Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті жазушылардың бірі. Назарларыңызға «Көшпенділер» трилогиясының авторына қатысты бірегей 20 деректі ұсынамыз
- Ілияс Есенберлинге дейін қазақ әдебиетінде елдің тарихы туралы кітап болмаған. Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» еңбегі ХІХ ғасырдың қазақ қоғамының өмірін бейнелейді, ал моңғол дәуіріне дейін Ұлы Дала көшпенділері, Шыңғысхан мен Алтын Орда дәуірі, XV – XVI ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, оның көптеген жылдар бойы жоңғарлармен шайқастары, қазақ даласының Ресейге қосылған заманы туралы мәлімет болмаған. Жазушының өзі «Көшпенділер» трилогиясы туралы былай жазған: «Мен «Көшпенділер» трилогиясын 1945 жылы ниет еткенмін. 1960 жылы осы үш романның жұмысына кірістім. Сондай ұзақ әзірлеудің себебі оңай: тарихи материал шыдамдылықпен автордың мұқияттылығын талап етеді».
- Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Көшпенділер» трилогиясы туралы: «Ілияс Есенберлин шығармашылығында бас орынды көрініс динамизмге, қазақ тарихының аса көрнекті қайраткерлерінің қайталанбас бейнелеріне мол, нақты және айқын тілді «Көшпенділер» трилогиясы алады»,-деп айтқан. Кейін ол кітаптың ағылшын шығарылымына алғысөз жазған.
- Техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жоғары мектеп қызметкері Өмірхан Аймағамбетұлы Байқоңыров Ілияс Есенберлиннің курстас досы болған.
- Ілияс Есенберлиннің апасы мен інісі бар. Апасы тұрмысқа сәтсіз шығып, кенішке кеткен. Ілиястың әкесінің ата-анасы дүние салғаннан кейін немере ағасы екі баланы асырай алмай жанұясынан кіші Равнақты ғана алды. «Сол кезде жағдай өте қиын еді, елдің 90 пайызы сол аймақта шешек эпидемиясынан дүниеден өткен. Әкем бір жыл панасыз өмір сүрген, ал Лениннің өлген күні, 1924 жылы 21 қантарда, оны рейд өткізіп жүрген кезде тауып алып, балалар үйіне орналастырған» - дейді баласы Қозыкөрпеш Есенберлин.
- Ілияс Есенберлин болашақ жарын алғашқы рет опера театрында көрген. 1943 жылдың қысында Ұлы Отан соғысы кезде әйгілі балерина Галина Уланованы Алматыға көшірді. Театрда соның қатысуыменен жаңа қойылымдар болған. Ілияс Диляраны театрдың гардеробында көріп, киімін киюге көмектескен. Опера театрының қасында мемлекет берген Ілиястың пәтері болған. Бірақ Ілияс мемлекет берген пәтерін әріптесіне сыйға берген.
- Ілиястың әйелі Орталық компартияның секретарі, әділет министрі Хамза Жүсіпбекұлының қызы Диляра болған. Ілиястың қайын атасы Сәкен Сейфуллинмен бір ауылдың тумасы, одан әрі – Сәкенмен бір үйде өмір сүрген. Танысқан кезенде Диляра бірден әкесі жазаланғаны туралы айтты. Алайда оған қарамастан, олар үйленген.
- Ұлы Отан соғысының аяғында Ілияс Есенберлин енесін (жазаланған наркомның жесірі) Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагерінен алып келді. Бір жылдан кейін Ілиясты Орталық компартиядан алып тастап, жала жауып, түрмеге салған.
- «Әкемді Түрікменстандағы Қарақұм каналын соғуға жіберді. Ол жерде жазаланғандардың өмірі бір жылдан көпке созылмайтын. Әкем үш ай жұмыс істеген соң, басшысы оның зарядпен айналысқанын көрген соң каптеркіге жіберді. Әкем оқуды таукен инженеріне оқыған ғой, сол оның өмірін құтқарды» - деді Қозыкөрпеш Есенберлин.
- 1953 жылы Ілияс азат етілді. Ол үйіне бармай тікелей Дінмұхаммед Қонаевқа барған. Сол кісі оған ақша беріп: «Мәскеуге бар, сол жақта партияға қайтадан кір» деді. Сол уақытта Мәскеуге бармай партияға оралу көптеген жылдарға созылуы мүмкін еді.
- Ілияспен Диляраның жанұясында үш қызымен, жалғыз әрі ең кішісі Қозыкөрпеш атты ұлы болған. Диляра үшінші қызымен босанғаннан кейін, перзентханадан қайтқысы келмей қатты ұялған. Әкесі «Тағы да бір рет тырысайық» деп орындатпай қоймады.
- Ілияс Есенберлиннің қызы Раушанның естелігі: «Менің әкем туралы қалған ең жарқын естелігім ұлы Қозыкөрпеш туылғаны. Біз перзентханаға бардық. Ол қуаныштан, шаттықтан мейірбикелерді сүйіп, құшақтаған. Қайтар жолда трамвайға отырғанымызда әкеміз барлықтарына ұлы туылғанын жариялаған».
- Ілияс қазақтың әдебиетімен эпостарын сүйгендіктен жалғыз ұлына Қозыкөрпеш деген есім берді. Раушан Ілиясқызы: «Қозы Көрпеш әкем үшін Ромео секілді ұлттық батыр болған. Ол ұлына сондай есім беретінін бірден білген. Мен туылғанымда әкем Қарағанды қаласында Қонаевпен бірге жұмыс істеген. Дінмұхаммед ағамыз қызына Раушан деген есім бер деп кеңес берген. Ал Дильфрузаның есімін әжеміз татар болғандықтан таңдадық. Алайда әкем Дильфруза деген парсы тілден жарық беретін күн деген мағынаны білдіреді деп айтатын».
- Қазіргі Алматы қаласындағы Желтоқсан мен Жамбыл көшелерінің қиылысындағы үйде жазушы жанұясымен бірге 1963 жылынан бастап дүниеден өткенге дейін өмір сүрген. Үйдің қасындағы қарағай саябағында Есенберлин Морис Симашко, Әнуар Әлімжанұлы, Олжас Сүлейменұлы, Юрий Домбровскиймен серуендеген. Аса көрнекті орыс жазушы Домбровский бұл жерде жер аударылған. Ілияспен бірге олар киностудияда жұмыс атқарған, бірге көптеген сценарий жазған.
- «Көптеген адамдар менің әкем қатты шаршағандықтан дүние салғаны туралы жазады. Ол 69 жасында «Алтын Орда» мен «Мұхиттен өткен қайық» кітаптарымен байланысты жұмыстарды аяқтап жатқан. Оған дейін ол Мәскеу қаласында кітап жәрмеңкесіне қатысқан, сол жерде ол өзін жаман сезінген. Дәрігерлер келіп, ауруханаға апарып инфаркт болғанын анықтаған. Олар дұрыс емес диагнозты қойып, әкеме жүруге рұқсат берген. Ал түнде Ілияс Есенберлиннің жүрегі жарылды» - деді баласы Қозыкөрпеш.
- 1969 жылы қазақтың соңғы ханы Кенесары хан туралы жазылған бірінші «Қаһар» романы жарық көрген. Екі жылдан кейін «Алмас Қылыш», тағы да үш жылдан кейін – үшінші романы «Жанталас». Үшеуіде әйгілі «Көшпенділер» трилогиясын құраған. Оны орыс тіліне аударған Морис Симашко 1986 жылы ҚазССР мемлекеттік сыйлығына ие болған.
- Трилогия 1980 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығына ізденген, алайда Қазақстан Жазушылар одағы әріптестері Комитетке жасырын тасталған хат жазып, Комитет қызметкерлері кітапты сөз бұйдаға салды.
- Ілияс Есенберлиннің «Мұхиттан өткен қайық» атты романы жазушының өмірден өткеннен кейін жарық көрді. Оның себебі роман 50-60 жылдары шынайы болған оқиғаға негізделінген. Романның негізгі кейіпкерлері Брежнев, Қонаев және тағы да басқа шенеуніктердің прототиптері болғандықтан, билікте отырған өкілдерінің көбісі адамгершілігінен айырылған, қызмет, мансап, дәреже үшін жымысқы әрекеттерге құмар бағдарсыз мансапқорлар бейнеленгендіктен Саттар Имашев, ЦК идеология секретарі, романды шығаруға рұқсат бермеген.
- Ілияс Есенберлиннің моласында «Мен тарихты жаздым. Оны өзімнің халқым әділеттіліктің жалауының астында болашаққа жүруі үшін ашуға тырыстым» деген жазу бар.
- Ілияс Есенберлин жапон тіліне аударылған жалғыз қазақ жазушысы.
- Ұлы жазушының туыстары Ілиястың ескерткіші Алматы қаласында орнығуын қалаған. Бірақ әкімшіліктен келген жауапта өтінішті қабылдамау шешімі қабылданған. Оның себебі Астана, Алматы және Атбасар қалаларында Ілияс Есенберлинның есімі берілген көшелердің жеткілікті болуы.