Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

#Елордаескерткіштері: «Жер-ана»

3320
#Елордаескерткіштері: «Жер-ана» - e-history.kz
Қыз Жібектей құлпырып, Баян сұлудай бұрымы Есіл болып, Арқа төсіне жұлдыздай ашылған, марғасқа марлан даланың маржан қаласы – аяулы һәм ардақсы Нұр-Сұлтан қаласы

Керегесі көкжиектей кең, терезесі төрт құбыламен тең, зәулім-зәулім заңғар мұнараларының биіктігіне қыранның ғана қауқары жететін еңселі Елорданың көркін беретін, тарихтан тылсым сыр ұқтыратын, әсіресе туристтер көп тамашалайтын өнердің ерекше түрі, ол – ескерткіштер. Егер Елордаға келе қалсаңыз, Бараев көшесінің бойында тұрған парсының Кир патшасын жеңген сақ ханшайымы Тұмардың алып мүсініне көзіңіз түсетіні анық.  Монумент 2008 жылы «Жыл мезгілдер саябағында» ашылған. Томирис патшайым тұрған бұқаның мүйізі 7 метрге дейін созылған. Qazaqstan tarihy порталымен #Елордаескерткіштері айдарын бастап, «Жер-ана» монументі туралы ақпарат береміз.

«Жер-Ана» монументі авторының атын бүкіл әлем біледі. Ол – ресейлік суретші және мүсінші. Оның жұмыстары Ресей Федерациясының Президенті В. Путин мен миллиардер Р. Абрамовичтің, Мәскеу қаласының экс-әкімі Ю. Лужковпен талайларды өзінің актерлік шеберлігімен тамсандырған Голливуд жұлдызы Ума Турманның коллекцияларында сақталған. Оның жұмыстары Эрмитажда, Нью-Йорктегі «Тибет – Хауста», Қытайдың Гуанчжоу қалаларында қойылған. Ал 2008 жылы оның «Жер-Ана» монументі Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты түрде ашылды. Кейіннен кәрі құрлықта Шыңғыс ханның монументалды мүсіні бой көтерді.  

Шыңғыс хан

Өнертанушы Ю. Москалюктің айтуы бойынша оның жұмыстары көпшілікке түсінікті және ол – әлемде көп сұранысқа ие мүсінші.

­Мистикалық түрде жасалған оның образдары арқылы ежелгі өркениетпен байланыс орнанатын сияқтысың.

«Оның жұмыстарында инновациялық тәсілдер кездеседі. Жұмыстары арқылы  шығыс адамының қоршаған ортаға бағдар бере алуы мен онымен сөйлесуге болатын секілді. Оның күлкілі және драмалық түрдегі жұмыстарды көре білуі оны істеген ісіне жаңашылдық береді», – дейді өнертанушы Т. Боронева.

«Мен Даши Намдаковтың «Шыңғыс хан» деген мүсінін жақсы көремін. Сол мүсіннің бітім-болмысы маған «Сабырға кел, бәрі жақсы болады! Мен барлық жағдайды бақылап отырмын» деп тұрғандай. Мүсіншіге алғысымды білдіремін», – дейді әлемдегі «Ең беделді әйелдер» рейтингісіндегі жалғыз қазақ әйелі Гүлжан Молдажанова.

 

Балалық шағы

Даши Намдаков 1967 жылы Забайкаляда Укурик ауылында дүниеге келген. Толық есімі – Дашинима. Бурят тілінен аударғанда «Сәтті күн» деген мағынаны білдіреді. Көп балалы отбасында туған. Әкесі Бальжан Намдаков өлкеге белгілі суретші болған.

1985 жылы Новосибирск қаласында құрылыс және инженер институтында архитектура факультетіне түсіп, аяқтамай кетеді. 1988 жылы Красноярск мемлекеттік өнер институтына түсіп, суретшіге оқып, мерзімінен бұрын оқуды бітіреді.

Алғашқы жеңістері

Ең алғашқы жеке көрмесі 2000 жыл 16 ақпанда Иркутск қаласында өтті. Көрме көпшіліктің көңілінен шығып, бірден Мәскеу қаласына шақырту алады. Ресей астанасында зиялы қауым өкілдері оның жұмыстары туралы сөз ете бастайды.

Сол алғашқы жеке көрмесінен кейін Даши Намдаков 80-нен астам көрме өткізіпті. Әлемнің ең көрнекті деген мұражайларынан бастап, түрлі жобалар ұйымдастырған екен. Оның көрмелері: Нью-Йорк, Бейжің, Токио сияқты үлкен қалаларда көрермендерге көрсетілген. 

Даши Намдаковтың марапаттарына келетін болсақ, әлемнің түрлі елдерінен 26-ға жуық орденімен марапатталған.

Ол туралы...

Оның туындыларында Жер жүзіндегінің барлығының жаны бар, барлығы бір-бірімен байланысқан әрі өзара бағынысты деген бақсылық философиясына тән бурят халқы мен автордың дүниетанымы көрініс тапқан. Осы идеялардың барлығын оның шығармашылығынан көруге болады. Жұмыстарының барлығы құпия, алайда өткенге көз жүгірте отырып, бұл сырды біз түсіне аламыз, автордың өз жұмысында жеткізгісі келген жан мен көңіл-күйді сезіне аламыз... Оның туындыларынан біз екі мәдениеттің өзіндік үйлесімін көреміз.

Ван Лимей ханым,

Әлемдік Бейжің Өнер музейінің директоры

Даши азиялық Дали деп ойлаймын, себебі бұл – тәуекел, алпауыт қуат, өзінің этникалық түп-тамырының білімі, дегенмен осының бәрін заманауи батыстық құндылықтармен жеткізу. Ол – бірегей суретші...

Ирина Хакамада, саясаткер

«Жер-Ана»

Мүсіндік формалардың тілі өзіндік бір ақпаратқа толы болады және көбінесе билік проекциясының кескінін береді. Барлық дерлік ескерткіштерді билік орнатады әрі билік үшін жасалады. Дегенмен, бұл мүсіндік және іс жүзінде зергерлік жұмыс іргетасының, бұқаның, үстінде әйел тұрған тақтың үлкендігіне қарамастан, бұл — халық үшін салынған ескерткіш деген ғажайып сезімге бөлейді.

Бұл монументтің өзге ескерткіштерден нақты жасалған жұмыс, келісті сюжеті, асыра қиялға ерік берудің жоқтығы ерекшелейді, осы алып мүсіндік топтың әрбір бөлшегі пысықталып жасалғаны байқалады. Бұқаның арқасында арқан жіптермен, бұраулармен бекітілген жабуы бар, көрерменді сыртқы көрініспен алдап тұрғандай сезілмейді, бәрі шынайы көрініс береді. 

Д. Намдаков — аталған форманың шебері. Дала ділінің көрінісін бейнелейтін ескерткіш жасау үшін бурят және ресейлік болу қажет шығар. Евроцентрлік матрицада жасалған классикалық типтегі монументтердің қателігі — биіктікке ұмтылуда. Еуропа қалаларының тар кеңістіктерінде монументтер биікке орнатылғаны анық.

Далалық қалада осындай «тігінен» жасалған жобалар үйлесімсіз көрінеді. Намдаков бұны еш кемшіліксіз жасай алды: бұл да алып монумент, алайда бұқаның көлемділігі жерге, далаға, оның жазықтылығына қатарлас орналасқан, ал әйел мүсіні көрнекті монғолоидтық кескінімен биік кеңістіктен орын алған. 

Автор кеңестік монументалдық мектептің шеңберінен шығып, көшпелілер ділін сипаттап көрсете білген, формуласын былай түсіндіруге болады: форма кеңістіктен «жасқанбауы» керек.

Нұр-Сұлтанда еркіндік, кең-байтақ жазық, еріктілік сезімі билейді, бұл қаланың матрицасы осы және Намдаковтың қолынан осыны бейнелеу келді. Монумент 2008 жылы тұрғызылған. «Жер-Ана» монументі қазіргі таңда Елорданың көркін келтіріп тұрған орындардың бірі саналады. 

«Жер-Ана»

Даши Намдаков Қазақстандық БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында алғаш үлкен көлемді мүсін жасау тәжірибесі дәл осы «Жер-Анадан» басталғаны туралы айтқан. 

Алғашқы жұмыстарын Алматы қаласында жасадық. Елбасы Н. Назарбаев маған еркіндік берді. Менің сызбаларымды 1 минут ойланбастан қабылдап, қоюға рұқсат берді. Одан соң да менде үлкен көлемді мүсіндер болды. Бірақ «Жер-Ана» мен үшін маңызды.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?