Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Еуропаның өркендеуіне әсер еткен - Андалусия

2111
Еуропаның өркендеуіне әсер еткен - Андалусия - e-history.kz
Андалусияның соңғы дәуірінде халқы Исламның әмірлерінен алыстап, тіпті әһли сүннет сенімінен айрылғаны үшін Пирен тауларынан ары аса алмады.

Андалусия мемлекеті (711—1492) оңтүстік Испанияда билік құрған әмәуи мемлекеті. Әмәуилер мемлекеті құлағаннан кейін Әд-Дахил (Мухажир) лақабымен танымал Абдуррахман бин Муавие 755 ж әскерлерімен Андулусия жеріндегі Әл-Мунаққаб портына келіп тоқтайды. Андалус әміршісі Иусуп әл-Фихримен болған соғыста жеңіп 756 ж Кардобаға барып өзінің әмірлігін жариялайды. Бұл хабарды естіген әмәуи жақтастары бұл өлкеге келіп қоныстанып оның күшті мемлекет құруына көмекші болады. 

72d3e14949055d0672bf51e372959da9.jpg

Әмәуилер Ислам дінін Испания арқылы Европаға енгізді. Фас (Марокко), Кардоба және Гранада университетін құрып батысты ғылыммен нұрландырды. Христиан әлемінің оянып бүгінгі дамуының негізін салуына себепші болды. Барлық мемлекеттерден адамдар білім алу үшін Кардобаға ағылып келіп жатты. Кардобада үлкен медицина факултеті құрылды. Бұл Европада алғаш құрылған медицина факултеті саналады. Европа королдері, мемлекет қызметкерлері емделу үшін Кардобаға келіп мәдениеттілігін, көркем мінездігін, қонақжайлығын көріп таңданысын жасыра алмайтын. Алты жүз мың кітабы бар кітапханасы болды. Теңдесі болмаған, нәзік шеберлікпен салынған сарайлары, мешіттері, бақшалары көз тартатын. Андалусияда Мухиддини ибни Араби, Нуреддин Батружи, Әбу Абдуллах бин Мұхаммед Куртуби т.б. секілді ғалымдар жетілді. 

e3db83860638a5099eb6bb101b432a00.jpg

Андалусияның соңғы дәуірінде халқы Исламның әмірлерінен алыстап, тіпті әһли сүннет сенімінен айрылғаны үшін Пирен тауларынан ары аса алмады. Тақ таластарымен ел ішіндегі бүліктер нәтижесінде 1031 ж ел бірнеше әмірліктерге бөлініп кетті. Христиан мемлекеттеріне бұл әмірліктерді жаулау қиынға соқпады. Бұлардың ішінен Бәни Ахмар мемлекеті ғана 1492 ж дейін өмір сүрді[1].

Дереккөз

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?