұражай экспозицияларынан б.з.д. III — I ғғ. Кушан патшалығының археологиялық артефактілері мен VI — ХII ғғ. жататын тарихи құнды дүниелерді көруге болады. Көрмеге сонымен қатар, 13 жылдан астам уақыт бойы тарихи-мәдени құндылықтарымыз бен ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып келе жатқан «Әдемі-Ай» компаниясының сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары мен кәдесыйлары ұсынылған. Белгілі
жәдігер жинаушы, этнограф Бахаргүл Төлеген 17 жыл бойы еліміздің әр өңірін
аралап, әшекей бұйымдарды жинаған. Ол Орталық Азия халықтарына тиесілі
құнды жәдігерлердің мыңнан астамын тауыпты. Тіпті, І және ІІІ ғасырлардағы
құнды дүниелерді көруге болады.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі бұл көрмені көпұлтты Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттап, көпшілікке жария етуге бағытталған серіктестік жобасы аясында ұйымдастыруда.
«Ұлт жауҺарлары» көрмесін ұйымдастырмас бұрын коллекция иесінің Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевпен кездесуі өтіп, Елбасы Бахаргүлдің қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау мен зерттеу қызметіне жоғары баға берген болатын.
Бұл кездейсоқ емес, себебі, Бахаргүл Төлеген — белгілі коллекционер-этнограф Қазақстандағы түркі халықтарының сирек кездесетін алтын және күміс бұйымдарының жалғыз жеке мұражайының иесі болып саналады. Сонымен қатар, ол қазақтың ұлттық кәдесыйларын жасап шығаратын «Әдемі-Ай РІus» компаниясының президенті. Балалық және жастық шағын Қытай Халық Республикасында өткізген Бахаргүл, 1994 жылы тарихи отанына оралып, бала кезіндегі арманына қол жеткізді. Сол сәттен бастап Бахаргүл өмірін қазақтың ұлттық мәдениетін насихаттауға, әрі құнды тарихи жәдігерлерді жинақтап сақтауға арнады. Қазақстан мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін 2010 жылы Б. Төлеген ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағына ие болды. Сол жылы еліміздің 30 танымал әйелдері қатысқан «Қазақстан әйелі — 2010» атты жобасының жеңімпазы атанды. 2013 жылы Бахаргүл «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл көрмеден Астана тұрғындары мен қонақтары этнографиялық бұйымдардың керемет және бай коллекциясымен танысу мүмкіндігін алады.
«Ұлт жауҺарлары» көрмесі ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында
14.05.2014
1818
Ағымдағы жылдың 19 мамыр күні ҚР Тұңғыш Президентінің Музейінде «Әдемі-Ай» Өнер мұражайының жинақтарынан «Ұлт жауҺарлары» атты антикварлық зергерлік бұйымдар көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.