Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астанада киіз басу өнерінің дәстүрлі әдістерін ұсынатын көрме ашылды

2246
Бұл көрме қазақтардың ұлттық тұрмыс салтынан шыққан көне киіз басу өнерін дәріптейді. Бұл бізге қанмен, ана сүтімен келетін дүние, ұлттық жәдігеріміз.

«Шежіре» заманауи өнер галереясында «Қорған мүйіз» атты киізден жасалған өнер туындыларының көрмесі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрме авторы - қазақстандық суретші Зәмзәгүл Оралбаева.

«Халық үшін киіз басу өнері - қызық тақырып. Әрине, ол - азабы мол еңбек, материалдың өзіндік ерекшеліктері де бар, алайда онымен жұмыс істеу аса қызық». Менде заманауи әлемдік тақырыптарға жақын дүниелер бар, бірақ көбіне-көп мен қазақтың ұлттық нышанын білдіруге көп көңіл бөлемін», - дейді З.Оралбаева.

Оның айтуынша, көрмеде 20 авторлық жұмыс ұсынылып отыр. Жалпы киізден жасалған 30-40 дүние өзге мемлекеттерде ашылған көрмелерде тұр. Өз еңбектерінде автор дархан даланың, кең сахараның мотивтерін беруге тырысқан. Және өзіне жақыны да сол көрінеді.

Сонымен қатар суретші көрменің атауы неліктен «Қорған мүйіз» деп қойылғандығын айтып берді. Оның айтуынша, қазақтардың киізден жасалған кілемдерінің ең көп тарағаны - байлықты, гүлденуді, молшылықты білдіретін «қошқар мүйіз» ою-өрнегімен кестеленген кілемдер. Көрмені «Қорған мүйіз» деп атай отырып, автор мемлекет пен пен қоғамның назарын қазіргі қазақ декоративтік-қолданбалы өнердің, оның ішінде киіз басу өнерінің өзекті мәселелеріне аударуға тырысқан.

«Қошқар мүйіз - ұлттық өрнектеріміздің ішінде қазақ халқының төл нышаны. Сырмақта да, текеметте де бұны біздің әжелеріміз қолданған. Сондықтан «Қорған мүйіз» деп аталуының өзі біздің ұлттық өнеріміздің құтқарушысы деп ырымдап қойдық. Міне, соны дамыту үшін, құтқару үшін біз «Дала арулары» атты қоғамдық қор құрып отырмыз. Осы көрме ұйымның ресми таныстырылымына орай ұйымдастырылып отыр. Біздің өнеріміздің адымы қазіргі уақытта баяу. Соны әлемдік деңгейге көтерсек, қоғам болып дамытсақ, әйелдерді, келіншектерді үйретсек нұр үстіне нұр», - деп түйді сөзін З.Оралбаева.


Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?