Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Президенттік архивте Мажарстандық ғалыммен кездесу өтті

2618
Президенттік архивте Мажарстандық ғалыммен кездесу өтті - e-history.kz
Ағымдағы жылдың 18 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Венгриялық тарихшы-ғалым, профессор Миклош Кунмен кездесу өтті.

Бұл туралы архивтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап National Digital History веб-порталы хабарлайды. 

Шара ҚР Президенті Архивінің 2016 жылға жоспарланған «Архив және қоғам: Тәуелсіздік құндылықтары» тақырыбындағы жетекші ғалымдар және қоғамтанушылармен кездесулер циклы аясында өткізілді.

Кездесу алдында Алматы қаласындағы Венгрияның Бас консулы Ференц Бауманн мен профессор Миклош Кун үшін Архивте экскурсия ұйымдастырылды.

Кездесудің басында Венгриядағы 1956 жылғы революция туралы «Играем спокойно» деректі фильмі көрсетілді.

Шараны Архив директоры Борис Әлікенұлы Жапаров алғысөзімен ашып, кездесу қатысушыларына ғалымның өмірі мен қызметінен ақпарат берді. Сонымен қатар Архивтің негізгі қызметіне тоқталып, сақтау қорларында венгр халқының тарихына қатысты құжаттарға шолу жасады.

Өз кезегінде сөз алған профессор Миклош Кун 1956 жылғы Венгриядағы революция мен одан кейінгі елдегі орын алған тарихи оқиғаларға мазмұнды шолу жасады.

Кездесу барысында ҚР Президенті Архивінің баспасөз хатшысы Ж.А. Сатаева сақтау қорларындағы Қазақстандағы азамат соғысы жылдарынан басталатын венгр халқының өкілдеріне қатысты тарихи құжаттар туралы айтып, кездесу қонақтарының назарына ұсынды. Сонымен қатар Архивтік технологиялар басқармасының басшысы Б.Ж. Шайлазымов Архив қонақтарын «Екінші дүниежүзілік соғыстың қазақстандық әскери тұтқындары: әдебиеттер, деректер, мәліметтер базасы» ғылыми-зерттеу жобасымен таныстырды.

Кездесуге Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Тарих факультетінің студенттері мен Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қызметкерлері қатысты.

Кездесу соңында Архив директоры Б.Ә.Жапаров екі елдің осы күнге дейінгі дипломатиялық, мәдени қарым-қатынастарына тоқталып, екі ел арасында архив саласы мен тарихшылар арасында да байланыстың нығая түсетініне сенім білдіретінін атап өтті.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?