Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Алаш әскерінің шындығы айтыла бастады

2394
Алаш әскерінің шындығы айтыла бастады - e-history.kz
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында белгілі тарихшы Берік Әбдіғалиұлының «Алашорданың әскери құрылымы (1917-1920 жж.)» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Сонымен бірге тұсаукесер рәсіміне орай «Алаш әскері: тарих тағылымы» тақырыбында семинар  ұйымдастырылды.

Түркі академиясы халықаралық ұйымымен (TWESCO) «Түркі әлеміндегі тұлғалар тағылымы» сериясы аясында түркі халықтарының тарихи жадысын жаңғыртуға арналған іс-шара ұйымдастырылды. Бірқатар семинарлар Алаш Ордның 100 жылдығына арналған. Түркі академиясының қолдауымен жарық көрген кітап Алаш қозғалысының тарихында елеулі із қалдырған Алашорданың әскери құрылымдарының тарихын зерттеуге арналған.  

Шараға көрнекті қоғам қайраткерлері, зиялы қауым мен дипломаттық миссиялардың өкілдері қатысты.

«Алашорданың әскери құрылымы (1917-1920 жж.)» кітабы Алаш әскерінің тарихын аша түседі. Сонымен бірге, Алашорда үкіметінің сол дәуірдегі Уақытша Сібір үкіметі, казактардың әскери топтары сияқты маңызды тарихи факторлармен ара-қатынасын автор егжей-тегжейлі зерттейді. Бұл монография – автордың алғаш рет Мәскеу, Санкт-Петербор, Омбы және Томск қалаларының мұрағаттары мен кітапханаларында сақталған құнды деректерді, құжаттарды жинақтап, зерттеуінің нәтижесі.

Берік Әбдіғалиұлы сөйлеп болған соң, жиынға қатысушылар сұрақтар қойып, өзекті тақырыпты талқылады. ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты  генерал-лейтенант Абай Тасболатов,Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов, профессор Жакен Таймағамбетов және басқа да қоғам және мемлекет қайраткерлері сөз сөйледі.

«Алаш әскері Әлихан Бөкейхан жүктеген тапсырманы орындай алды ма?» деген сұраққа кітап авторы Берік Әбдіғалиұлы жауап берді:

– Жалпы, Әлихан Бөкейхан 40 мың адамнан тұратын әскер құру тапсырмасын қойған. Ол колчакқа жазған хатында былай дейді: егер қолдау болса, онда 40 мың әскер жинауға болады – мүмкіндігіміз бар. Өкінішке орай, ақтар тарапынан қолдау болмады.  Қаражат жағы да жетіспеді. Ақтар армиясының қолдауымен бар болғаны екі бригада ғана құрылды. Әрине, егер де ақтар әскері және жалпы, халық жұмылдырылса, онда бұдан да көп болар еді. Әрине, олар миссияны өздерінше орындауға тырысты, бірақ 1919 жылы кеш еді. Бірақ, армия өз халқын, қызылдардың да, ақтардың да шабуылдарынан қорғады».

Жиынды қорытындылаған Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Берік Әбдіғалиұлына рахмет айтып, «Түркі халықтарының тарихын зерттеуге қосқан үлесі үшін» TWESCO Алғыс хатымен марапаттады.  

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?