Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Сырға толы Солтүстік Қазақстан

2441
Сырға толы Солтүстік Қазақстан - e-history.kz
Еліміздің солтүстік өңірінде тұмса табиғатымен, мөлдір суымен, жанға жайлы ауасымен турист біткенді магнитше тартып тұратын көрікті жерлер аз емес

Сонымен қатар, бұл өлкенің қойнауы сырлы тарихқа толы, көне дәуірлерден сыр шертетін, құпиясы мол тарихи орындарының көптігімен де ерекшеленетінін айта кету керек.

Айыртау ауданында орналасқан Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешені, энеолит дәуіріне жататын Ботай қонысы, темір ғасырының археологиялық ескерткіші – «Ақ Ирий» қалашығы Сырымбет ауылы, атақты «Абылай хан резиденциясы» музей кешені, Жамбыл ауданына қарасты Благовещенка ауылында орналасқан Қожаберген жырау кесенесі сынды орындардың өзі бір төбе. Сонымен қатар, Шалқар, Майбалық көлі және Имантау табиғи демалыс аймағы мен Селетітеңіз, Теке, Үлкенқарой, Қалыбек деген үлкен тұзды көлдер де туристерден босамайтын аумақтардың бірі. Аймақта минералды тұз бен шипалы су, саздары бар көлдер көп кездеседі. Енді осылардың ішінен жазғы саяхат пен демалуға ыңғайлы туристік орындарды назарларыңызға ұсынамыз.

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені

Бұл нысан 1765 жылы Абылай ханның өз бастамасымен салынған. Тарихи деректерге сүйенсек, ағаштан салынған бұл үйде әр-түрлі дау-жанжалдар шешіліп отырған. Өлкетанушылардың айтулары бойынша Абылайдың резиденциясы таудағы салынған ең алғашқы құрылыс. Өкінішке қарай, бұл ғимарат өртеніп кеткен. Орнына тастан қайта үй салынған екен.

1821 жылы Орта жүздің ханы Абылай ханның ұлы Уәли хан болғаннан кейін Петропавлдың жоғары жағында екі қабатты тас үй салынды. Бұл үй Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы болды. 2008 жылы «Абылай хан резиденциясы» мұражай кешені деген статусқа ие болды. Кешен құрамына Абылай ханның үйі, Абылай ханның кеңсесі, келушілерге арналған үй және монша кіреді.

«Ботай» қонысы

Иман-Бұрлық өзенің бойындағы бұл ескерткіш энеолит дәуiрiне жатады. Ботай мәдениеті – энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған.

Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Бас-аяғы 133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде ботай аттарының бүгінге дейін белгілі жылқылар түріне еш ұқсамайтыны анықталады. Ғалымдардың айтуынша, ботай аттары ең алғашқы қолға үйретілген жылқылар болуы мүмкін.

 «Айғаным» мұражайы

Бұл үйде кезінде Шоқан Уәлихановтың әжесi, Абылай ханның қарақалпақтан алған әйелінен туған Уәли деген баласының төртінші әйелі Айғаным тұрған. Айғанымның өзі – Есіл бойын мекен етіп отырған атақты Мәлім қажының ұлы Сарғалдақтың қызы. Кейбір деректер оны Әзірет Әлінің 43-ші ұрпағы деп жазады. Ел аузындағы аңыздарға сенсек, Айғанымның сұлулығына тәнті болған Уәли айттыруға сенімді кісілерін аттандырады. Айттыруға келген кісілердің сөзін тыңдаған жас қыз Уәлиге «егер Уәли шынымен маған үйленгісі келсе, онда билік ордасын Есіл өзеніне жақын көшірсін» деген сәлем айтып жібереді. Осыған байланысты Уәли өз ордасын Көкшетаудағы Қызылағаштан Сырымбетке көшіртеді. Бұл 1805 жылдар болса керек.

Қарасай және Ағынтай батырларына мемориалдық кешен

Мемориалдық кешен 1999 жылы жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте аттары аңызға айналған жауынгерлер- Қарасай мен Ағынтай батырлардың құметiне салынды. 17 ғасырда шапқыншылығына қарсы күресте Есiм ханның әскерлерiмен он сегiз жастағы Қарасай батыр қолбасшылық еттi, Арғын-Ағынтай оның адал досы болды. Айырылмас батырлар 48 жылдың iшiнде 200-ден астам басқыншыларға қарсы қанды шайқастарға қатысты және 65 жастарында күрестi аяқтады. Қарасай мен Ағынтай батырлары Құлшынбай төбедегi бiр зиратта жерленген. Бұл жерде Қарасай мен Ағынтайдан бөлек бірнеше батырдың зираты жатыр.

Астрофизикалық обсерватория

Бас астрофизикалық обсерваторияның жабдықталуына айна диаметрi 0,77 метр болатын Ричи-Кретьен жүйесiнiң телескобы енедi. М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi оқу корпустарының барлық кешенiне қайталанбас ажар беретiн планетарий күмбезi Leariving Technologies фирмасының (АҚШ) проекциялық аспаптарымен жабдықталған.

Бұл осы заманғы ғылыми мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн көлемi жағынан республикамыздағы екiншi телескоп. Орталық құрамына обсерваториямен бiр ғимаратта орналасқан планетарий кiредi. Планетарий проекторы аспан денесi әр жартышарының 3000-нан астам жұлдызының сапалы түрлi-түстi суретiн алуға мүмкiндiк бередi. Жұлдызды аспанды Ғаламшардың кез-келген нүктесiнде, кез-келген жыл мен тәулiк мезгiлiнде тамашалауға болады.

«Бектеңiз» археологииялық ескерткiшi

Бұл ескерткіштер жалпы жиынтығы 10 қорғаннан тұратын. Қазылған қорғандардың көп бөлiгi қола дәуiрiне жатады. Солтүстiк Қазақстан археологиясында алғаш рет қола айналар, құрбан шалу орны, әйелдiң әшекей бұйымдары бар соны кешен табылған. Археологтардың айтуынша, бұл жер негізінен абыздар жерленетін орын болған.

Имантау көлі

Айыртау ауданында орналасқан Имантау көлі   республикалық деңгейдегі табиғи ескерткіш болып табылады. Егер биік шыңнан қарасаңыз мұндағы арал жүрек тәріздес болып келеді. Мұнда сирек кездесетін арша түрі өседі.

Шалқар табиғат аймағы

Шалқар табиғат аймағы орташа биік таулардан тұрады. Оның бөктері қылқанды орман жауып жатыр. Сондай-ақ, шоқылар әсіемдіктерімен ерекшеленіп, саяхаттаушылардың көп келетін орнына айналып отыр. Шалқар көлі тағаға ұқсайды, оңтүстік бөілігінде емдікке қасиетке ие балшық бар. Суы тұзды, аса терең емес, тері ауруларына шипалы деп саналады. Жағажай аумақтары құмды, кей жерлерде тасты болып келеді.

Ботаникалық бақ

Ботаникалық бақта біздің ендіктерде кездеспейтін экзотикалық өсімдіктердің өте көп түрін кезіктіре аласыз. Олардың ішінде декоративтік-гүлдік, сирек және жоғалып бара жатқан, ағаш-талдық түрлердің жүз қырыққа тартасы, сол секілді емдік өсімдіктер бар. Атап айтар болсақ, бақ аумағынан ақгүл, пальма, шығыс-африкалық туя, лимон секілді 140 түрлі бұта, 450 шөп түрін, 20 түрлі сирек кездесетiн және жоғалып бара жатқан 57 дәрiлiк және 310 сәндiк гүл түрлерiн табуға болады.  Гаванадан әкелiнген кубалық лимон, «Вашингтония» пальмасы секілді әлемге танымал саябақтардан әкелiнген сирек кездесетiн өсімдік түрлері бар.

Қожаберген Жырау мемориалдық кешенi

Кешен Жамбыл ауданы аумағында қазақ халқының ақыны, жырауы және батыры Қожаберген Толыбайұлы (атақты сыншы) жерленген орнында орналасқан. Ол 1663 жылы туған, жастық шағында Самарқандта медреседе оқыған. Араб және парсы тiлдерiн жақсы бiлген, өлеңдер, эпикалық шығармалар, әндер шығарған.

Қожаберген Толыбайсыншыұлы жоңғар шапқыншылығы кезiнде шыққан «Елiм-ай» әнiнiң авторы. Осы әндi қазақ гимнi деп ресми емес түрде санайды. Қожаберген «Бөгенбай батыр», «Ер Едiге», «Ер Көкше», «Ер Қасым», «Қойлыбай», «Айша-жанша», «Әмiр Темiр» қазақ батырлары туралы эпостар шығарған.

«Қызыл-Жар» мұсылман мешiтi

Жаңа мешiт 2005 жылы қала картасында, бұрынғы Новомечетная көшесiнде, қазiргi Мир көшесi бойында пайда болды. Ғимарат алаңы 1499 шаршы метрдi құрайды. Орталық бөлiгi биiктiгi 28 метрлiк күмбезбен жабылған. Мешiттi екi мұнара әсемдеп тұр. Мешiт iшiнде намаз оқу залы, мәйiттi арулау бөлмелерi, кiтапхана, оқу сыныптары, 100 орындық асхана орналасқан. Кең аумақ ою-өрнектi қоршаумен қоршалған.

«Абай және Пушкин» Скульптуралық композициясы

2006 жылы Ресейде Абай жылы және Қазақстанда Пушкин жылы болып жарияланған жылда Петропавлдың басты көшесiнде «Абай және Пушкин» ескерткiшi орнатылды. Композиция ұлы ақындар-Абай мен Пушкин мүсiндерiнен тұрады және екi халықтың достығын бейнелейдi.Екi мүсiндi бiрiктiретiн биiктiгi 5,2 м ағаш мәңгiлiк символы ретiнде, сонымен қатар бiр мезетте екi алып тұлғаның шығармашылық еткен дәуiрiн бөледi. Ескерткiш авторы К.К. Сатыбалдин, мүсiншiлер С.К. Баймағамбетов және В.В. Затай. Композиция қоладан, тұғыр күртi гранитiнен жасалған.

Монументтiң көркем жасалуы және оңтайлы орналасуы қала тұрғындары мен қонақтарының жиi баратын танымал орындарының бiрiне айналды.

Облыстық тарихи-өткетану мұражайы

1924 жылдың басында мұражай бiрiншi келушiлерiн қабылдады. Ол кезде ол Караван көшесi бойындағы шағын үйде тұрған. 1968 жылы қазiргi Қазақстан Конституциясы көшесiне орналасты. Қарағанды және Целиноград суреткерлер қорының басшысы A.M. Чудов суретшiлер тобымен өз кезеңiнде көпес Туби Лейбовичу Аркелюге тиесiлi екi қабатты үй-жайын қайта жоспарлау мен қайта құру жүзеге асырылды. Қазiргi таңда кешен Қазақстанның ең жақсы мұражайларының бiрi болып табылады. Оның қорында 134 мыңдай экспонаттар сақталған. Бұл жерде Солтүстiк Қазақстан облысының табиғатымен, археологтар тапқан заттармен, қоныс аударушылардың тұрмыс элементiмен танысуға, түрлi тарихи эпохаға жататын залды көруге болады.

Бейнелеу өнерi мұражайы

Солтүстiк Қазақстан облыстық мұражайы Петропавлда Қазақстанның 1982 жылдан берi мәдени және тарихи ескерткiшi болып табылатын ғимаратта 1989 жылы ашылды. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сурет өнерi бөлiмi оған база болды.

Мұражайда 5000 мыңға жуық экспонаттар ұсынылған, бұл әйгiлi суретшiлер В. Фаворскийдiң, Г. Нисскийдiң, М. Майофистiң, М. Митурича-Хлебниковтiң, Г. Поплавскойдың. Р. Хачатрянның, Г. Ханджянның, П. Реченскийдiң, В. Антощенко-Оленевтiң, М. Кисамединовтiң, А. Бейсембиновтiң графикалық жұмыстары.

Сурет өнерiнiң бөлiмiнде қазақ шеберлерi И.Стадничуктiң, В.Крыловтың Н.Хлудовтың, А.Исмаиловтың Л.Леонтьевтiң А.Кастеевтiң туындылары, мүсiншiлер Н.Никогосянның, О.Комовтың, С.Балданның, М.Рапопорттың, жұмыстары, сәндiк — қолданбалы өнер топтамасы, балалар шығармасының жұмыстары. 1992 жылы мұражай маңында әдеби бөлiм ашылды, онда 2600-ге жуық экспонаттар-туындылар және жазушылардың қолжазбалары, олардың жеке заттары мен хаттары есептеледi.

«Вознесения Господня» православие соборы

Шiркеу 2005 жылы ертеректе қиратылған кафедралдық Вознесен соборын есте ұстау мақсатында Петропавлдың 19 ықшам ауданында салынған. 6 қоңырау арнайы тапсырыс бойынша Свердлов облысының Каменск-Уральск қаласында құйылған,олардың ең үлкенiнiң салмағы 640 кг. Иконостасқа иконалар және шiркеудiң толыққанды литургиялық өмiрi үшiн қажет заттар Мәскеу қаласынан сатып алынған.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?