Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қарин қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді

1219
Қарин қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді - e-history.kz

Сурет: akorda.kz

Ерлан Қарин Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды e-history.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында Мемлекеттік комиссияның зерттеу, баспа және архив жұмыстарының жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Іс-шарада 2023 жылы саяси қуғын-сүргін тарихына арналған кезекті материалдар мен құжаттар жинағын жарыққа шығару жоспарланғаны жөнінде мәлімет берілді.

Сондай-ақ ғалымдар мен сарапшылар XX ғасырдың 1920-50 жылдары аралығындағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына қатысты материалдарды терең зерттеуге және талдауға арналған ғылыми жобалардың нәтижелерін таныстырды.

Бұдан бөлек, комиссия отырысында ғалымдар мен зерттеушілердің ізденіс жұмыстарын қолдау мақсатында ұйымдастырылған нысаналы қаржыландыру бағдарламасының орындалу барысы қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссияның баспа қызметін дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, архив базасын жүйелеу және қорларға біріктіру ісін жалғастыру секілді негізгі бағыттарына қатысты тапсырмалар берілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?