Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

ТМД тарихшылары Астанада кездесті

1987
ТМД тарихшылары Астанада кездесті - e-history.kz
Назарбаев орталығында «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» атты халықаралық ғылыми конференциясы өтті

2018 жылдың 27 ақпанында «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын талқылауға арналған халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция барысында қазіргі заманғы тарих ғылымының өзекті мәселелері, ұлттық тарихи мектептердің ерекшеліктері және посткеңестік мемлекеттердегі тарихи білім беру мәселелері талқыланды.

Конференция жұмысына АҚШ, Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің танымал сарапшылары, отандық мемлекет және қоғам қайраткерлері, дипломатиялық корпустың өкілдері, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары мен республикалық жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысты.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты ұйымдастырып, өткізді.

Конференция модераторы, Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған  конференцияның мақсаты туралы айтып, конференцияға қатысуға алыс-жақын шетелдерден келген көрнекті ғалымдарды таныстырып, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаевқа сөз берді.  

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Атқарушы директоры Қанат Жұмабаев Елбасы кітабының нақты функционалдық тағайындалымдарын атап көрсетті.

– Біріншіден, бұл – оқырмандардың қызығушылығын туғызатын тарихи жол сілтеуші. Екіншіден, бұл – оқу процесінде белсенді қолданылатын Қазақстанның жаңа тарихы бойынша хрестоматия. Үшіншіден, бұл – дамушы тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасу ерекшеліктерін зерделеу аясында бұдан әрі қарайғы зерттеулерге арналған фундаментальды дереккөз. Мемлекет Басшысының кітабы шетелдік зерттеушілердің және қазақстандық даму жолының феноменін – «Нұрсұлтан Назарбаев моделін» ашуға талпынатындардың ерекше сұранысына ие болатындығына сенімдімін. Тәуелсіздік жылдарында Елбасының бастамасымен орасан зор жұмыс жүргізілді, дамыған мемлекеттік және қоғамдық институттары бар тұрақты саяси құрылым құрылды, нарықтағы іргелі заңдарға негізделген икемді, тиімді экономикалық модель қалыптастырылды. Біздің еліміз әлемдік қоғамдастықтың толық және құрметті мүшесі болды. Еліміз халықаралық деңгейде кең танылды. Бірақ тәуелсіз Қазақстанның басты жетістігі – тұрақты және тұтас қоғам.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Еркін Садықов конференцияға қатысушыларына ҚР Білім және ғылым министрлігінің атынан құттықтау сөз оқыды, онда тарихи ғылым өкілдеріне өткеннің баға жетпес тарихи мұрасын есте сақтау, оны жаңа әдістемелік тәсілдер контексінде зерттеуге ерекше жаупкершілік артылатындығы атап көрсетілген.  

Қазақстанның Ресеймен одақтастық қарым-қатынастары сыртқы конъектураға және жаһандық күйге тәуелді емес. Оның үстіне, бұл қарым-қатынастар Еуразиядағы және әлемдегі саяси климатқа да оң әсерін тигізеді. РҒА Жалпы тарих институтының директоры, РҒА профессоры, т.ғ.д. Михаил Аркадьевич ЛИПКИН Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабын ықыласпен оқып шығып, өз әсерлерімен бөлісті.

– Біріншіден, кітап тарихи нарративтің жарқын үлгілерінің бірі болып табылады. Қазіргі тарихты қалай жазу керектігінің түрлі үлгілері бар, осы уақытқа дейінгі солардың ішіндегі ең үздік үлгісі Норман Девистің «Еуропа тарихы» кітабы саналып келеді. Оқырманға қарай басылған бұл қадам  қазіргі тарихшылар үшін аса маңызды. Мысалы, бұрын болмаған, құжаттардағы монография сияқты жаңа жанрлар пайда болып жатыр. Тәуелсіздіктің 25 жылдан астам кезеңі жаһандық тәсілдің негізін қалаушы Фернанд Бродельдің классикалық моделі бойынша орташа уақыт кезеңіне жататындығын Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабына қатысты атап айтуға болады.

Белгілі ғалым, Беларусь ҰҒА Тарих институты директорының орынбасары, т.ғ.к.  Вадим ЛАКИЗА конференцияға шақырғаны үшін алғыс білдірді. Белорустық және қазақстандық ғылыми ұйымдардың серіктестігі түрлі салада, соның ішінде ғылым мен білім саласында да дамуда. Бізді ғылым мен мәдениет біріктіреді, Қазақстан азаматтары Беларуссияның жоғарғы оқу орындарында оқу оқуда және керісінше. Әскери академия қазақстандықтардың ерекше сұранысына ие. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» кітабында атап өткендей, тарих – қоғамды біріктірудің мықты факторы. Тарихшы ретінде, мен, тарих – бұл өмір тәлімгері, бізді біріктіретін – тарих пен мәдениет екендігін түсінемін.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры т.ғ.д.  Зиябек ҚАБЫЛДИНОВ Мемлекет Басшысының ғылыми-танымдық сипаттылығы басым еңбегімен мұқият танысқандығын, бірақ, мұрағат құжаттарына, нақты фактілерге негізделген бұл еңбектің фундаменталды кітапқа үміткерлігін атап өтті. Оның үстіне, Мемлекет Басшысы- тәуелсіздігіміздің қайта жандануының басты авторы.  Біздің ата-бабаларымыз соңғы 200-250 жыл бойы армандаған нәрсені Президент 1991 жылы жасады. Ғалым Астананың миссиясына жеке тоқталды. «Астананың негізі мыңжылдықтар тоғысында қаланып, санаулы жылдар ішінде әдемі, заманауи, нағыз урбанистік туындыға айналды»,-деп жазады Президент. Бұл тезиспен конференцияға қатысушылардың барлығы да келіседі деген сенімін білдірді тарихшы.

Украина ҰҒА Тарих институтының жетекші ғылыми қызметкері т.ғ.д. Ольга КОВАЛЕВСКАЯның баяндамасы ерекше қызығушылық тудырды.  Оның баяндамасы жас Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолының украиндық кесіндісімен байланысты болды. Украинада білім алған саяси қайраткерлер ішінде бірінші кезекте Нұрсұлтан Назарбаевты еске алады. Слайдтар, түпнұсқалық құжаттар, украиндық газеттерден келтірілген үзінділер қатысушылардың қызығушылығын тудырды.

Ресми бөлімнен кейін ғалымдар жұмыстарын Мемлекет тарихы институтында жалғастырды, онда Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тарихшыларының Бірлескен жұмыс тобының Бірінші отырысы өтті.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?