Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Халықаралық ғылыми конференциясының баспасөз хабарламасы

3037
Халықаралық ғылыми конференциясының баспасөз хабарламасы - e-history.kz
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және Мемлекет тарихы институты «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» атты халықаралық ғылыми конференция өткізеді

«Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» халықаралық ғылыми конференциясының

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін күні және уақыты: 27ақпан 2018 жыл, сағат 10.00.

Өтетін орны: Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1, «Назарбаев Орталығы» ғимараты.

Телефондары: +7(7172) 74-12-85, 74-12-52, 74-01-68. Е-mail: ayga27@mail.ru

_______________________________________________________

2018 жылдың 27ақпанында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты «Қазақстан жолы. Тәуелсіздік дәуірі» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ» кітабын талқылауға арналған халықаралық ғылыми конференция өткізеді. Конференция барысында қазіргі заманғы тарих ғылымының өзекті мәселелері, ұлттық тарихи мектептердің ерекшеліктері және посткеңестік мемлекеттердегі тарихи білім беру мәселелері талқыланады.

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

- Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабының тарихи маңызы;

- тарих ғылымының жаңа жетістіктері негізіндегі ұлттық тарих;

- оқулық - Еуразиялық кеңістіктегі рухани жаңғырудың тарихи мүмкіндігі: табыстар, сабақтары және проблемалары.

Осы күні тарих ғылымының қазіргі заманғы жағдайда дамуының негізгі үрдістерін, тарих мектептерінің ерекшеліктерін, посткеңестік кеңістіктегі тарихи білім беруді дамытуды талқылау мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы тарихшыларының Бірлескен жұмыс тобының Бірінші отырысы өтеді. Отырыс жұмысына Қазақстан мен Ресей тарихшыларынан тұратын Бірлескен жұмыс тобы мүшелері; жетекші ғылыми-зерттеу институттарының, мұрағаттардың директорлары, жетекші ғалымдар қатысады.Екі ел ғалымдарының одан әрі жемісті жұмыс жасауына негіз болатын Бірлескен жұмыс тобының жұмысы туралы Ережеге қол қою жоспарланып отыр.

Осы күні Еуразия кеңістігіндегі Тарих институты директорлары мен жетекші ғалымдарының Еуразия тарихшыларының Форумы өтеді.

Форум жұмысының негізгі бағыттары:

- Еуразия кеңістігіндегі қазіргі тарих ғылымының өзекті мәселелері;

- тарих ғылымының жаңа жетістіктері контекстіндегі ұлттық тарих;

- оқулық – Еуразия кеңістігіндегі интеллектуалды жаңару үшін мүмкіндік: жетістіктері, сабақтары, мәселелері.

Іс-шараларға АҚШ, Түркия, Ресей, Беларусь, Украина, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерінің танымал сарапшылары, Отанымыздың мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдарымен республикалық жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлері қатысады.

Іс-шараға қатысу үшін БАҚ өкілдеріне келесі телефондар мен электрондық пошта арқылы +7(7172) 74-12-85, 74-12-52, 74-01-68, ayga27@mail.ru тіркелу керек.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?