Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

ТМД жас мұрағатшыларының ІІ жазғы мектебі

2298
ТМД жас мұрағатшыларының ІІ жазғы мектебі - e-history.kz
ТМД мемлекеттерінің мұрағат мекемелерінің жас мамандары ҚР Президенті Мұрағатында жас мұрағатшылардың ІІ Жазғы мектебіне қатысуға мүмкіндік алды

Дәріс маусымның 11 мен 14-і аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің негізінде өтеді. Қазақстандық мұрағаттарды Астана мен Алматы қалаларының, орталық және облыстық мұрағаттардың мамандары таныстырады, ал, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетінің студенттері тыңдаушылар болды.

Мұрағатшылар мектебінің жұмысына Қазақстан, Польша мен АҚШ мұрағаттарының жетекші сарапшылары, қызметкерлері қатысады. Марзена Крук пен Станислав Коллер Польшаның Ұлттық жады институтының Мұрағаты атынан сөз сөйледі. Адам Крисберг – АҚШ-тың Мэриленд Университетінің профессоры.

Жазғы мектептің бағдарламасы мейлінше қызық әрі әртүрлі. Онда панельдік пікірталас, шеберлік сыныптары, іскерлік ойындар, таныстырылымдар, Қазақстанның мемлекеттік мұрағаттарына бару қарастырылған. 2018 жылғы 11 маусымда жас мұрағатшылардың ІІ Жазғы мектебінің салтанатты ашылуы өтті.

ҚР Президенті Мұрағатының директоры Борис ДЖАПАРОВ айтып өткендей, былтыр ТМД мемлекеттерінің жас мұрағатшыларының І Жазғы мектебіне қатысуға ТМД елдерінен 50-ге жуық адам келген, ал биыл ІІ Жазғы мектепке қатысушылар саны одан екі есеге өскен. ТМД елдерінің мұрағат мамандарының сапалы білім алулары үшін, Жазғы мектеп білім берудің жаңа форматтағы алаңы. Біздің қазіргі жылдам дамып жатқан әлемде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық салалар үшін нақты бағдар анықтап берді – бұл жаһандық деңгейдегі бәсекелестікті арттыру үшін қажетті жаппай жаңғыру. Цифрландыру мен жаңғыру мұрағаттарды да айналып өтпеулері керек. Джапаров аудиторияны, қазақстандық мұрағаттарды жетілдіретін және жаңғырта алатын сұранысқа ие, пайдалы білім алуға шақырды.

ІІ Жазғы мектептің ашылуына ҚР Президенті Әкімшілігінің Ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің меңгерушісі Ғани ТІЛЕУБЕКОВ,  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің тарих факультетінің деканы Меңдігүл НОҒАЙБАЕВА, Алматы қаласындағы АҚШ-тың Бас Консулы Марк МУДИ, Алматы қаласындағы Польша Республикасының Бас Консулы Радослав ГРУК қатысты. Сөз сөйлеушілер осындай іс-шаралардың маңызы мен тиімділігін атап өтті. Мұрағат тәжірибесінде цифрлық технологияларды қолдану және Жазғы мектеп бағдарламасында электрондық архивтерді жасау үлкен бағаға ие болды. Осы күні ҚР Президентінің Мұрағаты мен Польшаның Ұлттық жады институтының Мұрағаты арасында Меморандумға қол қойылды. Меморандум екі елдің мұрағатшылары арасындағы жемісті қызметтестіктке септігін тигізеді. Мұрағат жұмысымен таныстыру үшін тыңдаушыларға арнап арнайы экскурсия ұйымдастырылып, Мұрағат қорларынан Қазақстан Тәуелсіздігі кезіндегі маңызды құжаттар бойынша «Тәуелсіздік дәуірі» атты тарихи-құжаттық көрме көрсетілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың осы аттас кітабы – экспозицияның негізгі тұжырымдамасына айналды, ұсынылған мұрағат материалдары басылымның басты бөлімдерін сипаттайды. Мұрағаттың оқу залында веб-ресурс арқылы Мұрағатқа виртуалдық кіру жүйесі көрсетілді, оның ішінде Мұрағаттың деректер базасына қашықтықтан авторландырылған қолжетімділік қарастырылған. Зерттеуші электрондық жеке кабинет арқылы электрондық тапсырысты қашықтықтан қалыптастыруға, олардың тізімдемелерімен және басқа да ғылыми-анықтамалық аппаратпен танысуға мүмкіндік алады.   

Мұрағаттық құжаттарды цифрландыруға арналған сканерлеу станциясы Жазғы мектеп тыңдаушыларының ерекше қызығушылығын туғызды. 2018 жылғы 1 сәуірдегі жай-күй бойынша 1-ші санаттағы 91 793 сақтау бірлігі цифрландырылған. ҚР Президенті Мұрағатында сақталған 1-ші санаттағы сақтау бірлігінің жалпы саны – 160 мың. Сканерлейтін құрал-жабдық деректерді берудің жалпы локалдық жүйесімен біріктірілген, сондықтан да, барлық цифрландырылған материал деректердің бірыңғай банкінде шоғырландырылады. Цифрландырылған құжаттар тексеріліп, жүйеленген соң сервердің «Электрондық мұрағат» жүйесіне экспортталады. 12-13 маусымда сабақтар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде жалғасады.   

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?