Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Ақ үйді атқылау

1336
Ақ үйді атқылау - e-history.kz
1993 жылғы 21 қыркүйекте Борис Ельцин Халық депутаттары съезімен Жоғары Кеңесті тарату туралы №1400 Жарлыққа қол қояды

1993 жылғы қыркүйек-қазан оқиғасы қайғылы дамып, жеті жүзге жуық адам құрбан болды.  Сол кезең «Ақ Үйдің атқылануы», «кеңестер Үйінің атқылануы», «Қара Қазан», «Жарлық 1400» деген сияқты аттарға ие болды. Борис Ельциннің басты оппоненттері Руслан Хасбулатов пен  Александр Руцкой болды. Демократиялық өзгерістер кезінде олар Б.Ельцинді қолдады, бірақ уақыт өте келе олардың көзқарастары өзгереді. Бұған Ельциннің іс-әрекеті мен оның қарамағындағыларға деген қарым-қатынасы себеп болуы мүмікн.  

Оның үстіне Егор Гайдар жүргізіп отырған экономикалық саясатқа қатысты Борис Ельцин сынның астында қалды. Ельцин өз жағдайын сақтау үшін тез арада жаңа сайлау жүргізіп, съезді таратып жіберу керектігін түсінеді. Бірақ бұл конституциялық заңды ашықтан-ашық бұзу болатын. Егер көпшілік президенттің іс-әрекетін заңға қайшы деп есептегенде, бұл жағдай Хасбулатов пен Руцкой үшін пайдалы болатын.

1992 жылғы экономикалық реформадан кейін Ельциннің сынның астында қалуы, оның сырт көзге беделсіз болып көрінуі Хасбулатов пен Руцкойдың сенімділіктерін нығайта түсті. Ресейдің нарықтық экономикаға өтуі аса қиын жағдайда өтті. Сөрелердің көпшілігі қаңырап бос тұрды, кей тауарлар кәртішкемен берілді, бірақ соның өзінде де оларға қолжеткізу қиын болатын.

29 қаңтарда Ельцин «Сауда-саттық еркіндігі туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік монополия алынғаннан кейін, кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігі пайда болып, сәйкесінше сөрелердегі азық-түлік дефициті жойылып, түрлі тауарлар пайда болды. Сонымен қатар баға да жоғары өрлей жөнелді.

Егор Гайдардың «талдырма терапиясы» негізінде баға мен сыртқы сауда либерализациясы, салық салу жүйесін қайта ұйымдастыру және басқа да өзгерістер сияқты тармақтар жатты. Нан, сүт, алкогольдік ішімдіктер, коммуналдық қызмет, көлік, мұнай, газ және электр сияқты әлеуметтік маңызды тауарлар мен қызметтер бағасына бақылау сақталды. Бақылаусыз баға құрау бағаның бірден өсуіне әкеп соғып, елде гиперинфляция басталды.

Саясатшылар Ельциннің саяси мансабы құрдымға кетті деп болжап, оппозицияға кете бастайды. Бірақ, Ельцин саяси ерік білдіріп, Егор Гайдардың іс-қимылына еркіндік береді. Экономикалық білімі бар Хасбулатов елдің экономикалық бағдарламасын басқаша көрді. Кеңес Одағы құлап, еркіндік алғаннан кейінгі 1991 жылдар ақиқатында Гайдардың стратегиясы оған сәтті стратегия болып көрінбеді. Алайда, реформалар біртіндеп жұмыс істей бастады, жарты жылдан кейін нарықтық экономикаға өтудің нәтижелері көріне бастайды, бұрынғы посткеңестік кеңістікте де іскер, бәсекеге қабілетті өнім ұсына алатын адамдар барын дәлелдеген алғашқы кәсіпкерлер пайда болды.

Хасбулатов та саяси амбициялардан ада емес еді, Жоғары Кеңес Ресей құрамындағы республикалардың президенттерін лауазымынан алып тастауға құқылы болуын, ал, егер президент қол қоймаса, заңға  Жоғары Кеңес төрағасы қол қоюға құқылы болуы сияқты конституциялық түзетулерді белсенді ілгерілетіп отырды. Халық депутаттары съезі мен Жоғары Кеңес құрамындағы саяси қарсыластарына қарсы тұра алу үшін мемлекет құрылымын қайта құрып, Конституцияға өзгерістер енгізу қажет болды. Бұл ретте мәселе тек Халық депутаттары съезі мен Жоғары Кеңесті таратуға ғана қатысты болған жоқ – бұл Ельцин үшін де үлкен тәуекел еді. Ол өз орнын сақтауы немесе дауыс саны бойынша жеңіліп, мемлекеттік төңкеріс жасады деп айыпталып, сотталуы мүмкін еді.

Ресей Президентінің 1993 жылғы 20 наурызда сөйлеген сөзі оқиғаның шегі деп есептелді. «Мен Ресей азаматтарынан кіммен болатындарыңызды айқындауларыңызды сұраймын» деп сөзін бастап, президент пен парламент тағдыры туралы референдум өткізу туралы жария етті. Депутаттар Ельциннің мәлімдемесінен қорыққан жоқ. Ол оларға Президентті Конституцияны бұзды деп айыптап, президентті лауазымынан аластауға мүмкіндік беретін. Ельцинді қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін прокуратура материал жинай бастайды.

26 наурызда Халық депутаттарының IX кезектен тыс съезінде Ельцинге импичмент жариялау туралы шешім қабылданады. Халық дауысынсыз съезд шешімін қабылдамайтыны туралы Ельцин алдын-ала мәлімдеп қояды. Алайда, импичмент (президентті орнынан алып тастау) үшін депутаттардың 30 дауысы жетпей қалады. Бұл Ельциннің жеңісі болатын. Бірақ іс Ельцин үшін жағымсыз аяқталса да, ол билікті уысынан шығара қоймас еді.

Екі тарап та бір-бірін мемлекетке қарсы іс-қимыл жасады деп айыптады. Ельцинді Конституцияны өрескел бұзды деп айыптады, ал ол өз кезегінде парламент құр ғана сөйлеп қояды, ел ішінде бей-берекетсіздік орнатты деп айыптады. Екі тарап та адырнадай тартылып тұрды.

1993 жылғы 25 сәуірде Президенттің, Халық депутаттары съезінің және Жоғарғы Кеңестің тағдыры шешілген Жалпыресейлік референдум өтті. Ол мүлдем күтпеген нәтиже беріп, оппозицияның үмітін ақтамады. Млечин Л. өзінің «Борис Ельцин. Соңғы сөз» деген кітабында былай дейді: «Референдумға дауыс беруге құқылылардың 64,6 пайызы қатысты. ... оны 58 пайыз қолдап, реформалар саясатын 53 пайызы қолдады. Президентті қайта сайлауға 31 пайыз дауыс берілсе, депутаттардың қайта сайлануын 43 пайызы қалады». Ельциннің жақтастары ол Халық депутаттары съезін таратады деп күтті. Конституция жобасы жасалды, ол бойынша Президент биліктің үш тармағы шегінен шығарылып, кеңейтілген құқықтарға ие болып, мемлекет басшысына айналды. 1993 жылғы 1 қыркүйекте вице-президент Александр Руцкой жемқорлықпен айыпталып, лауазымынан алшақтатылды. Тексеру басталды.

Осы уақытта Ельцин аяқ астынан демалуға кетіп қалады. Оның денсаулығы алкогольдік ішімдік әсерінен нашарлады деген сыбыстар шыға бастады. осындай стрестік жағдайда ол өз қызметтік міндеттерін орындауға орала алмайды деп қарсыластары мәз болысты. Кеңестік купюраларды айналымнан алу үшін үкімет ақша реформасы туралы жариялағаннан халық ашуы үдей түсті. Ельциннің рейтингі құлай бастады. адамдар билік айыптап, шегі жоқ кезектерде тұрды. Хасбулатов осы жағдайды пайдаланып, ақша реформасын айыптай бастады. Халық депутаттарының съезі Конституцияға 300-ден аса түзетулер енгізе отырып, шындығында жаңа Конституция жасап шығарды. Ельцин әрекет етуге шешім қабылдайды. Ол елдің әскери күштерін тексереді. Дивизиялардың бір бөлігі қарсы бетке шығуы мүмкін еді. «1993 жылғы 21 қыркүйекте президент «Конституциялық реформаның кезең-кезеңі туралы» №1400 Жарлыққа қол қояды».

Ельцин Халық депутаттары съезі мен Жоғары Кеңесті таратып, 1993 жылғы 12 желтоқсанға жаңа өкілдік орган – Федералдық жиынға сайлау жариялады. Жарлық мәтініне қарсы келетін бөлігінде конституция күші «жойылды». Кешкі сағат сегізде теледидардан №1400 Жарлықтың мәтіні оқылды. Эфирдегі Ельцин сөзінен кейін түрлері жабыңқы болса да, үкімет президентті қолдады.  Үкімет мүшелері жеке күзетпен жүрді, министрлердің қабылдау бөлмелерін қолдарына автомат ұстаған омондықтар күзетті. Жоғарғы Кеңес бұл әрекеттерді  Конституцияға қарсы әрекеттер деп, мемлекеттік төңкеріс ретінде бағалады. Жоғарғы Кеңес Президиумы А.В.Руцкойды РФ Президенті ретінде тағайындау туралы қаулы қабылдайды.

1993 жылғы 23 қыркүйекте Халық депутаттарының соңғы съезі Б.Ельцин режимінің заңсыздығын және президенттік өкілеттілікті Александр Руцкойға беру туралы жария етеді. ТМД мемлекеттерінің басшылары мәскеуде болып жатқан оқиғаларға бей-жай қарай алмады. Нұрсұлтан Назарбаев Мәлімдеме жасайды. Қазақстан Президенті Ресейде орын аплған жағдай ұлы халықтың тағдырына бей-жай қарай алмайтындарды қатты толғандыратындығын атап өтті. «Президент Ельциннің әрекеттерін саяси тығырықтан шығу жолдарының бірі деп қабылдаймыз. Алайда, қазіргі уақытта конфронтацияның бұдан әрі үдеп кетуін болдырмау керек, өйткені оның салдарын болжап білуге болмайды». Нұрсұлтан Назарбаев барлық тараптарды саяси мәселені конструктивті және өркениетті жолдармен шешу тәсілдерін іздестіруге шақырды. Мәскеудегі жағдай қиындай берді. Ақ Үйдің ішінара блокадасы басталды. Ғимаратқа кіруге ешкімге рұқсат етілмеді. РФ Үкімет Үйінде су, электр жарығы мен жылуды өшірілді. 3 қазан жағдай шырқау шегіне жетті. Мәскеуде тәртіпсіздік, бей-берекетсіздік орын алады. Биліктегі саяси режимге қарсы жұрт тобырыСадовоены кольцоны жауып, Жаңа Арбаттағы мэрияның көп қабатты ғимаратын басып алып, «Останкино» телеорталығына беттейді. Қырғын мен тонау басталады, атыс дыбысы шығады. Борис Ельцин Қорғаныс министрі Павел Грачевқа тәртіпсіздікті басу туралы бұйрық береді.

4 қазанда таң сәріде Мәскеуге десант бөлімдері кіргізіліп, 6 сағат 45 минутта Ақ Үйді атқылау басталады. Жоғарғы Кеңес мүшелері ғимаратты тастап шыға бастайды. «Альфа» арнайы бөлімшесінің қызметкерлері Руслан Хасбулатовты, Александр Руцкойды және басқа да адамдарды тұтқындайды. Қазан оқиғалары кезінде 150-ге жуық адам қаза тауып, 700-ге жуық адам зардап шекті.  

 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?