Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

«Мемориалды аймақ» іздестіру тобының бағытымен

1818
«Мемориалды аймақ» іздестіру тобының бағытымен - e-history.kz
Майдан Құсайынов 25 жыл бойы Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде құрылған «Мемориалды аймақ" іздестіру тобына жетекшілік етіп келеді.

Осы уақыттың ішінде аталмыш топтың бастауымен жүздеген жауынгердің мәйіті табылып, көпке дейін беймәлім болып келген есімдер анықталды. Оның сайыпқырандары жыл сайын Ленинград түбіндегі Синявский маңында іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл жерлерде 1941 жылы, Ақмолада жасақталған 310-дивизия шайқасқан еді. 1977 жылы Майдан Көмекұлы Құсайыновтың әкесі — 310-ші атқыш дивизияның полит орынбасары -1941 жылы Синявский маңындағы жерлерде жарақат алып, өз ұлынның оқуын аяқтау мақсатымен оны сол аймаққа жібергенде былай айтты: «Көп ойламай-ақ, сол жерлерге жүре бер. Сен кеткенше біз полктастарымызбен Синявский батпақтарының картасын сызамыз. Сен сол аймақтағы қаза тапқан солдаттарды таба аласың».

1978 жылдың көктемін күтіп алып, аспирант Құсаинов Синявинский батпақтарына барды. «Соғыс қазіргі кезге дейін-де жалғасуда екендігі үш ұйықтаса да түсіне кірмеген нәрсе болып шықты… Мұнда қаза тапқандардың ішінде жүз мыңнан астам адам болып, көптегендері бауырластар зиратында жерленген болатын. Бауырластар зираттары мен бейіттер жоғалтылған, өйткені олардың үстінде жаңа орман, шөп, неше түрлі, ағаштар өсіп кеткен болатын» деген Майдан Құсаинов. Өзінің «Мемориалды аймақ „Үміт“» кітабында ол былай жазады: «Синявинский батпақтардың кең аймағы -үлкен бауырластар зираты. Бізге осылай сияқтанды. Оның астыңғы қабаттарында 1941 жылдың қыркүйек, қазан айларында қаза болған солдаттар жатса, үстінде 1942 жылдың күз айларында ажалын тапқандар жатыр». Осылай әкенің өсиет сөзі Майдан Құсаинов үшін өмір парызына айналып кеткен: қаза болған кеңестік солдаттарды естерімізде мәңгі қалдыру мен жас қазақстандықтардың бойына отансүйгіштік қасиетін дамыту. Мұндағы ажалын тапқан солдаттардың үштен бірі -қазақстандықтар.

-Майдан Көмекұлы, сіздің жұмысыңыз бен «Мемориалды аймақ" іздестіру тобыңыз жайлы көптеген деректер жинақталған. Сіз өзіңіз-де бірнеше кітаптардың авторы болып, «Үміт» мемориалды аймағының құрылу тарихын керемет баяндап отырдыңыз. Дегенмен, сондай іздестіру жұмысыңыз неден басталатынын естерімізге түсірейік.

-«Мемориалды аймақ" деген ұғым 1980-ші ж. пайда болған.1989 жылы мен аспиранттардан тұратын алғашқы жасақ ұйымдастырып, онымен Синявинский биіктеріне келдім (Майдан Құсаинов ЛИСИ аспирантурасын бітіріп, Ақмола қаласына оралды; 80-ші жж. ортасында Кировский аймағына қайта келгенімен салыстырғанда, осындай соғыс болған жерлердің ахуалы бұдан әрі нашарлап кеткен). 1986 жылы шошқалар мәйіттерді қазып алып жеген. Басқа жағынан қарасақ, бұл жерлерді саябақшылар басып кете бастайды. Олар атаған жерлерді өздері жаулап алып, сол аймақта саябақтар мен басқа үйлер салған. Бұл қайғыла оқиға болды. Мен жергілікті өлкетанушы Борис Владимирович Неринскийді кездескенде, оның жылағанын көріп қалдым.
Бұл сұмдықты, ақтайтын тек бір ғана дерект болды: мәйіттерді жерлеу керек емес, өйткені мұнда сатқындықтар, Власов әскерінің екінші бөлігі ғана жердің астында жатыр. Ал шын мәнінде барлық солдаттар қару-жарықпен жатқан. Олар — қоршаудан шыға алған солдаттар.
Мұны көргенде, басыма бір ой келіп түсті: «Синявский батпақтарында іздестіру жұмыс ұйымдастыру — жақсы, адал іс болғанымен, сол жұмыстың өзі жеткіліксіз болады. Бұл жерде тек мемориалды аймақты ғана қалыптастырғанда, жердің астында мәңгілік ұйқыға кеткен солдаттар тышыштықта жата алады. Мен бауырластар зираттарын қалпына келтіру деген шешім қабылдадым. Сол уақыттағы осы жердегі бауырластар зираттарының саны елуден астам болды. Барлық жер снарядтармен қазып тастаған, алайда бірде-бір туысбауырластар қабірінің шекарасы көрсетілмеген. Ата аруағына қалай табынуға болады? Қанды соғыс болған жерлерде қаза тапқандардың жоқтығына қалай таңқалмай отырмыз? Өлгендердің туыстары атамекеніне оралмағандардың іздерін қай жақтан іздеуге мәжбүр болды? 1991 жылы мен мұрағат құжаттарымен жұмыс істей отырып, 50 бауырластар зиратының орнасқанын тауып алдым. Іздестіру тобын құрғанда сол кезде екінші курс студенті мен комсомол (Коммунистік Жастар Одағы) Комитетінің хатшысы Сергей Коршун қатты көмектескен болатын. Ауылдық жұмыстарда ол студенттерге «Барлық тапқан, ақшамызды жасақ мұқтаждықтарына берейік» деген ұсыныс жасадым. Бізге, ақша аударылды, осылай 30 адамнан тұратын жасақ пайда болды. Енді барлық мәселе жасаққа атауын беруде. Мен біздің жасағымызға «Мемориалдық аймақ" деген атауын қоюға ұсыныс жасадым. Кейбір адамдар сол атауға қарсы боп шықты, дегенмен бір айдан кейін осы атау бекітілген.».
1989 жылы біз Мәскеу қаласына ұшып кеттік. 25 жылдың бойында біздің іздестіру жасағымыз белсенді жұмыс істеген. Жыл сайын 30 адам мәйітерді іздеуге барып тұрады. Олардың ішінде студенттер-де аз емес. Жастар соңғы үш жылдың ішінде Синявинский биіктеріне бірнеше рет барып келген. Оқуды бітірген студенттер менімен байланысты үзбей, демалыс кезінде Синявинский биіктері мен батпақтарына келіп тұрады.
Бірнеше жыл бойына менімен бірге Алина Смагулова — командир орынбасары, Илья Кожущенко — дизайнер, барлық кітаптарымдағы мұқабалардың авторы, жасақтың құрамында 15 рет экспедицияға қатысқан суретші Виталий Федоров, 7 рет еңбек демалысының уақытын экспедицияға арнаған Сухин Сергей барып тұрады.
Соңғы жылдарда экспедицияға бару үшін университет тарапынан, ақша бөлініп жатыр. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің ректоры Сыдықов Е.Б. біздің жасағымыз үшін стратегиялық жоба ұсынды. Енді жыл сайын Ресейге экспедиция жасауымыз үшін 2 млн теңге — бюджет сомасы беріледі. 25 сәуірден 10 мамырға дейін біз экспедиция құрамында іздестіру жұмыстарымен айналысып жатырмыз.
Бірінші сапарымызда біз іздестіру жұмыспен белсенді айналысып, көптеген жерленген солдаттарды тауып алдық. Біз 110–120 мәйітті, ал Ресей жасақтарымен бірге есептегенде — 1500 адам таптық.
«Үміт» мемориалды аймағы осылай пайда болды: шайқас жерлерінде 237 адам жерлеген ресейлік іздестіру жасақ сол баурластар зиратында қазылып көмілген бағаналарды орнатты, ал жасақ мүшелері кетіп қалған. 1996 жылы осындай бағаналар түсіп кетіп, бұл зиратта жерленген адамдардың тізімі-де жоғалды. Біздің және әріптестеріміздің еңбегіміз бекер істелген жұмысқа айналғанды көргенде, жүрегімде өкініш пайда болды. Осылай «Мемориалды аймақ" қалыптастыру туралы шешім қабылдадым. Батырларды есте қалдыру үшін алғашқы орнатылған ескерткіш «Жұлдыздар-тырналар» деп атаған болатын. Ескертіштің бөлшектерін Астананың түкпір-түкпірінен әкеліп, оны балқытып біріктірген. Ескірткіштің бөліктерін біз пойызбен тасымалдадық, сондықтан шекараны өту үшін көп, ақша төлеп бердік.
Осы сапарымызды баяндайтын «Колокольный звон обелиска» атты әңгімем бар. Балқытып біріктірілген ескерткішті біз өздеріміз орнатқан болатынбыз. Бір кезде тарсыл-гүрсіл дыбыстар шыға бастады. Аңшылар баж ете қалды. Алайда, дыбыстың қайдан шыққанын мен неліктен пайда болғанын көріп, кешірім сұрады.
Біз 77 қазақстандықтардың (Ақмола қаласының тұрғындарының) есімдерін ойып тастап, кейін жол көрсеткішті баспадан шығардық. Мұнда барлық шайқастардың мен қаза тапқандардың жерлеу орындары көрсетілген.
Ресейлік жасақтармен салыстырғанда, жасағымыздың үлкен бір айырмашылығы көзге түсіп тұрады. Ресейліктер мәйіттерді қаптарға жинап салып, Синявинский биіктерінде оларды жерлейді екен. Біз солдаттарды жан тапсырған жерінде жерлейміз. Біздікі дұрыс деп санаймыз.
-Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай іс-шаралардың жоспарыңыз айтып берсеңіз…
— 2015 жылы әкімдік қолдауымен мен тарихи реконструкцияны (бірдемені негізінен жаңаша құру) жоспарлап отырмын. 18 сәуірде біз жаяу әскерлерді, ал 19 сәуірде 106-ші кавалерия дивизияның әскерін шығарып салу рәсімдерін өткіземіз. Мереке кезінде біз 1941 жылы айтылған әндерін естерімізге түсірімез деп жоспарлануда. Біз әскери киімдерді мен қылыштарды, пилоткаларды (әскери бас киім) сатып алып, 106-ші кавалерия дивизияның туыстарына беріп қоямыз. Осындай заттар қаза тапқандарды тірі адамдардың естерінде мәңгі қалдырады.
Менде төрт саябақтардың іргетасын қалыптастыру мақсатым да бар. Бұлар 310-ші, 387-ші, 29-ші мен 106-ші дивизиялар құрамына енген. Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Президентімізге хат жаздым, оған қаза болған адамдардың туыстары қолдарын қойған. Қазір хат әкімдіктің қолында. Құрастырған жоспарымыз бойынша әр дивизияға арналған өз саяжолын (аллеяны) саламыз. Сонымен қатар, мәрмәр тақталар да қойылған болады. Ұлы Отан соғысының батырларына (Қазақстанда осындай атаққа ие болған адамдардың саны: 16 адам) арналған бөлек саяжол салынады. Саяжолда барлық отырғызылған, ағаштар атаулы болады. Мұнан басқа, барлық ағаштар шайқас болған жерлерінен әкелген болатын деп жоспарлануда. Саябақ таңқалдырарлық болатыны сөзсіз. Осындай саябақты бұрын ешкім көрмеген. Балалар, немерелер өз бабаларының құрметіне, ағаштарды отырғызады. Бұл соғыстан оралмаған солдаттардың Отанға қайтып келуі екен.

Людмила Выходченко

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?