Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ж.Таймағамбетов: Қазақстан жерінде бұрын түйеқұстар, бизондар мен мүйізтұмсықтар өмір сүрген

3547
Ж.Таймағамбетов: Қазақстан жерінде бұрын түйеқұстар, бизондар мен мүйізтұмсықтар өмір сүрген - e-history.kz
Қазақстан аумағын 500 мың жыл бұрын түйеқұстар, бизондар мен мүйізтұмсықтар мекен еткен.

 Бұл туралы «Геоархеология» халықаралық зертханасының директоры, профессор Жәкен Таймағамбетов  айтты. 

«Мұны біз экспедиция барысында анықтадық. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Кентау қаласына жақын жерде 8 метр тереңдіктен мүйізтұмсықтың, бизонның сүйегін, түйеқұс жұмыртқасының қабығын таптық. Осы сүйектердің негізінде Новосібір институтының генетиктері нақты датаны атады, олар 510 мың жыл бұрын өмір сүрген екен», - деп хабарлады Ж.Таймағамбетов.

Оның сөзіне қарағанда, мұндай ежелгі мекендер аргеологтарға тарихты қайта құруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: «www.bnews.kz».
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?