Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Әділбек ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ, жазушы: «Хан Кененің рухы аласармасын!»

1312
Әділбек ЫБЫРАЙЫМҰЛЫ, жазушы: «Хан Кененің рухы аласармасын!» - e-history.kz

Соңғы жылдары қазақтың қилы тарихына жаңаша көзқараспен қайта қарау мәселесі орнықты. Дұрыс іс. Осы ретте, Хан Кененің, әйгілі Кенесары Қасымұлының тағдырына, тұлғасына да жаңаша көзқараспен қарап, саяси һәм тарихи баға беру мәселесі қолға алынды. Иә, Кенесары қазақтың ең соңғы ханы. 

Өз мемлекеті үшін күрескен, Ресей империясына қарсы ұлт-азаттық соғысын ашып, қарулы күрес бастаған дала көкжалы еді. Екі жыл бұрын танымал жазушы, ақын Әділбек Ыбырайымұлы «Семсер жүзіндегі серт» деп аталатын роман-трилогия жазып, Хан Кенесарыны ұлықтап, тұғырын тіктеді. Ұлы ханның болмыс-бітімін сомдаған жазушымен аз-кем сөйлестік: 

Хан Кене туралы роман жазу идеясы қалай келді?

- Тәуелсіздік мұраты айқын, сипаты нақ болғаннан соң, қазақ халқының азаттығы үшін қолына ақ ту ұстап, ақбоз атқа мінген Кенесары хан туралы роман жазылуы тиіс деп шештім.

Роман-трилогияны қанша уақытта жаздыңыз?

- "Семсер жүзіндегі серт" роман-трилогия он жылдың ауқымында жазылды.

Хан Кене туралы деректерді қалай іздендіңіз?

- кітапханалардан, мұрахаттан, елдің арасынан, аңыз әңгімелерден іздедім.

-⁠Ханның жүріп өткен жерлерін толық шарладыңыз ба?

- Хан Кененің майдан салған аумағы өте кең, бәрін толық аралап шыға алмадым. Негізгі өңірлерге табаным тиді. 

Романдағы тарихи шындық пен көркем шындық арасы қаншалықты жақын? 

- Тарихи шындық пен көркемдік шындықтың арасын мейлінше жуық алдым. Хан Кененің рухы аласармасын! Хан Кене – рухы сынған, қанаты қырқылқаған қазақтың ар-ожданы, намысы. Намысыңды татпа, қазақ! 

Қазіргі Қазақ мемлекетінің болашақтағы ұлттық идеологиясы мен бағытына жазушы ретінде қалай үлес қоса аласыз?

- Тарихи шындықтарды жазып, тарихи тұлғаларды сомдау арқылы ұлт жадысына өзгеріс енгізе отырып, еліміздің ұлттық идеологиясының барынша халықтық мүддеге сай өрбу бағытына ықпал етуге болады деп ойлаймын. Тарихи жадыны жаңғырту арқылы ұлттық идеологияны тиімді бағытқа бұруға күш жұмсаймын.

Сұхбаттасқан:  Ж. АЛАШ

Жауынбай Жылқыбайұлы

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?