Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ТАРИХТЫ ӨЗГЕРТКЕН ТРАНССІБІР МАГИСТРАЛІ

4185
ТАРИХТЫ ӨЗГЕРТКЕН ТРАНССІБІР МАГИСТРАЛІ  - e-history.kz
Бүгін біз Зак Бошамның «Әлемдік тарихты өзгерткен Транссібір магистралі» деген мақаласын ұсынамыз. Автор Транссібір темір жолының маңызын жаңа әдістемілік тұрғыдан қарастырады 

Транссібір темір жолы қазіргі заман тарихының әсерлі техникалық ерлігінің бірі болып табылады. 1891 жылы басталған әлемдегі ең ұзын темір жолының құрылысы жүз жыл бұрын аяқталды. 5772 милге (9288,2 шақырым) созылған бұл жол Мәскеуді тынықмұхиттық порт Владивостокпен байланыстырады. 

Бұл жоба 1904 жылғы ресей-жапон соғысының тұтануына себеп болды. Соғыс алғашқы рет қазіргі дәуірде батыстық емес мемлекеттің батыс мемлекетін талқандауды білдірді және Перл-Харборға шабуыл жасаумен аяқталған америкалық-жапондық бақталастыққа алып келді. Бұл атағы шыға қоймаған бірақ зардабы жойқын соғыс дәл осы Транссібір магистралінен басталды. «Бұл әскери жанжал Транссібір темір жолын салу кезінен басталған орыс-жапон бәсекелестігіндегі алғашқы ірі оқиға болды», - деп жазды өзінің ғылыми жұмысында Дуйсбург-Эссен университетінің доценті Ева-Мария Штольберг. 

Транссібір темір жолы ресей үкіметіндегі беделді министр Сергей Виттенің сүйікті жобасы болды. Витте саяси күш-қуат экономикалық биліктен келеді деп есептеді және Ресей империясы Сібір аумағын жеткіліксіз пайдаланатынына көз жеткізді. Оның ойынша, темір жол Ресейдің түйіткілді мәселелерін Сібір арқылы шешуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Шығыс Азиямен сауда-саттықты кеңейтуге жол ашады. Виттенің идеялары елдің шығыс шекарасын қауіпсіздендіру тәсілі ретінде Сібірде орыс халқының санын өсіру жөніндегі ІІІ Александрдың көзқарастарымен сәйкес келді. Осылайша, 1891 жылы Ресей інің үлкен империясының бір бөлігін екінші бөлігімен байланыстыруы тиіс темір жол құрылысын бастады. Бұл, жапондық көзқарас бойынша, өте үрейлі оқиға болды. Транссібір темір жолының құрылысына дейін Ресей, негізінен еуропалық істерге көңіл аударған еді. 

 49ea42acc0fdeabfb2ae164c2f077ccb.jpg

Мемлекет назарын Шығысқа бұрған сайын, жапон саясаткерлері орыс пиғылы туралы ұайымдай бастады. «Ресей саясатының ауырлық ортасы өзінің батыс, еуропа аумақтарына бағытталған кезде ол Жапонияның аумақтық дәмегөйлігіне ешқандай қауіп тудырған жоқ», - деп жазды Феликс Патрикеев және Гарри Шукман секілді ғалымдар. «Бірақ Ресей Транссібір темір жолының құрылысына кіріскен кезде... Жапония мазасыздана бастады». Витте 1896 жылы темір жолды солтүстік Маньчжурияда кеңейту мақсатында Қытаймен келісім жасаған кезде бұл жағдай одан бетер шиелінісіп кетті. Қытай-Шығыс темір жолы (ҚШТЖ) ретінде белгілі бұл кеңею Транссібір магистралінің ұзындығын 800 милге қысқартпақ болған. 

Ресей үшін бұл Маньчжуриямен сауда жасау үшін қосымша бағыт болар еді. Жапония болса осы аумаққа көз тігіп отырған және Ресейдің әрекетін Маньжчурияға қол салу әрекеті деп есептеді. Бұл күмән Ресейдің 1900 жылы Маньчжурияға 170-мыңдық әскерін жіберіп, бүкіл аймақты жаулап алғанда шындыққа айналды. Бұл қадам Транссібір магистралінсіз мүмкін емес еді. «Транссібір темір жолы салына бастағанға дейін сібір инфрақұрылымы Тынық мұхиты жағалауына әскери-экономикалық эспансиясына жеткіліксіз еді. Әсіресе Шығыс Сібірде жолдар жүре алмайтындай еді, және әскерлерді жеткізу үшін пайдалануға келмейтін еді», - деп жазады Штольберг. 

4ea05bac5236cadf31d0805b3cd46bae.JPG

Тек Транссібір темір жолының салынуымен Ресейге Солтүстік-Шығыс Азияда геосаяси жоспарларын жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Бұл, ақыр аяғында орыс-жапон соғысының тұтануын жылдамдатты. Жапония Ресейдің ықпалы бүкіл Шығыс Азияға, тіпті Кореяға таралады деп абыржыды. Ресей империясы бұл орыннан жылжудан бас тартты және өзінің Маньжчурияда болуын Сібірге жапон шабуылана қарсы маңызды тірек деп есептеді. Бұл баяу дағдарысты туғызды, және екі жақ та бұл жағдайдың соғыспен аяқталатынына сенімді болды. «Ресейдің Маньчжурияға деген қатты мұқтаждығынан, 1901-1903 жылдары екі жақтан өсіп келе жатқан дұшарлық сезімін оятты», - деп жазды Вирджиния университетінің саясаттанушысы Дейл Copeland. 

«Осы тұйықталған жағдайда кез-келген келісімге келу қиындай түскені анық бола бастады». 1904 жылы ақыр аяғында соғыс басталды: Жапония Маньжчурияның Порт-Артурында орналасқан ресей кемелеріне шабуыл жасады. Нәтижесінде, қақтығыс орыстар үшін жойқын жеңіліске айналды – негізінен Транссібір темір жолының техникалық жағдайының жеткіліксіздігінен. Темір жолдың нащарлығы Ресейге әскерлер мен әскери техникаларды батыстан шығысқа жеткізуді қиындатты, осылайша Жапонияға орыстарды жеңуге мүмкіндік берді. «Ресейдің тас-талқан болып жеңілгенінен кейін Ресейдің әскери министрі Алексей Куропаткин Транссібір магистралінің технологиялық жағдайы Солтүстік-Шығыс Азиямен соғыста әлсіз қорғануына ықпал еткенін мойындады», - деп түсіндіреді Штольберг. 

413f9dd3f910a41bdf59f73eddf30ceb.jpg

Соғыста 130000-170000 жауынгерлер қаза болды және Шығыс Азиядағы геосаяси жағдай айтарлықтай өзгерді. Ресей Жапония пайдасына үлкен аумақтық шегініс жасады, ал Тынықмұхиттық флоттан біржола айырылды. Бұл Жапонияның шығыс Азияда үстемдік етуші әскери күшке айналуына ықпал етті және оған Шығыс Азияда үлкен аумақтарды жаулап алуға және өзінің империялық кеудемсоқтығын кеңейтуге мүмкіндік берді. Жапон империясының өсуі, әрине, жапон империализміндегі өзінің мүдделеріне қауіп сезінген Құрама Штаттармен қарым-қатынаста қобалжу туғызды. 

Осылайша, Ресей айбындылығын күшейтеді деп есептеген С. Виттенің Транссібір темір жолы жобасына қатысты ойы іске аспай, ол мүлдем басқа империяның тууына ықпал етті.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?