Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Елбасы – ел тірегі

1828
Елбасы – ел тірегі - e-history.kz
2017 жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві «Елбасы – ел тірегі» құжаттық көрмесі өтті

Іс-шаралар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні және Тәуелсіздік күніне арналады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні еліміздің айтулы мерекелерінің бірі. Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы рөлі ерекше, осы жылдар аралығындағы қол жеткізген жетістіктер қазақстандық мемлекеттілікті құрушының атымен тығыз байланысты. Тәуелсіз мемлекеттер достастығында бірінші болып жекеменшік, еркін бәсеке және ашықтық қағидасына негізделген нарық экономикасының заманауи моделін құрды.  Қазақстан халықаралық аренада танылып, зманауи әлемдік саясаттың белсенді қатысушысы болды. Ел егемендігінің нығаюындағы, сыртқы және ішкі саясатының стратегиялық басымдықтары мен жаһандық және өңірлік бастамалардыіске асырудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың көп қырлы қызметі бүкіл халықаралық қауымдастықтың құрметін туғызды.  

Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қорларынан алынған Тұңғыш Президенттің тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен мен дамуындағы ерен еңбегі мен рөлін айқындайтын бірегей архив құжаттары мен материалдар ұсынылады: тәуелсіз Қазақстанның алғашқы заң жобалары, Қазақстан астанасын көшіру мен атауын өзгерту туралы құжаттар, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін сайлау және Қазақстанның тұңғыш Конституциясының қабылдану тарихы, «Нұр Отан» ХДП тарихы бойынша құжаттар және Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві кітапханасы қорының кітаптары қойылды. Көрменің бір бөлімінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әр жылдардағы Қазақстан халқына жолдаулары қойылды.

Келушілерге Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген жетістіктерін қысқаша сипаттап беретін мини-фильм көрсетілді.  Көрмеден соң ҚР БжҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтымен бірлесіп дөңгелек үстел ұйымдастырылды, дөңгелек үстел барысында Қазақстан тәуелсіздігі қалыптасуының тарихи жолы талқыланып, Ұлт көшбасшысының мемлекет дамуына қосқан үлесі мен рөлі талқыланды. Көрме тақырыбын белгілі қазақстандық фотограф В. Куриловтың туындылары толықтырды. Іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, ғалымдар, тарихшылар, архив саласының қызметкерлері, БАҚ өкілдері, астана тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Ертаев Бахытжан, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, қоғам қайраткерлерін Ұлттық архивке көмек қолын созуға шақырды, өйткені оның қызметкерлері құжаттарды әлі күнге дейін өз әріптестерінен сұратуға мәжбүр, мысалы Подольсктен.

Қазақ тарихындағы маңызды оқиғаларды көрсететін бірегей материалдарымен бөлісу арқылы архивке көмектесетіндігін депутат тілге тиек етті. Ол барша қауымды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен және Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің директоры Ж.М. Махашов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының вице-президенті А.А. Айымбетов,  «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының орынбасары А.М. Сейітов, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры Б.Ғ. Аяған және тағы басқалары қазақстандықтарды таяп қалған мерекелермен құттықтады.

Көрмеде қойылған материалдар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің директоры Махашов Жангелді әңгімелеп берді:

– Біздің көрме – құжаттық көрме. Қазақстан тәуелсіздігін алған уақыттан бастап құжаттар қойылған. Бірінші кезекте бұл –1991 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған Тәуелсіздік туралы Заң. Сонымен қоса, 1993 жылғы тұңғыш конституциялық заң, Конституцияның өзі, оның 1993 жылғы түпнұсқасы қойылды. Бізде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы заң да бар. Бұдан басқа, Ұлттық архивте қарулы күштерді құруға, Ұлттық қауіпсіздік комитетін құруға қатысты заңдар, құжаттар, Президенттің жарлықтары сақталады. Көрме бір ай жұмыс істейді, сондықтан барлық азаматтар келіп, бәрін өз көздерімен көрулеріне болады.  

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?