Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ұлтты біріктіретін мереке

2765
Ұлтты біріктіретін мереке - e-history.kz
1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқының бірлігі мерекесі белгіленді. Совет заманынан белгілі мереке қазақстандық қоғамды біріктіруге бағытталған еді

ССРО-да 1 Мамырда Еңбекшілердің халықаралық ынтымақтастығы күні тойланып келді. Бұл мейрам қайдан пайда болғаны және оның тарихы туралы Qazaqstan tarihy порталы айтып береді.

Пролетариаттың халықаралық ынтымақтастығы күні алғаш рет осыдан 130 жыл бұрын, 1889 жылдың шілдесінде белгіленген. Осы күні Қазақстанда тұрып жатқан 130 ұлт пен ұлыс достықтың, түсіністік пен келісімнің осы бір мерекесін тойлайды. Мамырдың бірінші күнін тойлау дәстүрі өз бастауын қайдан алады? Егер тарихқа үңілер болсақ, онда бірінші мамырды большевиктердің ойлап таппағанын көруге болады.

XIX ғасырдың 60-шы жылдарында-ақ жұмысшылар қозғалысы пайда болды. Пролетарийлердің қатарын жүдеубас шаруалар мен қолөнершілер толтырды. Жұмысшылардың еңбек пен тұрмыс жағдайы өте ауры болды. Мереке тарихы Чикагодағы қайғылы оқиғалармен байланысты.

1886 жылдың 1 мамырында чикаголық жұмысшылар 15 сағаттық жұмыс күнін 8 сағатқа дейін қысқартуды талап етіп ереуілге шығады, екі күннен кейін наразылық акциясы нәтижесінде Маккормик зауытында бір адам өлтіріледі. 4 мамырда Хеймаркет алаңында полиция озбырлығына қарсы бұқара жиыны шақырылады. Кездесу бейбіт өтіп, адамдар тарқай бастағанда, бірақ полиция жиналғандарды күштеп қуып таратуға кіріседі. Осы кезде төбелес басталып, полицейлердің қатарына бомба лақтырылады. Полицейлер жұртқа қарай оқ ата бастайды. Жеті полицей өлтіріліп, 4 бейбіт тұрғын қаза табады, 100-ден аса адам жарақаттанады.

Чикагодағы сот 1886 жылғы тамыздың аяғына дейін жүреді. Сотталғандардың бірі түрмеде өзіне-өзі қол жұмсайды, ал қалған төртеуі 1887 жылдың 11 қарашасы асылып өлтіріледі. 1889 жылдың шілдесінде Парижде 2-ші Интернационалдың 1-ші Конгрессі 1 мамырды Халықаралық 8 сағаттық жұмыс күні үшін күрес күні және Барлық елдердің пролетариаттарының халықаралық ынтымақтастығы күні деп санау туралы шешім қабылдайды.

Ресей империясында бұл мереке алғаш рет 1890 жылы Варшавада жұмысшылардың бірінші мамырдағы ереуілімен атап өтіледі. Келесі жылы Петерборда алғашқы маевка өткізіледі. 1897 жылдан бпстап маевкалар саяси сипатқа ие болып, жаппай шерулер өткізіле бастайды. Әрине, билік қарап жатпай, шара қолданып жатты, ең бір белсенді дегендерді соттап, империяның шет өлкелеріне жер аударып жіберіп отырды.

Осылайша революциялық идеялар Қазақстанға келеді. Үкіметке қарсы ағынның жер аударылған қатысушылары Румянцев, Богомолов, Михаэлис Қазақстанда революциялық көзқарастарын тарата бастайды. 1905 жылғы 9 қаңтардағы «Қанды жексенбі» Қазақстандағы революциялық қозғалыстың басталуына түрткі болды. Осы трагедияға Мәшһүр Жүсіп бірінші болып үн қосып, «Қанды жексенбі» поэмасын жазады.

1905 жылғы желтоқсандағы Успен кен орнындағы ереуіл қазақ пен орыс жұмысшыларының ең ірі бас көтеруі болды. 12 күн бойы 360 жұмысшы еңбек ақысының көтерілуін, еңбек пен тұрмыс жағдайының жақсартылуын, міндетіне салақ қарайтын қызметшілерді жұмыстан аластатылуларын талап етіп ереуілге шығады. Кен орындарының иелері жұмысшылардың кейбір талаптарын ішінара орындайды.

1917 жылы 1 мамырды алғаш рет ашық тойлайды. Елдің барлық қалаларында жұмысшылар «Барлық билік Советтерге», «Министр-капиталистер жойылсын» деген ұрандармен көшеге шығады. Совет Одағында Жұмысшылардың халықаралық ынтымақтастығы күні мемлекеттік мереке болды. Апта сайынғы демалыс және мереке күндері туралы Ереже бойынша тарихи және қоғамдық оқиғалар туралы естеліктерге арналған мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынды.

Бұл даталарға 22 қаңтар – 1905 жылғы 9 қаңтар; 12 наурыз – самодержавиенің құлаған күні; 18 наурыз – Париж Коммунасы күні; 1 мамыр – Интернационал күні (1918 жылғы Еңбек туралы заңдар кодексінен) жатады. Бұл күні салтанатты шерулер, әскери парадтар өткізілді, ал халық екі күн – 1-2 мамыр демалды.  

«Дамыған социализм» дәуірінде ССРО-да бірінші мамыр шерулері өзінің мағынасын өзгертті. Бірінші мамырда ССРО жұмысшылары «капиталистік елдер жұмысшыларының революциялық күресіне ынтымақтастығын» және «ұлт-азаттық қозғалысқа ынтымақтастығын білдіретін».

Ең соңғы рет Жұмысшылардың ынтымақтастығы күні ретінде Бірінші мамыр ресми түрде 1990 жылы тойланды. Қазіргі Ресейде бұл мереке қандайда бір саяси мағынадан аулақ, 1992 жылдан бастап РФ Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Көктем мен Еңбек күні болып саналады.

Тәуелсіз Қазақстанда мереке 1996 жылдан бастап тойлана бастады. 1995 жылғы 18 қазанда «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Президент Жарлығына қол қойылды, соған сәйкес 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі - мереке күні, ал 2001 жылдан бастап «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына сәйкес – мемлекеттік мереке болып саналады.

Бұл күні Қазақстанда тұрып жатқан барлық қазақстандықтарды біріктіруге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстанда қалай атап өтіледі? Бұл күні ән айтылып, би биленеді, түрлі ойындар ойналады. Бұл күн адамдарға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Қазақстан халқын басқа халықтардың дәстүрімен таныстыратын ұлттық мәдени орталықтардың мерекеге қатысуының зор мәні бар. Мерекеге еңбек ұжымдары, ЖОО-ның студенттері, түрлі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Сонымен қатар бұл күні Қазақстан музейлері мен кітапханалары мерекеге және Қазақстанда тұрып жатқан халықтарға арналған көрмелер өткізеді. Бұл мереке – ұлтты біріктіруге бағытталған мереке.

1 мамыр Финляндия, Франция, Германия, Италия, Норвегия, Польша, Словакия, Словения, Испания мен Швеция сияқты көптеген еуропалық елдердің ұлттық мерекесі екенін атап өту керек. Оны сонымен қатар Коста-Рика, Панама, Куба, Мексика сияқты Орталық Америка елдерінде де атап өтеді. Аргентина, Боливия, Бразилия, Чили, Эквадор, Гайана, Перу, Уругвай мен Венесуэла сияқты Оңтүстік Америка елдерінде де 1 мамыр мереке ретінде тойланады. Азия елдерінде 1 мамыр Қытай, Тайланд пен Вьетнамда атап өтіледі. АҚШ, Австралия мен Канадада еңбек күні атап өтіледі, бірақ жылдың түрлі мезгілінде.

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?