Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Әуе қорғанысының әлеуеті

2476
Әуе қорғанысының әлеуеті  - e-history.kz
Қарулы күш – ел тыныштығының кепілі. Қорғаныс саласы қашанда көзден таса болмау керек, осы тұрғыда біздің бүгінгі әуе қорғаныс күшіміз қандай деңгейде, бірге танысайық

Бүгінде Қазақстанның Қарулы Күштеріне әлем елдері тәнті. Өйткені, бірегей мемлекеттік әскери-техникалық саясатты жүзеге асыруда халықаралық ынтымақтастық пен бітімгерлікті ұстанатын елдің сап түзеген әскеріне, оның жауынгерлік іс-қимылы мен әлеуетіне әртүрлі оқу-жаттығулар мен шаралар кезінде көріп жүр. Мәселен, жедел ден қоятын ұжымдық күштерді құру жөніндегі келісімге қол қойылғаннан бері (2009 жыл, 14 маусым) ұйымға мүше мемлекеттердің жетекшілері халықаралық жаттығуларға бірге қатысады. Осы орайда Қазақстан Республикасының аумағында басытауын 2010 жылы алған «Бейбіт аспан» террорға қарсы бірлескен әскери-оқу жаттығуын айтуға болады.

Әскер саласына қатысты, статистикалық мәліметтерге келсек, бүгінгі таңда Қазақстанның әскери бюджеті 2,4 млрд долларға бағаланады. Елімізде әскерге жарамды 2 473 529 ер адам, 3 168 048 әйел адам бар. Әскери қызметшілердің 70% -ы келісімшарт бойынша жасайды. Техникалық бөлімдерде, сонымен қатар әуе және теңіз қарулы күштерінде 99 % -ы келісім шартпен әскерилер қызмет етуде.

Қазақстан өз кезегінде кең көлемде халықаралық жаттығуларды өткізуге қолайлы материалдық базасы мен заманауи техникамен жабдықталған Қарулы Күштерінің салмақтығы мен мығымдығымен де танымал.

Одан өзге еліміздің әскерлері халықаралық ынтымақтастықпен өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Өзара іс-қимыл», «Мызғымас бауырластық», «Дала қыраны», «Жауынгерлік ынтымақтастық» және тағы басқа бірлескен оқу-жаттығуларын өткізіп жүр.

Бастауын 2010 жылдан алған, «KAZAKHSTAN DEFENCE EXPO -2010» халықаралық қару-жарақ, әскери техника және әскери-техникалық мүлік көрмесі арқылы да ҚР Қарулы Күштері жаңа халықаралық аренаға қару-жарағымен, әскери техника мен байланыс және әскери мүлкімен танылды.

Бұл дегеніміз Қазақстанның әскери қуатының жыл санап артып келе жатқандығын көрсетеді.

Мәселен, 2015 жылы ҚР Қарулы Күштерінде 3 600-ден аса оқу-жаттығу ұйымдастырылып, соның ішінде әртүрлі қарудан 21 000-нан аса практикалық оқ атулар өткізілген. 2016 жылғы деректер бойынша барлық саны 3900 оқу-жаттығу өткізілсе, үстіміздегі жылы 3000-нан аса оқу-жаттығу өткізіліп оның ішінде 200-ге жуығы халықаралық дейгейге жатады.

Алдағы уақытта да әскерилерді түрлі оқу-жаттығулар мен халықаралық сайыстар күтіп тұр. Соған дайын болу үшін қазақстандық әскерилеріміздің жауынгерлік дайындығына мән беріліп, нақты міндеттер атқарылуда. Қазір жауынгерлік даярлықтың сапасын арттыруда әскери қызметшілердің классикалық жауынгерлік іс-қимылдарына ден қоюға, таулы және елді мекендердегі қорғаныс, шабуылдау, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге, тау ішінде жаяу жүріс марштарын жасау, қыста шаңғы тебуге, стратегиялық, жедел-тактикалық және тактикалық оқу-жаттығуларда шыңдала түсуге аса мән берілген. Осыған дейін талай белестен өтіп, талай қимылды алған Қазақстан армиясы осындай әрі халықаралық оқу-жаттығуларда шыңдалып әрі ықшам әрі кәсіби әскер екенін тағы дәлелдеп, шығары хақ.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау жөніндегі бұдан былайғы шаралар туралы» 1997 жылғы 17 қарашадағы № 3761 Жарлығын және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1998 жылғы 1 сәуірдегі директивасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетін нығайту мақсатымен 1998 жылғы 1 маусымда құрылған.

«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күшетерінің құрылған күнін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының 2008 жылғы 17 сәуірдегі №146 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің құрылған күні – 18 тамыз болып белгіленді.

Осы орайда, қорғаныс саласының бірі Әуе қорғаныс күштерінің әупіріміне толығырақ тоқталар болсақ. Әуе қорғанысын қамтамасыз етуде МиГ-31 жойғыштары, МиГ-29 жойғыштары, МиГ-27 және Су-27 жойғыш-бомбалаушылары іс жүзінде қорғайтын нысандарын максималды қашықтықта кез келген әуе нысандарын жоюға қабілетті. Қазақстанның ӘҚК әскери-әуе күштері ТМД елдері арасында Ресей ӘӘК-нен кейін саны жағынан екінші орын алады. Оның қарамағында 400-ден астам әскери ұшақтар, 80-нен астам транспорттық ұшақтар мен түрлі мақсаттардағы 300-ден астам тікұшақтар бар. Еліміздің әуе күштерін қорғау бойынша, құрлық әскерлерін қолдау және қару-жарақтар мен жеке құрамды әуе арқылы жылдам тасымалдау бойынша міндеттерді тиімді орындауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әскери-әуе күштерінде СУ-27 модернизацияланды. Қарамағында МиГ-31 тосқауылшы жойғыштары, МиГ-29, МиГ-29УБ, МиГ-23, МиГ-27 майдан жойғыштары, МиГ-27 жойғыш-бомбалаушылары, Су-25, Су-27, және Су-30 СМ көпмақсатты жойғыштары, Ми-8, Ми-171Ш, Ми-17В-5 және Ми-26 әскери-транспорттық тікұшақтары, «Хьюи-2» тікұшақтары, ЕС-145 «Еврокоптер» тікұшақтары мен әскери -транспорттық авацияның Ту-134, Ту-154, Ан-72, Ан-26, Ан-12 және С-295 ұшақтары бар.

Қазіргі кезде ҚР ҚК ӘҚК әскери авиациялық бөлімдері МиГ-29, МиГ-31, Су-27, Су-25 және Су-30 заманауи ұшақтарымен жасақталған. Бұл авиациялық кешендер – жетекші авиациялық сарапшылардың бағалауынша, аэродинамикалық, ұшу және жауынгерлік сипаттамалары жағынан әлемдегі үздіктердің қатарында.

Тәуелсіз Қазақстанның 26 жыл тарихында алған рет қазақстандық ӘӘК әскери-транспорттық авиациясының паркі жаңа буынды ұшақтармен толығып жатыр. 2018 жылдың соңына дейін ӘҚК әскери-әуе күштерінің авиапаркі сегіз С-295 ұшақтарымен толықтырылады. Авиациялық паркті жаңартудың нәтижесінде әскерлерді, қару-жарақтар мен әскери техниканы жанармай құю үшін аралық тоқтаусыз кез келген стратегиялық бағытта жеткізе алатындай авиацияның аэротасымалдау мүмкіндіктері пайда болады. Бүгінгі күні Қарулы Күштердің техникалық жасақталуының деңгейі анағұрлым жоғары, сапалы деңгейге жетті. Бұл өз кезегінде Қарулы күштер мен Қорғаныс саласына назар аударғанның арқасында. 

Әуе қозғалысы басқару орталығында маңызды әрі жауапты міндет атқаратын өз ісінің шеберлері қызмет етеді. Бұл – әуе кеңістігін қолдануды бақылау, әуе кемелерінің ұшуын тікелей басқару, халықтық шаруашылық пен ел қорғанысының мүддесі үшін әуе кеңістігін тиімді бөлу, әуе қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Арнайы тоқталып, кететін тағы бір жайт еліміздің аспан тыныштығын күзететін Еврокоптер тікұшағы Қазақстанда құрастырылған. Қазақстандық ұшқыштар әуеде самғау сағаты бойынша ТМД елдері арасында алдыңғы қатарда. Бұл алдымен ұрыс кезіндегі шеберлікке тікелей қатысты. Биыл өткен халықаралық ұшқыштар байқауында жалпы командалық есепте 2 орын алды.

Одан басқа, Қазақстан 2017 жылы МИ-171 мен СУ-30 ұшақтарымен толықты. Бұл техникалар әуеде түрлі әскери тапсырмаларды шұғыл әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді.

Осылайша, әуе қорғаныс күштерінің әлеуеті одан әрі түсуде. Сондай-ақ заманауи техниканы жоғары деңгейде меңгерген ұшқыштар жақын уақытта толықтай елімізде дайындалып білікті мамандар тапшылығы толық шешімін таппақ.

 

Дәулет Ізтілеу

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?