Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Ұлы Абайдың ізімен...» рухани сапар

2913
«Ұлы Абайдың ізімен...» рухани сапар - e-history.kz
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу Қазақстан бойынша түрлі іс-шаралармен жалғасын тауып жатыр.

Осы орайда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Руханият» КММ ұйымдастыруымен «Ұлы Абайдың ізімен...» атты экспедиция жолға шықты.

Рухани сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының маңыздылығы мен өзектілігін жан-жақты дəріптеу. Абай Құнанбайұлының жүріп өткен жерлері арқылы Ұлы ақынның мол мұрасын елге паш ету. Өлкетану жұмыстарын жандандыруға атсалысу. Ұлы даланың рухани қазыналарын насихаттау арқылы халықты тұтастыққа, бірлікке шақыру.

16-19 тамыз аралығында бір топ тарихшы-ғалымдар, қоғам қайраткерлері, абайтанушылар мен журналист-блогерден құралған экспедиция Нұр-Сұлтан қаласынан бастап Қарқаралы – Абыралы – Қайнар – Қарауыл – Семей – Павлодар бағытымен жүріп өтпек.

– Хәкім Абайдың 175 жылдығына орай «Руханият» орталығы данышпан бабамыз дүниеге келген осы тамыз айында бірқатар іс-шараларды ұйымдастырып келеді. «Адамзаттың Абайы» атты фестиваль аясында 8-31 тамыз аралығында бірқатар шаралар өтеді деп жоспарланған. Соның бірі – «Ұлы Абайдың ізімен...» атты рухани сапар. Өскелең ұрпақтың бойындағы ұлттық иммунитетті көтеріп, жастардың санасына үлгі тұтар тұлғаны қалыптастыру және ең бастысы ұлттық болмысты жаңғыртуда мұндай бірегей шаралардың қолға алынғаны еліміз үшін пайдалы, дейді «Руханият» КММ басшысы Ержан Еңсебай.

Абай Құнанбайұлының жүріп өткен жерлеріне арналған экспедиция Нұр-Сұлтан қаласынан басталып ақынның туған өлкесі Семей қаласында тәмамдалады. Экспедиция төрт күнге созылады. Жоспар бойынша,  Абай тоқтап, қонақ болған Х. Бекметовтің  тарихи-мəдени үйіне бару, «Құнанбай қажы» мешітіне бару, Абай рухына құран бағыштау, Əлімхан Ермеков атындағы орта мектепке (Ə. Бөкейхан оқыған мектеп) бару, Абай, Шəкəрім кесенесіне тағзым ету сияқты ауқымды жоспармен экспедиция құрамы жолға аттанды.

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?