
Әбішев Жантөре Нұрланұлы - металлург, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспонденті. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы. 50 өнертабысының авторы, АҚШ, Канада, ГФР, Австралиядан патенттер алынды. «Құрмет белгісі» ордені, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің медальдары мен Құрмет грамоталарымен марапатталған.