Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Жолдау-2018. Адам капиталы – маңызды фактор

2855
Жолдау-2018. Адам капиталы – маңызды фактор - e-history.kz
2018 жылдың 10 қаңтарында Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 10 басым бағытты атап көрсеткен

Бұл Жолдаудың негізгі мазмұны қазіргі жаһандық жағдайда әлем елдерінің көшінен қалмай, ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін Ғылыми-техникалық, ақпараттық-технологиялық салаларды дамыту және адами капитал – жаңғыру негізі екендігін атаған.

Жолдау жолдарында көрсетілген өзекті мәселелердің барлығы жаңа заманға лайықты даму бағытында оң өзгерістер мен дамуға бастайтын маңызды бағыттар.

Еліміздің қарқындап даму мүмкіндіктері зор. Өйткені, Қазақстан – Еуропа мен Азияның арасындағы «Алтын көпір» сияқты мемлекет. Геосаясатта орналасу жағдайы, табиғат байлықтары мен қарым-қатынас жасайтын көршілес мемлекетері бар. Қолайлы мүмкіндіктері де жеткілікті. Дипломатияда көпвекторлы сыртқы саясатты алыс және жақын шетелдермен мықтап орнатқан мемлекет.

Осы жолдауда аталған 10 басым және маңызды бағыттардың барлығы жаңа заман талабына сай, елді дамытуға бағытталған қадамдар. Мәселен, еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және «ақылды қалалар» «ақылды ұлт үшін» деген мәселелер көтерілген.

Енді, Президент Жолдауында аталған тапсырмаларды елімізде әрбір саланың мамандары жүзеге асыруы қажет. Оған қоса мемлекет барлық саланы қадағалап, оған бөлінген қаражаттың нәтижесін сұрап, есебін алып отыруы тиіс. Тек, сонда ғана өркениетті елдер сияқты мемлекеттің ілгерілеп дамуы болады.

Қанат ЕҢСЕНОВ, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты

 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?