Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Е. Сыдықов: «Mangi el» журналының мақсаты - оқырманның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру

2816
Е. Сыдықов: «Mangi el» журналының мақсаты - оқырманның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру - e-history.kz
Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысында «Mangi el» тарихи журналының сүйінші нөмірі таныстырылды.

Ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысында Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі «Mangi el» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналының сүйінші нөмірін таныстырды. Журналдың бас редакторы «Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жаңа басылымның қолға алыну тарихымен таныстырып өтті.

«Еліміз руханиятындағы орны оқшау, парасат-пайымы дара азаматтар редакциялық алқасына кірген, халықаралық мәртебесі бар тарихи журналдың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарық көруі осындай ерекшеліктерді ескерумен қатар, өзіміздің барымызбен бағымызды әлемге танытудың бір жолы. Журналдың бітім болмысын саралағанда, оның ғылыми көпшілік форматта болғанын қаладық. Қасаң академизмнің құрсауында тұйықталмауды ойластырып, қалың жұртшылықтың танымына оңтайлы, түсінігіне орайлы материалдардың көрінуіне ден қойдық. Әрине, бұл дерегі тиянақсыз, мазмұны дүмбілез, талдауы кем дүниелерге орын беріледі деген сөз емес. Керісінше, мақалаларды ғылыми сұрыптау мен салмақтау – бірінші кезектегі шаруамыз», деді ол өз сөзінде.

«Бүгінгі «MANGI EL» журналының қалыптасуы ерекше мәнге ие. «MANGI EL» бұл - тарихи жадыны қалыптастырудан бастап, тарихтың өзін зерделеу, саяси-экономикалық, қоғамдық қиындықтарды жеңіп өту тәжірибесі, қазіргі өзгермелі, даму үстіндегі еліміздің дамуы. Ал, журналдың басты мақсаты қазақтың және басқа да түркі тілдес Еуразия халқының тарихы мен мәдениеті және оқырманның ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, Қазақстанның ұлттық тарихының негізгі жетістіктерін көпшілікке жеткізу мен насихаттау екеніні ұмытпауымыз қажет»-деді өз сөзінде Ерлан Сыдықов.

Журналдың алғашқы саны 3000 данамен шықса, алдағы уақытта таралымы арта түспек. Аталмыш журналдың «Тарих толқынында», «Ұлт қазынасы», «Көшпелілердің ұлы мұрасы», «Шекара асқан отандастар», «Ұқсап бақ!..», «Мен жанбасам», «Айтайын дегенім», «Күн тәртібінде», «Жусан» атты айдарларында ізденістер мен жаңалықтар, көшпенділердің ұлы мұрасы ғана емес, археологиялық қазбалар мен тарих беттеріндегі «ақтаңдақтар», тарих қатпарындағы құпиялар мен сенсациялық мақалалар, эссе, естелік, мемуарлар жарық көрген.

Ақпарат көзі: http://ortcom.kz
Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?