Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

«Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтті

2513
«Қасиетті қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтті - e-history.kz
2019 жылдың 6 шілдесінде Жетісу саябағында, Елорда күні мерекесінің шеңберінде, шетелде тұратын қандастарымыздың қатысуымен "Open air" форматында «ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі өтті.

«ҚАСИЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықаралық өнер фестивалі Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығы және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен жыл сайын өткізілетін іс-шара. 

Шетелде тұратын отандастардың қатысуымен өткен өнер фестивалі қазақ мәдениетінің рухани және материалдық бірегейлігіне сүйене отырып, дарынды жастарды анықтауға, оларды  Қазақстанға тарту арқылы одан әрі ілгерілетуге бағытталған. Фестиваль фольклорлық өнердің бірегей жанрларын, музыкалық және қолданбалы өнердің бірегей үлгілерін сақтауға, сондай-ақ шетелде тұратын отандастардың шығармашылық және білім беру әлеуетін арттыру мақсатында өткізілді.

Елбасы, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық бағдарламасында - «Біздің жеріміз материалдық мәдениеттің көптеген дүниелерінің пайда болған орны, бастау бұлағы десек, асыра айтқандық емес. Қазіргі қоғам өмірінің ажырамас бөлшегіне айналған көптеген бұйымдар кезінде біздің өлкемізде ойлап табылған. Ұлы даланы мекен еткен ежелгі адамдар талай техникалық жаңалықтар ойлап тауып, бұрын-соңды қолданылмаған жаңа құралдар жасаған» ұлттық мәдениетіміздің насихатталу ролін ерекше атап өтеді.


«Елбасының саясатының арқасында 27 жылда  1 млн қазақ елге оралды. Бүгінгі күні тағы да 1 млн қандасымыз елге ораламыз деп ниеттеніп отыр. Бірақ, біз оларға тисті жағдай жасауымыз керек. Әр келген отбасыны жұмыс пен баспанамен қамтамасыз етуміз қажет.  Соның төңірегінде 2 жобаны бастадық. Біреуі Нұр-Сұлтан қаласының жанында, екіншісі Сарыағаш ауданында. Амандық болса ол үлкен бастама болады. Ары қарай келген азаматтарға  тиісті жағдайдың бәрін жасаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Зауытбек Тұрысбеков өзінің құттықтау сөзінде.

Әлемнің 43 елінде 5 млн. астам этникалық қазақтар өмір сүреді, олардың көпшілігі Қазақстанмен шекаралас елдерде тұрады: Өзбекстан (900 мың адам), Қытай (1,5 млн. адам), Ресей (800 мың адам), Түркіменстан (65 мың адам), Моңғолия (142 мың адам) және Қырғызстан (33 тыс. адам.). Сонымен қатар, этникалық қазақтар Түркия, Тәжікстан, Иран, Ауғанстан және Батыс Еуропа елдерінде тұрады.

Фестивальда 4 номинация бойынша байқау ұйымдастырылады:

а) Мүшайра номинациясы: 

- ақынның конкурсқа ұсынған туындысы бұрын жарияланбаған болуы тиіс. Туындының көлеміне шектеу қойылмайды;

- ақын «Қазақ Елі», «Нұр-Сұлтан», «Халық мұрасы» тақырыптарына арналған 3 туындысымен қатысуы тиіс.

б) Терме номинациясы: 

- аспапты жоғары деңгейде еркін меңгеру;

- тақырыптық шектеулер қойылмайды;

- 2 туынды орындалады.

в) Халықтық-қолданбалы өнер номинациясы: 

- конкурста авторлық бұйымды ұсыну, бұйымдарды дайындау бойынша шеберлік сыныптарын өткізу;

- бұйымдар, кәдесыйлар заманауи, тұрмыста пайдалануға қарастырылған болуы тиіс;

- бұйымдар қазақ халқының мәдениетін, дәстүрін және тұрмысын бейнелеуі тиіс;

- ұсынылатын бұйымдар саны шектелмеген.

г) Соло вокал (ұлттық әндер) номинациясы: 

- ұлттық ән айту нақышын сақтау;

- музыкалық материалды Фестивальдың тақырыбына сәйкес таңдау.

Ұлы Жібек жолының урбанизация үрдісінде көптеген ерте қалалық және ауылдық елді мекендерде кеңейту және нығайту жүріп, олардың төңірегінде сауда-қолөнер орталықтары пайда болып жатты. Осы күнге дейін сақталып қалған әстүрлі қолөнердің түрлеріне кесте, тоқу, киіз басу, құрақ құрау, сазбен жұмыс жасау ісі, ағашты ою және т.б. жатады. Қазіргі кезде, олардың барлығы әртүрлі деңгейде сақталып, дамып келе жатыр.

Фестивальда мүшайра, терме, халықтық-қолданбалы өнер, вокал (дәстүрлі ән салу) номинациялары бойынша конкурс ұйымдастырылып, оған қандастарымыз жиы қоныстанған Қытай, Моңғолия, Ресей, Өзбекстан елдерімен қатар, Түркия, Иран, Оңтүстік Корея, Швеция елдерінде мекендеген қандастарымыз да өз ынталарын танытып, өнерлерін көрсетуге мүмкіндік алды.

Конкурсқа жалпы жүзден астам өтініштер келіп түсті, оның ішінде қазылар алқасының іріктеуімен 47 өнерпаздың туындысы талапқа сай талданып, барлығы осы шараға қатысуға Нұр-Сұлтан қаласына шақырылды.

Фестивальға әр сала бойынша білікті мамандар әділ қазылық жасады. Атап айтар болсақ, қазылар алқасының төрағасы, қазақтың талантты ақыны, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі. ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Шалқар радиосының бас редакторы Қалқаман Сарин, сондай-ақ, ақын, Әдебиеттанушы, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, әнші, композитор,  ҚР Мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Қазақ радиосы мен Шалқар радиосының редакторы Халық Ризабек, Украиналық ғалым, тарихшы,археолог және археологиялық текстильді қалпына келтіруші-зерттеуші. «Умай» халықаралық ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі Татьяна Николаевна, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты, мәдениет саласындағы ҚР Президенттік шәкіртақы иесі, Астана қалалық әкімшілігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының Айгүл ҚОСАНОВА қатарлы мықтылар.

Фестиваль қорытындысымен келесі жеңімпаздар анықталды:

Мүшайра номинациясы бойынша: бірінші орын Қабылбек Қажыкенұлы –Қытай, екінші орын Қуанышбек Ілияс – Қытай, үшінші орын Жанат Бесікбайтегі – Моңғолия. Гран при жүлдегері Моңғолиядан келген Дана Исағұлға бұйырды.

 Терме номинациясы бойынша: бірінші орын Бауыржан Ермекбаев – Өзбекстан, екінші орын Айдынгүл Бахытәлі – Қытай, үшінші орын Асхан Хадырбек -Монғолияға 

 Халықтық-қолданбалы өнер номинациясы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды: бірінші орын Бадиға Бағдалқызы – Қытай, екінші орын Алибек Нишанбаев – Өзбекстан, үшінші орын Махса Бекдер - Иран

Соло вокал (ұлттық әндер) номинациясы бойынша: бірінші орын Қүлжиян Қапышева – Ресей, екінші орын Фарида Қобяшқызы – Қытай, үшінші орын Захан Нұрмағанбект – Моңғолия.

Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер Университетінің ректоры  Айман Мұсақожаева байқау жеңімпаздары Қазақ Ұлттық өнер Университетінде тестілеу нәтижесімен емтихансыз мемлекеттік грант негізінде оқуға мүмкіндік алатындығын жеткізді.

Фестивальдың басты назары, «Шарын» шатқалының әсем көрінісі жанында орналасқан үлкен сахнада фестиваль қатысушыларының орындауында ең үздік музыкалық композициялар орындалды. Саябақ аумағында киіз үйден тұратын этноауыл, келушілердің қолөнер шеберлерінің жұмыс жасау барысымен таныстырса, этно-өнімдерді сатуға арналған көрме-жәрмеңке шығыс базары орын алады.

Фестиваль қатысушылары мен қонақтарының қазақ халқының рухани мәдениті мен ұлттық құндылықтарын көріп сезінуге мүмкіндік алды.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?