Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану

2395
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалыптасу үрдісінде қоғам мен мемлекеттің тарихи және мәдени мұраға деген көзқарасы едәуір өзгерді.

Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Мәжіліс Комитетінде тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану саласындағы істің ағымдағы жағдайы қарастырылды, деп хабарлайды Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметі.

Қазақстанда 25 мыңнан астам тарих, археология, сәулет және монументтік өнердің жылжымайтын ескерткіштері бар, оның ішінде 218 Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді. Мемлекеттік мұражайларды қорлары мен экспозицияларында 2 миллион 56 мың бірлік мәдени құндылықтар сақталуда.

  Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалыптасу үрдісінде қоғам мен мемлекеттің тарихи және мәдени мұраға деген көзқарасы едәуір өзгерді. Сол уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасы қалыптасып, жетілдірілді. ЮНЕСКО, ICOMOS сияқты шетел және халықаралық ұйымдармен ескерткіштерді қорғау және дәріптеу саласында, ғылыми салада ынтымақтастық белсенді дамыды. Халықаралық маңызы бар екі ескерткіш ЮНЕСКО Бүкіләлемдік Мәдени және Табиғи мұра тізіміне енді.

  Оның біреу – Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі. Екіншісі ескерткіш «Тамғалының жартастағы петроглифтері» - бұл Жетісудағы жартасқа жазылған өнердің ең бір көнесі және әйгілі, мұнда 1950 жылдардың соңында көптеген жартастағы суреттері бар ғибадатханасы табылған. Сонымен қатар, Республикада бірқатар аса көрнекті археологиялық нысандар (31 нысан) бар, олар Ұлы Жібек Жолы нысаны бойынша сериялық трансұлтты номинация аясында ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының алдын ала тізіміне енген.

  Қалаларда тұрғын үй-коммуналдық құрылыстың белсенді өтуіне, сондай-ақ аграрлы аумақтарды шаруашылық қызметтің дамуына байланысты, жерді мемлекеттік қордан жеке меншікке беру үрдісі ауқымдап бара жатыр. Археологтар барлау жұмыстарын ауқымды жер кесіп беруді қажет ететін ірі жобаларды іске асыру кезінде ғана жүргізіледі. Басқа жағдайларда қалаларда да, ауылдық жерлерде де жер кесіп беру археологтарды тартпай-ақ жүргізіледі. Осындай беталыс мәдени мұра ескерткіштерін қорғау және пайдалану жөніндегі заңнаманың барлық жерде бұзылуына әкеп соқтырады, себебі жердің көп бөлігі, атап айтсақ археологиялық нысандардың бар болуына зерттелмеген жерлер әрі қарай зерделеуге қол жетімді болмайды.

  Бұған келтіретін мысал көп: бұл Отрар қалашығында – республикалық маңызы бар ескерткіште су құбыры желілерін салу, осы ескерткіш ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұрасының ескерткіштер тізіміне енеді деп жоспарланып отыр. Бұл Ақ Орданың астанасының бірі  Сауран мен VIII-XIII ғасырлардағы қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық сияқты бірегей қалашықтардың аумағында көтерме талшық торабын салуға жер бөлінген. Бұл бүкіл әлемге әйгілі Тараз және Испиджаб – орта ғасырлық қайнар көздердің барлығында аталатын қала. Қазіргі Алматының аумағында археологтар 8 көне қала тіркелген, бүгінгі күні олардың біреуі де қалмаған.   

  Қазақстандық заң шығарушылар, археология ескерткіштерінің ерекше маңыздылығын белгілеп, оларға ерекше құқықтық мәртебе береді. Жылдамдықпен өрлеп бара жатқан техникалық, ғылыми үрдіс, тез өзгеретін қоғамдық қарым-қатынас оларды реттейтін нормалардың ескіруіне және құқықтық саланың тоқырап қалуына әкеледі. Осы проблемамен заңнаманы жетілдіру арқылы күресі қажет, өйткені ол тарих және мәдени ескерткіштерін қорғау, қалпына келтіру, дәріптеуді сүйемелдеу үшін жаңа түрткі береді.

 Тақырыпты талқылауға Қазақстан археологиялық қоғамның төрағасы Карл Байпақов, «Мұхтар Әуезов қорының» президенті Мұрат Әуезов қатысты. 

d8e4628510571fa0eb6e41fc39ab4d50.JPG

d33a3128fe929ac07e0850acbde15ca1.JPG

Ә.Х. Марғұлан атындағы археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тарих факультетінің деканы Жәкен Таймағамбетов, сондай-ақ «Археологиялық сараптама» ЖШС бас директоры Дмитрий Воякин өз ойларын ортаға салды.

  Талқылау қорытындысы бойынша парламентарий тиісті ұсыныстарды әзірлеуге бел байлады. 


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?