Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Кемел Ақышев атындағы музей-кабинет ашылды

3996
Кемел Ақышев атындағы музей-кабинет ашылды - e-history.kz
Аталған іс-шара әлемге әйгілі Есік қорғанынан табылған «Алтын адамды» тапқан ғалымның 90-жылдық мерей тойына орайластырылып отыр.

2014 жылдың 2 қазан күні сағат 11.00 Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Пушкин 11 көшесіндегі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми орталығы «Отырар кітапханасы» 102 аудитория) археология мектебінің негізін салушы Кемел, Ақышұлы, Ақышев атындағы музей-кабинетінің ашылуы салтанаты болып өтті. 

Шараға Қазақстанның белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері және тарих факультетінің оқытушылары қатысты. Олардың ішінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан  Қамзабекұлы мен белгілі ғалым, археолог Зейнолла Самашев, жазушы, филология ғылымдарының докторы Тұрсын Жұртбай, археологтар Жан Лука Бонора мен Дархан Байтілеу де болды.

566f1bc4acee4f484fc7d799fe4244e6.jpg

«Кемел Ақышұлының есімі біздің университетімізбен тікелей байланысты, өйткені ғалым өзі жұмыс істеген бұл оқу орталығының қабырғасында талай рет жүрген. Оның археология саласындағы зерттеулері, еңбек жолы, өсу, өркендеу белестері осы қаламен (Астанамен) тығыз байланысты.» деп, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің оқу-әдістемелік жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Дихан  Қамзабекұлы Кемел Ақышевті еске алды.

728c18c3bc6f68c2844cdf568089feed.jpg

Кабинеттің ашылуына ғалымның жұбайы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Марал Хабдуллина бастамашы болды. Ол Кемел Ақышевтің кейбір жеке заттары мен Алматы қаласынан әкеленген кітапханасын музей қорына тапсырды. Музейде ғалымның жұмыс күнінің теңдесі жоқ суреттемелері мен оның археологиялық жаңалықтарын дәлелдейтін дүниелер берілген.

Кабинет есігі студенттер, магистранттар мен докторанттар үшін  әрдайым ашық болады.

Кемел Ақышев атындағы мұражай-кабинетінің дәрісханасына униберситет қабырғасында оқитын кез-келген студент келе алады. Кабинет өте жақсы жабдықталған.

11049774f6cb844626983fde90a46add.jpg

Ғалым жұбайы, т.ғ.к., доцент Марал Хабдуллина 

39fbcb2dc013beee8d3a4c45b5548770.jpg

Ғалым кітаптары

90f846646375249f191231617b32af98.jpg

Кемел Ақышев атындағы музей-кабинеттің алғашқы келушілері.

Белгілі археолог-ғалым, Зейнолла Самашев: «Осы өтіп жатқан шараның маңыздылығын әр түрлі тұрғыдан қарастыруға болады. Біріншіден, университет тек білім ордасы ғана емес, бұл – тәлім-тәрбиеге баулитын мекеме, сондықтан ғұламаларымызды сыйлау, құрметтеу университет өмірінің бұлжытпас бөлшегі. Бұл кабинет ғылым ордасына айналатыны сөзсіз. "Қолда барда алтынның қадірі жоқ" дейді, Кемел ағамызды біз көзі тірі кезінде бағалай алмадық. Ал енді қазір ол кісінің қадірі біздің ғылыми ортада арта берері сөзсіз. Ұлы ғұламаларымызды сыйласақ, ғылымымыз жоғалмайды. Осы келіп отырған жастар сол кісінің ізбасарлары ретінде Кемекең ағаларыңдай болыңдар, үлкен жаңалықтар ашыңдар, елге қызмет етіңдер.Ғалым ағаларыңды құрметтеңдер, еліміздің тарихына өз үлестеріңізді қосыңыздар. Бұл мұражай-кабинеттің болашақта үлкен ғылыми орталыққа айналатынына сенімдімін» деді.

Кемел Ақышев атындағы музей-кабинеттің ашылуы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің барлық студенттері, оқытушылары мен Астана қаласының тұрғындары, қазақ археологиясы үшін де маңызды оқиғалардың бірі болды.

Людмила Выходченко

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?