Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Павлодар облысында жеңістің 70 жылдық мерейтойына дайындық басталды

1433
Бұл бағыттағы маңызды шаралардың бірі – майданда хабарсыз кеткен жандарды іздестіру.

Сондай-ақ «белгісіз солдат» қабірінің басына ескерткіш тақталар орнату, «Боздақтар» атты еске алу кітабын шығару, деп хабарлайды 24.kz.

Ұлы жеңістің 70 жылдығы бір жылдан кейін тойланады. Бірақ, ауқымды жұмыстар үшін уақыттың аз екенін ескерген Павлодардың іздестіру тобы, тарихшылар, мұрағат қызметкерлері мен журналистер бірігіп, бірыңғай үйлестіру кеңесін құру туралы шешім қабылдады. Мұрағат қызметкерлерінің көмегімен 4,5 мың жауынгердің есімі белгілі болған. Тағы 600 сарбаз туралы мәлімет дайындалуда. Ұзақ уақыт бойы құпия сақталып келген №106 қазақ ұлттық кавалериялық дивизиясы туралы мәліметтерді іздеу шарасы да жалғасады. Павлодардың үйлестіру кеңесі аңызға айналған командир Әбілқайыр Баймолдинге кеш те болса батыр атағын бергізуге күш салатындықтарын жеткізді. 

Балғабек Әлежанов, «Майдан жолы» іздестіру-патриоттық жасағының аға іздестірушісі:

- «Майдан жолы» іздестіру тобы екіге бөлінді. Бір тобы Невель қаласында қайтыс болған полковник Әбілқайыр Баймолдинге қатысты жұмыс істемек. Ол №100 қазақ атқыштар полкы командирінің орынбасары қызметін атқарған. «Харковь котелы» деп аталатын жерде қазақ кавалерия дивизиясы болған. Екінші топ сонда аттанбақ.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?