Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанды отарлаудағы Қызыл Крест Қоғамының рөлі

3080
Қазақстанды отарлаудағы Қызыл Крест Қоғамының рөлі - e-history.kz

Қызыл Кресттың жұмысы туралы көп нәрсе белгілі. Алайда, XIX және ХХ ғасырлар тоғысындағы Ресей империясының Қазақстанды отарлауының соңғы кезеңі кезеңінде дәл осы ұйым қоныс аударушыларға Ұлы дала кеңістігінде қоныстануға көмектескенін білушілер аз. Qazaqstan Tarihy порталы Қызыл Крест қоғамынан қоныс аударушыларға қандай көмек көрсетілгені және оған қанша қаржы жұмсағаны туралы әңгімелейді.

Қазақстанды отарлаудың ілеспе құбылыстарының бірі – аузы асқа жарымау және ауыр тұрмыстық жағдайларға байланысты қоныстанушылар арасында дамыған эпидемиялық аурулар болды. Кері қоныс аударушылар сияқты, бұл ауру таралу мен аштық жағдайлары көші-қон сапасының көрсеткіші болды. Өкінішке орай, бұл құбылыстар қоныс аудару бөлімінің назарын жеткілікті түрде аудармады, ол отарлау ісін зерттеуге, атап айтқанда, оның кемшіліктерін зерттеуге мүлдем бейім емес еді.

Аймақты отарлау үшін қолайсыз – тайга қойнауына немесе сусыз шөлдерге тап болған қоныстанушылар мен әлі қоныстанып үлгермеген қонысаударушылардың тағдыры туралы мәселе әсресе түсініксіз, күңгірт болды.

Дегенмен мұндағы жағдай туралы, егер жаңа қоныстанушыларға шұғыл көмек қажет болса, онда ол қоныс аудару сметасы есебінен емес, азық-түлік капиталы мен Қызыл Крест қаражаты есебінен қамтамасыз етілгені белгілі. Қоныс аудару басқармасының есептерінде бұл қаражат туралы мүлдем айтылмады. Сонымен қатар, отарлаудың табыстылығын бағалау үшін осы шығындардың нәтижелерін білу өте маңызды болар еді.

1911 жылдың жазында "Сибирские вопросы" газетінде жарық көрген мақалада автор Қызыл Крест қоғамының Басқарма төрағасы А.А. Ильиннің сыпайылығын пайдаланып, 1907 жылдан 1911 жылға дейінгі жылдардағы Қызыл Крест шығыстарының көрсеткіштерін хабарлаған.

1907 жылы Ақмола және Семей облыстарына 27 067 р. 08 т жұмсалған.

1908 жылы Ақмола облысы мен Шығыс Сібірге - 13 070 р. 47 т.

1909 жылы Ақмола мен Торғай облыстарына - 50 709 р. 43 т.

1910 ж. Ақмола және Семей облыстарына – 211 335 р. 43 т.

Осылайша, Қызыл Крест шығындары (1907 жылы 27 мың рубль) 1910 жылы 211 мың рубльге дейін, яғни шамамен он есе өсті. Сібірмен осыған дейін таныс болмаған Қызыл Крест қоғамы қонысаударушылардың тұрақты қамқоршысына айналды. Оның жасақтары олардың арасындағы өз қызметін тоқтатпады.

Қызыл Крест дәрігерлік те, азық-түлік көмегінде көрсетті.

Әселен, 1908 жылы жасақтар қырқұлақ, сүзек және басқа да жұқпалы аурулармен күресті.

1909 жылы жолдағы қонысаударушыларға медициналық-тамақтану және санитарлық-азық-түлік көмегі ұйымдастырылды.

1910 жылы отрядтар қырқұлақ, бөртпе сүзек, іш сүзегі, шешек және безгекпен күресіп, тамақтану пункттерін ұйымдастырып, азық-түлік көмегін көрсетті.

Өкінішке орай, Қызыл Крест қоғамы көпшілікті өз есептерімен, өзі жіберген дәрігерлердің бақылау нәтижелерімен, қонысаударушылар арасындағы аштық жариялау себептері туралы таныстырмады. Бұл бақылаулар қалаулы қонысаударушылардың типі мен әртүрлі аудандардың отарлауға жарамдылығы туралы мәселелерді шешуге көмектесер еді. 

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?