Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанда ашылған жеті археологиялық жаңалық

3469
Қазақстанда ашылған жеті археологиялық жаңалық - e-history.kz
1969 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстанның Қызылқұмдық ауданында Отырар қаласында археологиялық қазындылары жүргізілген.

Отырар қаласы

d526c1d7a6b785d6beb1b18c88ec30cf.jpg

1219–1220 жж. Отырар қаласына Шыңғыс хан әскерлері шабуыл жасаған болатын. 1405 жылы бұл қалада басқыншы Әмір Темір қайтыс болды. Отырар қаласы арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, сондықтан қаланың атауын кез-келген ортағасырлық араб, парсы кітаптарында кездестіруге болады. XIV —XV ғасырлардың басында Қазақстан жерлерінде ең ірі мен маңызды құрылыстарының бірі — Отырарлық мешіт. Отырарлық мешітті салуына үлкен үлес Әмір Темір қосқан. Оның көмегі арқасында Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Арыстан баба мазары салынған болатын.

Ақыртас сарайы

«Ақыртас» сарайы Жамбыл облысы, Тараз қаласынан 45 шақырым жерде орналасқан. Ақыртастың зерттелу тарихы 130 жылдан астам жалғасып келеді. Ғалымдардың ішінде Ақыртастың арналуы мен салыну тарихы жайлы бір ортақ пікір жоқ.
Ақыртас әр кезде аңызға айналған қала боп есептелген. Археологиялық қазындылары қазіргі уақытқа дейін де жалғасуда.

Ақыртас әр кезде аңызға айналған қала боп есептелген. Археологиялық қазындылары қазіргі уақытқа дейін де жалғасуда.

724a9607ea09e618a760d227a024d5dd.jpg

Тамғалы петроглифтері

165764762de6b3b0e838e51d0908360b.jpg

Тамғалы шатқалының тастағы суреттер галереясын 1957 жылында Қазақстанның тұңғыш кәсіби археологы Анна Георгиевна Максимованың жетекшілігімен Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тарих және археология институтының Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясындағы Жетісу отряды ашқан. Тамғалы петроглифтері Алматы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 шақырым жерде табылған. Ескерткіш құрамында мекендер, мазарлар, тас қашалған орындар, петроглифтер галереялары және діни құрылыстар (құрбан шалынатын жерлер) бар. Тамғалы петроглифтері түрлі кезеңдегі жүзге тарта ескерткіштерден тұратын қорық бірегей археологиялық кешен болып табылады.

Петроглифтер мерзімі б. э. д ХIY ғ., б. э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанына дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды.

Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифтер бар, жалпы Тамғалыда 5 000 суреттей бар.

Есіктен табылған «Алтын адам»

28a3452780a45496c8139ffdd521e916.JPG

1969 жылы археологтар Кимал Акишев жетекшілігімен Алматы қаласынан батысқа қарай 50 км  шақырым жерде орналасқан ірі ескі қорғанды қазып ашты. Иссық қорғаны жерлі ірі пирамидалардың кешенінде табылғын. Бұл кешеннің құрамында барлығы: 45 пирамида. Қорғанның биіктігі 6 метр құрайды. Басқа қорғандармен салыстырғанда, Иссық қорғанын аласа деп айтуға болады. Өзге қорғандардың биіктігі 15 метр құрайды. Басқалар қорғандар сияқты бұл Иссық қорғаны ежелгі кездерде тонап кетілген. Алайда тонаушылар қорғанның бүйір жағында жерленген алтын адамды байқамай қалып, оның моласын тонап кете алмаған еді. Қазіргі ғылымда табылған өлік «Иссық алтын адамы» ретінде танымал. Қорғанда жерлеген адам шын мәнінде де алтын болып шықты. Жерлеу бөлмесінде археологтар төрт мыңнан астам алтын бұйым – сақиналар, мүсіншелер, бас киімдер мен киімдер, қаңылтыр белгілер табылған. Жерлеу бөлмесіндегі еденде ағаштан, саздан, күміс пен қоладан жасалған су құюға арналған ыдыстар да табылған. Есік қорғанынан табылған алтын адам басындағы  бас киім мен үстіндегі киімі әжеп­тәуір, қылышы, сүйегі сол қалпы жақсы сақ­талған. Бәрі де алтын зерлі.

Берел қорғандары

a4529528a99d8af5de8ba2d8743bdf91.jpg

Берел қорғандары— сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш. Шығыс Қазақстан облысы Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 — 8 шақырым жерде орналасқан. 1998 жылы археологтар Ә.Марғулан атыдағы археология институтының Зейнолла Самашев жетекшілігімен Берел қорғандарын ашқан.

Бұл ескерткіш біздің заманымызға дейінгі IV ғасырға тисілі болған. Берел қорғандарында киім, ат әбзелдері, ағаш бұйымдары, ер тоқым, тері мен киізден жасалған заттар шірімей жақсы сақталған. Қорғаннан табылған заттар Берел қорғанын әлемге танытып үлгерді. Көптеген алтын бұйымдармен бірге қорғанда ат әбзелдері (барлығы 13 ат) табылған. Берел қорғанында табылған аттар 2500 жыл бұрын өмір сүрген. Берел қорғанның ерешке құрылысының арқасында жас ет пен қол өнері өте жақсы сақталған. Қазіргі уақытқа дейін сақ дәуіріндегі шеберлердің сырлары ашылмаған болатын. Шеберлер алтын бұйырымдарды жасалу технологиясын керемет білген. Олар күміс тірегіне алтынды салып, ақ алтынды жасап шығарған. Қазіргі уақытта ақ алтын жасауда электролиз әдістері қолданылады.

Ботай қонысы

8c150444f613a61669c63b2c7b1cbd5e.JPG

1980 жылы Виктор Зайберт археологиялық Ботай ескерткішін ашқан. Ботай ескерткіші Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан.  Ботай қонысы тарихында 250-ден астам үй болып салынған. Археологиялық қазындыларының алғашқы күнінен бастап ғалымдар көптеген ат сүйектерін тапқан. 133 мыңға жуық ат сүйектері зерттелген. Күтпеген нәтиже бүкіл әлемді таңқалдырған болатын: Ботай аттары аттардың ешқандай түрлеріне жатпаған. Осылай ғалымдар келесі қорытынды жасады: Қазақстанда, нақтылап айтқанда, Ботай қонысында, тұңғыш рет адамдар атты қолға үйреткен. Бұл өрісте жүрген жабайы аттар емес болып шықты. Адам атты қолға үйретіп, оны үй шаруашылығында пайдаланып, аңшылыққа аттылы шыққан. Бұл әлемдегі жаңалық болды, өйткені «адам атты кеш қолға үйреткен» деген пікір қалыптасқан болатын.

«Алтын ханшайым»

5ccf255fc07714f85300101aeeaf5b63.jpg

2012 жылы Мұрат Садықов жетекшілігімен Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында әйгілі әйелдің жерлеу орны табылған болатын. «Бұл ескерткіш Қазақстандағы ең ірі қорғандардың бірі есептеледі» деген пікір дәлелденген болатын. Лабораториялық зерттеулердің нәтижесінде қорымның біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырларға жататыны анықталды. Қорғанда 119 алтын бұйым табылған. Мұндағы ерекше бұйымға бұрын өзіне ұқсасы кезікпеген алтын тарақ жатады. Тарақтың бетінде сол замандағы сақтар мен парсылар арасындағы шайқастың көрінісі бейнеленген.

Бұл ерекше тарақта б.з.д. І мыңжылдықта болған ахменид Иран мен көшпелі Даланың арасындағы соғыс бейнеленген. Қорымнан аттың ауыздығы, тұрмыстық заттар, сондай-ақ әшекелер табылған.

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?