Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Ақ Орда хандарының сыртқы саясатындағы Жетісу

1651
Ақ Орда хандарының сыртқы саясатындағы Жетісу - e-history.kz
XIII-XIV ғғ. Оңтүстік-Батыс Қазақстан мен Алматы қаласы. Алматы қаласының мыңжылдық тарихында ақ тап (зерттелмеген жер) қазіргі уақытқа дейін әлі көп.

XIII–XIV ғасырдағы Оңтүстік Қазақстан мен Алматы қаласы.

Сонымен қатар, тарихнама бойынша археология саласындағы зерттеулердің мен жазбаша түрде дереккөздердің алуан түрлілігінің арқасында Оңтүстік-Шығыс пен Оңтүстік Қазақстан мен Алматы қаласының пайда болуы мен өсуі VI–XII ғасырдағы ерте мен дамыған орта ғасырлардың мезгілімен тығыз байланысты.

Алматы қаласының ортағасырлық саяси тарихы Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен оның көптеген қалаларымен байланысты. Бұл ауқымды мен жекеленген тарихи-жағрапиялық облыс ортағасырлық тарихи әдебиетте «Жетісу» (әдебиеттің кейбір нұсқаларында Йедісу) деп атаған.
Транзиттік сауданың дамуы мен сауда жолдарының көбейіп кетуі елді мекендердің саны артады. Ірі қалалар Батыс-Түрік, Қарлұқ, Оғыз көшпелі мемлекеттердің саяси орталықтарына айнала бастады. Ірі саудагерлермен бірге көшпелі мемлекеттердің саяси орталықтарына көрші мен алыс елдердің елшілері мен дінге үгіттеушілер келе берген. Қалалар ортағасырлық діндердің ірі орталығына айналып кеткен.

Оңтүстік-Шығыс пен Оңтүстік Қазақстанның діндерінің алуан түрлілігі уақытпен бір ислам дінімен (Қараханид дәуірінде) алмасады. Ислам дінінің қабылдауы Қазақстан қалаларының өсіп келуіне мен сәулеттің өркендеуіне ықпал тигізеді. Ислам діні қалалардан далаға тарап кетеді. Ислам діні өмір сүру кезеңі қалалармен тығыз байланысты. Ірі қалалардың шетінде мен қаладан тыс өмір сүрген қарапайым халық тенгриандықты ұстаған. Қарлұқ-қараханид дәуірінде Оңтүстік-Шығыс Қазақстан жерлерінде, Алматы қаласының орында алғашқы қалалардың ошағы болған. Сол кезде қалыптасқан қалалар моңғол басқыншылығына дейін өмір сүрген. Тарихнамалық таптаурындарға қарамастан, XIII ғасырда көшпенділер (қарақытайлар) мен моңғолдардың келесі ірі шабуылдары қалалық өмір сүру ырғағына үлкен өзгерістер енгізбей, бұл қалалардың әлсіреуіне-де әсерін тигізбеді [1].

Қалалардың әлсіреуіне XIII–XIV ғасырлардың екінші жартысында әскери мен саяси оқиғалар әкелген болатын.
Жетісу Моңғол империясының үш ірі ұлыстың (Жошы, Шағатай мен Үгедей ұлыстары) шекарасына айналды. Ұлыстардың ордалары бір-бірінен алыс емес жерде орналасқан болатын: Шыңғыс ханның үлкен ұлының ордасы — Ертіс (бұрын Ертіш) өзенінің жағалауында, Шағатай ортаншы, ағасының ордасы — Ілі жағалауында, Үгедейдің ордасы — Тарбағатай тауларында. XIII ғасырдың екінші жартысының басында Моңғол империясында билік үшін күрес басталды. Оның салдарынан Моңғол империясы ыдырап кетті. 1359 жылы Мүнке қаған (Шыңғыс ханның немересі) өлімінен кейін моңғол, ақсүйектерінің үлкен бөлігі жаңа ханды сайлады. Сайлау Моңғол империясындағы дәстүрлерге қарамай өткен. Жаңа хан Мүнкенің ағасы — Хубилай хан болып тағайындалды. Көрге кіргенше Үгедей мұрагері (Шыңғыс ханның үшінші ұлы) оның қарсыласына айналды. Хайду иелігінің орталығы Жетісу жерлері болып есептеген. Кейбір дереккөздер бойынша Хайду сол жерлерде жерленген болатын.

Хайду мен Хубилай арасындағы көпке созылған соғыс пен Шағатайлардың өзара соғыстары Жетісудің әлсіреуіне әкеледі. Егін шаруашылығының ежелгі орталықтары мен қалалық мәдениеттің ошақтары жоғалып қала береді. Сол кезде Алматы қаласы да құлдырай бастады. Бұл мезгілден бастап, Алматы қаласы бұрынғы кездердей өскелең қала емес. Мирза Мұхаммед Хайдардың «Тарих и Рашиди» атты еңбегінде-де бұл қала жайлы бір-де бір ескерту кездеспеді [2].
Алайда, өмір тоқталып қалмаған… Алматы қаласының тұрғындары басқа қалалаларға көшіп, өз егін шаруашылығын бастады. Басқалар Алматы қаласында да өз егін шарушылығымен айнала бастады. Кейбіреулері қазіргі кезде көптеген көшпенділер сияқты өздері-де көшпелі өмір салтын ұстана бастады. Бұл мезгілдің саяси-әскери қиындықтарға қарамастан, Оңтүстік Қазақстанның қалалары қайтадан салынып, өркендей бастайды. XIV ғасырдың екінші жартысында Жетісуға мен Солтүстік Арал маңындағы жерлеріне, Шығыс Дешті Қыпшаққа Әмір Тимур шабуыл жасады. Бұл қайғылы оқиғалар Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақ тұрғындарын жақындатқан.
Жиырма жылдың ішінде Моғулстан әміршілері Әмір Тимурмен соғысқан, бірақ Моғулстан хандары мен бектері одақтастарды іздеуге мәжбүр болды. Тимурға қарсы күрес К. А. Пищулина шығыстану бойынша еңбегінде жан-жақты қарастырылған [3]. К. А. Пищулина көшпелілер арасындағы әлеуметтік байланыстарды зерттей отырып, Қазақ хандығының дәуіріндегі (XIII–XV ғғ.) Моғолстанды да зерттеген болатын.

Ақ Орданың әміршілері Тимурға қарсы одақ құру идеясын қолдаған. Ақ Орданың әміршілері Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақты біріктіру мақсатын көздеген. Олардың бірлескен саясаты Ұрыс хан мұрагерлерінің билеу кезінде, Керей мен Жәнибек хандарының тұсында жүзеге асырылды. К. А. Пищулина еңбектерінде Жетісу мен Шығыс Дешті Қыпшақтың этникалық аспекттері жан-жақты қарастырылып, толық зерттеген болатын [4]. Жетісу халқы этикалық, саяси мен экономикалық жағынан Моғолстанмен тығыз байланыста болса да, Шығыс Дешті Қыпшақтан тәуелді болатын. Сол кезде Шығыс Дешті Қыпшақ жерлерінде, Ақ Орда Жошы-Ордаидтері жоғарыла бастады. Сол кездегі дереккөздерде, Ақ Орда Үзбекстан мемлекеті ретінде әйгілі болған. Жәнибек мен Керей үзбек-қазақтарды басқарғанда ғана, Қазақ даласынан шайбанидтер қуып шығарылды. «Үзбек» термині қазақтардың этникалық жерлерінен шығып, Мавераннахр аймағында өз орынды өзіне сайлап қойған. Жаңа сыйлаған хандардың иелігі ортағасырлық әдебиеттерде Қазақстан ретінде таныла бастайды. Бұл жаңа құрылған мемлекет Ордаидтердың иелігін (Ақ Орда) мен Моғолстанның «қазақ" бөлігін (Жетісу) қоса отырып, өркендей бастады.
Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары. Қазақ хандығының алғашқы әміршілері Керей мен Жәнибек Ұрыс ханның мұрагерлері болған. Олар, Ақ Орданы біріктіріп, бұл аймаққа жаңа атауын беріп қойған.

Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары.

Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышарттары. Қазақ хандығының алғашқы әміршілері Керей мен Жәнибек Ұрыс ханның мұрагерлері болған. Олар, Ақ Орданы біріктіріп, бұл аймаққа жаңа атауын беріп қойған.
Жетісу аймағы Қазақ хандығына бірден қосылып кеткен жоқ. Қазақ хандығының алғашқы хандары Моңғолстанның батысында Шу өзені бойынан Қозыбаши деген жерге көшкен. Соған көптеген себептер әсер еткен. Біріншіден, Моғолстанның саяси жағдайы тәуір болғандықтан, сол мемлекеттегі билеген Шағатайлар қарсы болған жоқ.
Екіншіден, К. А. Пищулина көрсеткендей, «бұл аймақта тұратын түрік тайпалары туыстық қатынастарының маңыздылыған түсінген болатын».Үшіншіден, Батыс Жетісу өлкесін жаулап алу әрекеттері бұрын да жасалған болатын. «Ұрыс хан иелігіне Жетісу кірмеген» деп анық мәліметтерден белгілі.

Ұрыс хан белсенді саясатты жүргізген. Ішкі саясатта ол, Ақ Орда аймағын (Шығыс Дешті Қыпшақ) қайта құру мақсатын көздеген. Сыртқы саясатта Ұрыс хан екі әміршіге тойтарыс беріп тұрған: Батыста — Ақ Орда мемлекетіне қарсы, Оңтүстікте — Әмір Тимурға қарсы тұрған. Ұрыс хан билеу кезінде (XIV ғ. 60-70-ші жж.) Ақ Орданың құрамына Жетісу аймағы енген. Қадырғали Жалайыри «Жамиғат-тауарих» атты шығармасында сол кездегі оқиғалар туралы біраз мәліметтер келтірген. Оның деректері бойынша «Ұрыс хан иелігі Жетісу аймағында орналасқан. Бұл жер (Жетісу) өте құнарлы. Мұнда көптеген өзендер, ағып тұрады. Ескі Талас қаласы да Жетісу өңірінде орналасқан. Ескі Талас қаласы Отырар мен Сайман қалаларынан алыс емес. Ұрыс хан вилайеттері Шу, Талас, Исыккөл өзендерін өз көздермен көрген болатын. Ұрыс хан бұл құнарлы жерлерде көптеген жырлар бойы билеген» [5].

Қадырғали Жалайыри «Жамиғат-тауарих» атты еңбегінде былай жазылған: «Жетісудағы Ұрыс ханның қоныстары, Ақ Орданың батыс-шығыс бағытқа қарай кеңейе бастаған». Жетісу Ұрыс хан мұрагерлерінің сыртқы саясатында өз рөлін атқарған. Хайдар Дулаттың «Тарихи-и-рашиди» атты еңбегінде де Жетісу жайлы біраз мәліметтер келтірген болатын.
1378 жылы Тоқтамыш, Ақ Орда әскерлерін ойсырата жеңіп, Тимур-Маликті өлтірген. Эмир мен бектердің үлкен бөлігі жаңа ханды қолдаған. Жаңа ханды қолдамағандар Ұрыс ханды сатып жібермеген. Балтышақ Ұрыс хан үшін күрескен болатын, бірақ ханның бас әмірі Балтышақ дұшпанның қолына түсіп қалады. Құйыршық (туылған жылы белгісіз — 1395/96) — Ақ Орда ханы, Орыс ханның баласы Моғолстанға қашып кеткен Тоқтамыш қарсыластарынды басқарды. XIV ғасырдың 90-ші жж. Құйыршық Мавараннахр мемлекетінде билейтін Әмір Тимурға келіп, көмек сұраған болатын. Құйыршық хан, Ақ Орданы қайтармақшы болған. Сол кезде ол Жошылардың астанасын -Сарай қаласын жаулап алды. Әмір Тимур тақтан түсірілгеннен кейін ол да өлтірілген болатын… Құйыршық хан өлімінен кейін Барақ ұлымен басқаратын оның одақтастары Шығыс Дешті Қыпшаққа кетіп қалған.

XV ғ. 20-ші жж. Барақ Ақ Ордағы билікті бекітіп, мемлекеттің батысында (Поволжье) мен оңтүстігінде (Мавараннахр) соғыс бастаған. Ол батыс-шығыс бағыттағы Моғолстан жерлерін-де жаулап алмақшы болып, өз мақсатына жетпей, «белгісіз Махмұд Сұлтанмен» өлтірілген болатын. Сол қайғылы оқиғалар жайлы К. А. Пищулина жазған.
Барақ өлімінен кейін оның құзырындағы азаматтар Жәнибек ханына көшкен.
Мирза Хайдар жазғандай, «XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығы қалыптасу уақытында Шығыс Дешті Қыпшақты Абылқайыр хан басқарған болатын. Ол Жошыларға қысым жасаған, сол себептен Керей мен Жәнибек Моғолстан мемлекетіне көшті. Исан Бұға — Моғолстан билеушісі қашқандарды жақсы қабылдап алып, оларға Моғолстан мемлекетінің Батысын беріп қойған. Атап айтқанда, Шу мен Қозы Баши. Керей мен Жәнибек Моғолстанның бір шетінде билегенде, Абылқайыр хан өлімінен кейін Үзбек ұлысы әлсіре бастаған еді. Соның нәтижесінде көптеген адамдар Жәнибек пен Керей хандарына көшіп кетеді. Барлығы екі жүз мың адам көшкен».
Қазақ шыңғыстарының осындай әрекеттері Ұрыс хан кезіндегі қалыптасқан, ақ-ордалық хандарының негізгі қағидаттарын жүзеге асырған болатын.

Қ. З. Өскенбай

Пайдаланылған әдебиеттер:

[1] Бартольд В. В. Шығармалар. М., 1963. Т. 2, б. 1; Алматы қаласының тарихы. А., 2006.
[2] Қазақстан тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі уақытқа дейін). Бес томдық. Т. 2. А., 1997; ҚырғызССР тарихы. Т. 1. Ежелгі дәуірден XIXғ. ортасына дейін. Фрунзе, 1984; Қадырғали Жалайыри. Шежірелер жинағы. (Шағатай-қазақ тілінен аударып, алғы сөзін жазғандар Мингулов Н., Көмеков Б., Өтениязов С.). А., 1997; Мингулов Н.Н. Ақ Орда зерттелу тарихындағы кейбір сұрақтар // Феодализм дәуріндегі Қазақстан (Тарихтың этносаяси мәселелері). А., 1981.
[3] Пищулина К. А. XIV-XVI ғасырлардағы Оңтүстік Шығыс Қазақстан (саяси мен әлеуметтік-экономикалық тарих сұрақтары). А., 1977.
[4] Қазақ хандықтары бойынша материалдары. XV–XVIII ғғ. (түрік пен парсы шығармаларынан алынған). Құр.: Ибрағимов С.К. , Мингулов Н.Н. , Пищулина К.А., Юдин В.П. А., 1969.
[5] Сыздықова Р.Г. Қадырғали Жалайыри «Жамиғат-тауарих"еңбегінің тілі. А., 1989; Сыздықова Р., Қойгелдіев М.Қ. Қыдырғали би Қосымұлы және оның жылнамалар жинағы. А., 1991.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?